В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Сауатты сервис - кәсіпорынның тұрақты жұмысының кепілі

21.09.2016

Қарау саны: 23

; assetEntryID = 715714

KAZ Minerals Тобының құрамында мердігерлік ұйымдардың бірінің негізінде құрылған «KAZ Minerals Service» ЖШС жұмыс істеп тұр. Жаңадан құрылған компанияның бас директоры Айнұр Шманов кәсіпорын жұмысының ерекшеліктермен бөлісті. Оның негізгі мақсаты тау-кен жабдықтарының апаттық тұрып қалуын азайту және сапалы қызмет көрсету. 

Қазіргі уақытта компания құрамында 469 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көп жылғы еңбек өтілі бар адамдар. KAZ Minerals Тобы басшылығының келісімімен 2015 жылы құрылған сервистік компанияның басқармасына 5 маман тартылды. Олардың түрлі тау-кен компаниялар мен тау-кен жабдықтарын өндіруші Sandvik, Caterpillar сияқты компанияларда 20 жылға жуық тәжірибелері бар. 

«Біз "Шығыстүстімет" ЖШС үш өндірістік кешенінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрине, қиындықтар кез-келген жұмыста болады. Егер ештеңе істемесең ғана қиындықтар болмайды. Олардың бәрін жұмыс барысында шешуге тырысамыз. Бір нәрсені түсінгеніміз абзал - жөндеу жұмыстары үңгу жұмыстары немесе бекіту сияқты тау-кен саласының маңызды, әрі ажырамас бөлігі. Техника болғасын ол сынбай тұрмайды», - дейді Айнұр Шманов.   

Сервистік компания "Шығыстүстімет" ЖШС басшылығымен және кәсіпорын басшыларымен бірлесе отырып, апаттық тоқтауларды азайту, соның нәтижесі ретінде тау-кен техникасын жөндеуге кететін шығындарды төмендету бағытында жұмыс істеп отыр. Бүгінгі күні «KAZ Minerals Service» ЖШС қызметкерлері Sandvik, Caterpillar, Atlas Copco өндірушілерінің 107 дана техникасына қызмет көрсетеді. 

KAZ Minerals Service директорының айтуынша кез-келген сындарлы сын қызметті жақсартудың мүмкіндігі. «Біз жұмысымызға кедергі келтіруі мүмкін барлық мәселелерді ескеруге тырыстық. Компания жұмысын бастай сала автокөлік паркі, егеу және балқыту станоктары, пресс-станоктар, қол саймандар, IT-жабдықтар мен ақпараттық технологиялар жаңарды», - деп атап көрсетті Айнұр Шманов.   

Өндіруші-зауыттардың дилерлері тез және қолайлы логистика мақсатында өзінің консигнациялық қоймаларын (қосалқы бөлшектер мен майлар) Усть-Таловка мен Жезкенттегі өндірістік алаңдарда ашқан. Бұл арқылы KAZ Minerals Service қоймалық қалдықтары азайып, қосалқы бөлшектерді жеткізу уақыты қысқарады. 

Жөндеу саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында гидравлика маманы, электрмеханик сияқты бағыттарда түрлі тренингтер өткізіледі. Sandvik, Caterpillar, Atlas-Copco сияқты өндірушілер тарапынан теориялық және практикалық оқыту жүргізіледі.  

Тау-кен техникасын жөндеу шығындарын азайту мақсатында жеткізілетін техниканың негізгі брендтері бойынша Reman бағдарламасы енгізілді. Усть-Таловка және Жезкент кенттерінде  САТ Reman бағдарламасы бойынша оқыту жоспарланған.  Жұмыстар жүріп жатқан барлық учаскелерде өндіруші фирмалардың өкілдері бар. Олар жөндеу жұмыстарына тікелей қатысады. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items