В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Орын басуға дайынмын

05.03.2018

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 698372

Бір жыл бұрын KAZ Minerals Тобында Негізгі лауазымдарға кадрлық резервті қалыптастыру бағдарламасы іске қосылды. Топтың компанияларындағы жоғары тұрған негізгі лауазымдарға резерв ретінде қызметкер 232 адам таңдап алынды. Олардың арасындағы 24 қызметкер 2017 жылы мансап жолымен жоғарылап үлгерді.

Кадрлық резерв бағдарламасына оқыту мен дамудың күрделі жолынан өтіп, кәсіби өсімге және мансаптағы жаңа мүмкіндіктерге дайын тиімді және әлеуеті жоғары мамандар ғана енеді. Бағдарлама аясында резервтегі маманға тиісті лауазымда жұмыс істейтін қызметкер тәлімгер болады. Резервтегі маманның дайындығындағы табыс тәлімгерге байланысты. Себебі, біліммен, тәжірибемен тиімді түрде бөлісу оңай шаруа емес. Оқыту бағдарламасы резервтегі әрбір маманға сай жеке таңдалып, үмітті лауазымның кәсіби ерекшеліктері ескеріледі.  Ол дамытудың жеке жоспарында бекітіледі.

«Біз өзіміздің жоғары қабілетті мамандарымызды дайындауға мүдделіміз. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, көбінесе негізгі лауазымдарға үміткерді таңдағанда барлық талаптарға сай маманды таңдау қиынға соғады. Екіншіден, Топтың кәсіпорындарында жұмыс істейтін командалар өздерінің құрамы жағынан бірегей. Мұнда түрлі елдерден жиналған кәсіпқойлар жұмыс істейді. Сол себепті біз білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етіп, оларды компанияда сақтауымыз қажет. Өткен жылда үлкен жұмыс атқарылды және біз алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз – резевтегі әрбір он адамның ішіндегі біреуі алғашқы жылдың өзінде қызмет бабымен өсті», – дейді KAZ Minerals Тобы оқыту және дамыту қызметінің бастығы Оксана Омельченко.

Бағдарлама аясында кәсіби білімдер және дағдылармен қатар, жеке тиімділік пен басқару дағдылары да шыңдалады. Бағдарламадағы табысты оқытудың басты талаптарының бірі – практикалық іс-әрекет. Яғни, резервтегі мамандардың нақты өндіріс жағдайында өздерінің құзыреті мен білімдерін қолдануы маңызды.

Қызметкерлердің еңбегі мен жетістіктерін тану бағдарламасының «Кәсіби даму» санатында Кадрлық резерв бағдарламасына қатысушыларды мыс белгішелерімен марапаттау көзделген. Бағдарлама аясында оқыту мен дамуды сәтті аяқтау резевтегі әрбір маманға бір-бір мыс белгішеден алып келеді. Сонымен қатар, Кадрлық резерв бағдарламасы аясында арнайы номинацияларда үздік тәлімгер мен резервтегі үздік маман таңдап алынады. Олар 4 мыс белгіше алуы мүмкін.

 

Топтың HR-жобалары бойынша аға маманы

Людмила Ли, Алматы

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items