В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null Шахтер жарының сыры

26.08.2016

Қарау саны: 0

Біз үшін Шахтер күні үнемі нағыз отбасылық мереке болып келген. Бұл кәдімгі салтанат. Мен міндетті түрде кең дастарқан жайып, әдемі асжаулық жаямын. Бұл күні үйдегі бар дәмдінің бәрі үстелге қойылады! Олегтің сүйікті тағамы – мантыны да міндетті түрде пісіремін. Біздің шахтер болғанымызға 32 жыл толды.

Басқа шахтерлердің жұбайларына қарағанда мен дайын шахтерді кездестірдім. Біз танысқан уақытта Олегтің жер астындағы жұмыстың 10 жылдық өтілі бар тұғын. Өзім болсам, шахтердің жары деген тағдырымды құрметпен және ілтипатпен қабылдадым. Қорғаным, қамқоршым, асыраушым деп ер адамға көптеген теңеулер айтуға болады. Менің Олегім осының бәріне лайық жан.

Біз көптеген отбасылар сияқты қарапайым шахтерлік отбасымыз. Біз, яғни шахтерлердің жарлары, ерлерімізді жұмысқа шығарып салғанда қаншалықты уайымдайтынымыз, олар жұмыста қалғанда әрбір минуттың ғасырға тең екені туралы ұзақ уақыт айта аламыз.

Әрине,  үлкен тәжірибе мен көп жылғы еңбек өтілі оның кәсіпқойлығының көрінісі.  «Мен оны (шахтаны) естимін» дейді ол. Ал мен болсам, ол жұмыста кідірсе, орын таппай, алаңдаймын. Қанша рет оған білім алып, мансап жолын қууды ұсындым. Олег болса, күлімдеп «мен шахтермін!» деп, өз айтқанынан тайынбайды.

Шахтердің жұмысы әрдайым күрделі де, қауіпті болған. Мен сүйіктімді жұмысқа шығарып салғандағы міндетті салтым бар. Ол кетіп бара жатқанда терезеден ұзақ уақыт қарап, дуғамды оқып тұрамын. Меніңше көптеген шахтерлердің жарларында, менің тағдырластарымда, өздерінің салттары бар.

Светлана Морозова,

Орлов шахтасының бригадирі Олег Морозовтың әйелі (Кенші даңқы орденінің толық кавалері, 2016 ж.)

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items