В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Мені ұсынды

13.11.2017

Қарау саны: 58

; assetEntryID = 699170

KAZ Minerals жұмыскерлері қызметкерлер құрамын жалдау үрдісіне қатысуға мүмкіндік алмақ. Бұл ретте, мұны ресми әрі жария тәртіппен орындау көзделуде, есесіне жұмыс іздеушілерді сәтті еңбекпен қамтығаны үшін компанияның алғыс хатына ие болмақ. KAZ Minerals тобында компанияның ағымдағы жұмыскерлерінің ұсынысы бойынша адамдарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі тұспалданатын рефералды бағдарлама іске қосылды.      

Бағдарламаның ерекшеліктері туралы KAZ Minerals Тобының қызметкерлер құрамын іріктеу жөніндегі менеджері Елизавета Глазкова былай дейді:

Ашық вакансияларға үміткерлерді іздеу үшін көптеген арналар, атап айтқанда компанияның ресми сайтындағы, арнайы Интернет-ресурстардағы жарияланымдар қолданылады. Сондай-ақ, біз бос орындар туралы Ақтоғай мен Бозшакөлдегі қызметкерлер құрамын іріктеу жөніндегі аймақтық кеңселерге, жұмыспен қамту орталықтарына хабар береміз, корпоративтік электрондық поштадағы хаттарға жауап қайтарамыз. Біздің саланың өзіндік ерекшеліктерін ескерсек, кей кездері бізге іздеуге арналған ашық дереккөздерден лайықты маманды табу қиынға соғатыны анық. Компания қызметкерлерінің осыған ұқсас кәсіпорындардағы тәжірибесі мол болғандықтан, тап осы қызметкерлер жақсы мамандарды білуі және оларды бізге ұсынуы мүмкін. Кейбір жағдайда қызметкерлердің ұсыныстары осындай жұмыс іздеушіні табудың бірден-бір тиімді құралы болуы мүмкін.

Алайда бұл ретте, мұндай ұсыныстарға қатысты пікірдің әлі де бірізді еместігін мойындау керек, осы тұрғыдан мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін немесе адамдар өзге бір адамды ұсынуға күмәнмен қарап, мұны әдеттен тыс және ережеден алшақ деп жатады. Сондықтан біз осы мәселені нақтылауды ұйғарып, ұсыну үрдісін ашық әрі қарапайым қылуға талпындық.

Мұндай тәртіппен ұсынудың артықшылығы неде?

Бір сағаттық сұхбат кезінде үміткерді түгелдей сипаттап үлгеру, оның практикалық дағдыларын бағалау мүмкін емес. Егер компанияның қызметкері өзінің бұрынғы әріптесін немесе танысын ұсынатын болса, мұндай ұсыныс біз сеніммен қарайтын адам тарапынан беріліп тұрғандықтан, осы сәттен бастап-ақ біз оның дағдылары айтарлықтай жоғары деңгейде деген ой қорыта аламыз.

Ағымдағы уақытта жалпы жұмыс іздемей жүрген және өзінің түйіндемесін жарияламаған үміткерлер де ұсынылуы мүмкін. Мұндай үміткерді жұмысқа тарту үшін рекрутер оны іздеу, көндіру, онымен келіссөз жүргізу мақсатында көп уақыт жұмсайтыны түсінікті. Ал біздің әріптесіміз мұны өзінің арналары арқылы жылдамырақ әрі тиімдірек орындай алады.

Рефералды бағдарлама іске қосылған компаниялардың статистикасына сүйенсек, мұндай тәртіппен ұсынылған үміткерлер кәсіпорынның өзіндік мәдениетіне оңай сіңісіп, компанияда ұзақ уақыт еңбек етуге қауқарлы болады.

Кімді ұсына аламын?

Біздің жұмыскеріміздің пікірі бойынша Топ кәсіпорындарының кез келгенінің ашық бос орындарының біріне лайықты кез келген маманды ұсына аласыз. Компанияның ашық бос орындары әдетте ішкі Share Point порталының «Вакансиялар» қосымша бетінде (назар аударыңыз – ресурсқа тек корпоративтік желі ішінде ғана қол жеткізуге болады), kazminerals.com сайтында және компанияның hh.kz сайтындағы парақшасында жарияланады.

