В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Мобильді зертхана

09.02.2017

Қарау саны: 27

; assetEntryID = 709479

Кеннің құрамын қалай анықтауға болады? Зертханадағы ізденістер арқылы. Кейде тәжірибелі геологтың болжамына сүйенуге болады. Олар кейде кеннің түріне қарап-ақ анықтай алады. Бірақ арнайы құралдарды да пайдалану керек.

Осындай бір ғажайып құралдардың бірі - дала рентгенрадиометриялық құралы. Ертіс шахтасында геологтар мен геофизиктер оның РПП-12 деген түрін пайдаланады. Оның құрамына ионды сәуле шашатын  ПЛУТОНИЙ-238 XPU8 де кіреді.

Аталмыш құралда датчик, тіркеу құрылғысы, сыртқы батареясы және штангасы бар. Бұл құрал арқылы қазбадан сынама алмай-ақ негізгі кен құрамдастарын анықтауға болады. Осының арқасында кен қазу процессін басқарып, қызметкерлердің жарақаттануын барынша азайтуға болады. 

Қазба кенді шығаруға дайындалғаннан кейін үш жерден үз нүкте таңдалып алынады - қазбаның сол, оң қапталы мен ортасынан. 1 шаршы метрден 5 нүкте алынады, ал кеніштен орта есеппен 45 нүктеден түсірілім жүргізіледі. Датчиктегі мәліметтер құралға қосылған ұялы телефонға келіп түседі. Ал келген ақпараттың негізінде қазбадағы металдардың орташа үлесі шығарылады. Осылай тауарлы кендегі металдардың құрамы анықталады. 

«Құралды пайдалану кеннің құрамындағы металдарды анықтауға кететін уақытты айтарлықтай қысқартады. Айталық, дәстүрлі әдісті пайдалансақ, екі күн уақыт кетеді. Сынама алушылар сынама алады, кен ұсақталады, содан кейін кен зертханада жеткізіледі. Ал жаңа құрал арқылы алынған мәліметтерді зертхананың мәліметтерімен салыстырғанда нәтиже үнемі бірдейі болып шығады. Болашақта біз өзіміздің ескі жабдықтарымызды осы сияқты жаңа құралдармен алмастырамыз деп сенемін», - дейді  Ильяс Скатов, ЕӨК инженер-геофизигі.

Әзірге Ертіс шахтасында мұндай жалғыз ғана құрал бар. Сондықтан кен қазатын үш учаскеде (15 қазбаға жуық) оны кезекпен пайдаланады. Қалған уақытта жұмыс дәстүрлі зертханалық әдіспен жүргізіледі.

 

Жанна Мұзапарова

Алтайский кенті

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items