В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Семей қаласындағы спорт нысандары

06.10.2016

Қарау саны: 26

; assetEntryID = 714890

KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы спорт нысандарының құрылысына 861 млн теңгеден астам қаржы бөлді. 

Компания тарапынан «Шығыс Қазақстан облыстық арнайы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің жанындағы спорт интернатының жатын ғимаратының құрылысына 531,3 млн теңге бөлді. Ғимарат жалпы сыйымдылығы 200 орын (оның 41 орны қыздарға арналған оқшауланған секцияны құрайды) болатын 4 қабаттан, сонымен қатар 96 адамға арналған асханасы бар қосымша бір қабатты ғимараттан тұрады.Топ бөлген қаражат аясында негізгі ғимарат пен асханаға қажетті барлық жабдықтар мен жиһаздар орнатылған. 

Спорт интернатының жаңа ғимаратында балаларға барлық жағдай жасалған. Мұнда демалыс және сабақ оқуға арналған бөлмелер, тұрмыстық, жуыну, киім жуу, кептіру, үтіктеу, аяқ киімді тазалау және кептіру бөлмелері бар. Сонымен қатар профилактикалық іс-шараларға және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті замануи медициналық жабдықтармен  қамтылған медициналық блок та қарастырылған, оқшаулау палатасы бар. 

Компания тағы 329,9 млн теңгені спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимаратының құрылысына бөлді. Бұл нысан да барлық қажетті жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етіледі.  

Соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items