В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Машина жасаушылар

23.09.2016

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 715591

Машина жасау - ол автокөліктерді, әскери техниканы немесе басқа да өзі жүретін техниканы құрастыру деген пікір бар. Шындығына келсек, машина жасау дегеніміз - ол станоктар, жабдықтар, ядролық реакторлар, ғарыш кемелері, сүңгуір қайықтар, тіпті шаңсорғыштар мен кір жуу машиналары. Машина жасаушылар күні - бұл экономиканың машина жасау саласында қызмет ететін барлық жұмысшылар  мен инженерлердің мерекесі.

25 қыркүйекте "Шығыстүстімет" ЖШС жөндеу-механикалық цехтарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелері - Машина жасаушылар күнін атап өтті. 

«Жөндеу-механикалық цехтар стандартты емес, жеке жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен механизмдерді жасайды. Бұлардың бәрі біздің кәсіпорындардың жұмысында пайдаланылады», - дейді Юрий Фомкин, Жезкент жөндей-механикалық цехының (ЖЖМЦ) бастығы.

Қазір цех өнімнің үлкен түр жинағын өндіреді. Олардың ішінде түрлі біліктер, төлектер, жалғыстырғыштар, тегершік, тістегеріштер бар. Сонымен қатар цех бұрандаларды, сомындарды, шайбаларды және тағы басқа бөлшектерді шығарады. Сондай-ақ, мұнда тұрақты жабдықтар мен шахталық көліктердің тораптары мен бөлшектері қалпына келтіріледі. 

«Біздің мамандар түрлі өлшемдегі аркалы бекіткіштерді, арматуралы торларды, байыту фабрикасына арналған жабдықтарды, шахта мен фабрикаға арналған түрлі метал құрылғыларын жасайды», - дейді Юрий Зиновьевич.

Жөндеу-механикалық цехтар жәй ғана слесарлық  немесе метал жону бөлімшелерінен толыққанды кәсіпорындарға айналғалы қашан. Қазір бұл цехтар тау-кен техникасына арналған бөлшектерді жасауға тапсырыстар алатын деңгейге жетті. Жезкент жөндеу-механикалық цехы Cat 1300 тиеу-жеткізу машинасының шөмішін жасағанын мақтан тұтады. 

«Cat 1300 - Орлов шахтасындағы негізгі техниканың бірі. Сол себепті машинаның қосалқы бөлшектерін жасау немесе техниканы жөндеу қажеттілігі үнемі туындайтыны таңқаларлық жағдай емес. Жақында біз шөміштерді жасауға тапсырыс алдық.  Айта кететін жәйт, біздің шөміштер басқа ұйымдардан қарағанда әлдеқайда арзанға түседі. Мәселен, біз бір шөмішті 1,6 млн теңгеге жасап шықсақ, басқа өндірушілер бұл тапсырыс үшін 4 млн теңгеге жуық қаржы сұрайды. Ал біз ОӨК жанында екенімізді ескерсек, біз қызметтерімізді тез, әрі сапалы көрсете аламыз», - дейді Юрий Фомкин.

Айтпақшы, биыл ЖЖМЦ қызметкерлері кәсіпорындарының 35 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол 1981 жылы Жезкент КБК-ның Орталық жөндеу-механикалық шеберханасы ретінде жұмысын бастаған еді.  

KAZ Minerals Тобының барлық қызметкерлері атынан жөндеу-механикалық цехтарының қызметкерлерін мерекелерімен, ал ЖЖМЦ алдағы мерейтойымен құттықтаймыз!

Татьяна Маер,

Жезкент кенті 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items