Үміткерді қалай ұсына аламын?

Барлық ұсыныстар тек Share Point порталы («CV ұсыну үлгісі» қосымша бетін қараңыз) арқылы ғана қабылданады. Қысқаша үлгіні толтырып, үміткердің түйіндемесін тіркеу қажет (назар аударыңыз – ресурсқа тек корпоративтік желі ішінде ғана қол жеткізуге болады). Жібергеннен кейін Сізге ұсынылған үміткерді қарау мәртебесі туралы ақпарат беріледі.

Егер Сізде корпоративтік Интернет-желіге қол жеткізу құқығы бар тұрақты компьютер болмаса, өзіңіздің тікелей жетекшіңізден оның Сіз үшін үлгіні толтыруын сұрай аласыз.

Үміткерлерді ұсынғаным үшін маған не үстеледі?

Егер Сіздің ұсынысыңыз бойынша келген адам сұхбаттасудың барлық кезеңдерінен өтіп, міндетті сынақ мерзімі (3 ай) аяқталған соң жұмысқа қабылданатын болса, бұл ұсыныс «тиімді» деп есептеледі. Бұл нені білдіреді? Біз қажетті кәсіби маманды ұсынған жұмыскерлердің еншісіне жазылатын балдар жүйесін ойластырдық. Осыған сәйкес, сәтті ұсынылған жұмысшы үшін 1 балл, маман/ инженер/үйлестіруші үшін 2 балл, жетекші/бастық/директор үшін 3 балл беріледі.

Осы балдардың барлығы жылына бір рет, желтоқсан айында есептеледі. Бағдарламаның қорытындылары бойынша компания жұмыскерлерінің арасынан үздік шыққан ұсынушылар келесі түрде ынталандырылатын болады: 

3-5 балл

  • e-mail бойынша (корпоративтік хабарлама тарату) алғыс хат жолданады

6-10 балл

  • kazminerals.info сайтында ұсынушының фотсуреті мен алғыс білдірілген материал жарияланады  
  • «Корпоративтік жобалар» санатында 1 мыс белгі табысталады

10 балдан артық

  • «Жыл ұсынушысы» мәртебесі беріледі
  • Корпоративтік газетке материал жарияланады
  • Топ Басқармасы Төрағасының алғыс хаты табысталады
  • «Корпоративтік жобалар» санатында 3 мыс белгі табысталады

Үміткер ұсынылғаннан кейін қандай кезеңдерден өтеді?

Ұсынылған үміткерлер кез келген өзге дереккөздерден іздестірілген үміткерлер өтуі тиіс кезеңдерден өтеді. Яғни, оларды да түйіндеме бойынша бастапқы іріктеу, тестілеу, сұхбаттасу және Қауіпсіздік қызметінің тексеруі кезеңдері күтіп тұрады. Ұсынған үміткерді іріктеу үрдісіне ұсынушының өзі қатыса алмайтындығын ескере кету керек.

Ұсыныстан қандай себептермен бас тартылуы мүмкін?

  • Егер үміткер тиісті бос орынның қызметтік талаптарына сәйкес келмесе;
  • Егер үміткер қызметкерлер құрамын іріктеу кезеңдерінің бірінен өте алмаса;
  • Егер үміткер компанияның қызметкері болып жұмысқа орналасқанымен, сынақ мерзімінен өте алмаса немесе онымен арадағы еңбек шарты ұзартылмаса.

Қызметкер ұсынған үміткерлер қалай есепке алынады?

Ұсынылған үміткерлердің барлығын біз ұсынушының аты-жөнін және үміткерді қарау мәртебесін көрсету арқылы арнайы дерекқорда сақтаймыз.

Егер ұсыныстан бас тартылса, біз бұл туралы ұсынушыға хабарлаймыз, бұл ретте үміткердің деректерін оларды кейіннен қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аталған дерекқорда сақтаймыз.

Ұсыныс тиімді болған жағдайда да, бұл туралы ұсынушыға хабарлаймыз, оған балл үстейміз, бұған қоса, жоғарыда көрсетілген ынталандыру шарттарына сай келіп жатса, оған кейіннен бұл туралы ескертеміз.  

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items