Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Мақсаты - табиғатты қорғау

12.07.2016

Қарау саны: 0

Бүгінгі күні бірде-бір өндіріс экологтарсыз жүрмейді. Бұл заңда бекітілген тәртіп. Кез-келген өндірістік кәсіпорын (өндіріс болсын, өңдеу болсын, құрылыс болсын) белгілі мөлшерде қоршаған ортаға әсер етеді. Сол себепті компаниялар бекітілген нормаларға және қоршаған ортаға барынша аз әсер етіп жұмыс істейді.  Ал өнеркәсіптік экология жеке ғылыми пән ретінде дәл осы бағытты үйлестіреді.  

Бозшакөл КБК экологтары өздерінің жұмыс күндері туралы айтып берді. 

Данияр Оразалимов, қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы: «Негізгі өндірістік бағыттан басқа, жұмысымызда маңыздылығы аз емес әкімшілік жұмыстар да бар. Оның ішінде бөлімнің мұқтаждықарына сәйкес сатып алу ұйымдастыру, мердігерлермен жұмыс, есеп беру бар. Қаржылық және салық департаменттеріне жолданатын жалғыз сан үшін  (мәселен, эмиссиялар жөніндегі есеп) материалдарды жинау, есеп жасау және деректерді салыстыру жөніндегі ауқымды жұмысты атқару керек».

Бозшакөл кен орнындағы Қоршаған ортаны қорғау басқармасының (ҚОҚБ) барлық қызметкерлері 21/21 вахталық әдісімен жұмыс істейді. ҚОҚБ әр вахтасының штатында бір-бір бастық және үш инженерден бар.  Ұжымдары тату-тәтті жұмыс істейді. Ұжым мүшелері жас болса да, олар түрлі өндірістерде  (өндіріс, өңдеу, құрылыс, жобалау), оның ішінде ірі шетелдік компанияларда да жұмыс істеп үлгерді. ҚОҚ басқармасы қызметкерлерінің жұмыс күні сағат таңғы 7-де қысқа жиналыстан басталады. Оның барысында басқарма қызметкерлерінің міндеттері анықталып, бөлімшелер, яғни ашық карьер, кен байыту фабрикасы, инфрақұрылым нысандары және қосалқы учаскелер бойынша жұмыстардың жалпы жоспары құрылады.   

Басқарма қызметкерлері тау-кен бөлімі мен кен байыту фабрикасының өндірістік жиналыстарына қатысып, әрбір бөлімшенің алдына тиісті міндеттер қойылады.

Ербұлан Белгібеков, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер: «Өндірістік жиналыс барысында біз күнделікті жұмыс мәселелерін талқылаймыз. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселелер алғашқылардың бірі болып талқыланады. Ал біз басшылаққа жеткізіп, жедел шешуді талап ететін күрделі мәселелерді жария етеміз».

Бозшакөлдік экологтар қоршаған ортаны қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесін енгізумен де айналысып жүр. Бұл жүйенің құрамдас бөліктерінің бірі - жобада кезең-кезеңмен енгізіліп жатқан қалдықтарды басқару жүйесі. Айталық, 2015 жылдан бастап өндірістік алаңдардағы қолданыстан шыққан барлық майлар қайта қолдануға, тіпті сатылымға да жіберіледі. Таза ағаш қалдықтары қайталап қолдану үшін жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына беріледі. Уақыт өте келе қалдықтарды басқару жүйесі қалдықтардың көлемін азайтудан бастап, оларды барынша қайталап қолдануға дейінгі өндірістің барлық салаларын қамтитын болады.  

Кез-келген процесстерді бір жүйеге келтіру үшін біршама уақыт өтуі тиіс. Бозшакөл - жаңа жоба. Сол себепті өздерінің және әріптестерінің тәжірибесіне, сонымен қатар осындай міндеттерді орындау барысында халықаралық тәжірибеге сүйенеді. Операциялық мониторинг немесе эмиссиялар мониторингі ҚОҚ басқармасы жұмысының міндетті бөлігі болып табылады. Барлық жұмыстар жасалған және бектіліген бағдарламаның аясында жүргізіледі.  

ҚОҚ басқармасы қызметкерлерінің кештері де бір-біріне ұқсамайды.  Ұжымда жұмыс кезінде әріптеспіз, жұмыстан кейін доспыз деген жазылмаған ереже бар. Сөйтіп, достар жұмыстан соң караоке залына барады, бильярд ойнайды, спорт залына барып, пинг-понг ойнаудан жарысады. 

Олардың өз ырымдары да бар екен. 

«Біз мынандай тенденцияны байқадық. Егер Ербұлан (әріптестері, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер – авт.) караокеде ән айтса, ертеңгі күні жаңбыр жауады», - дейді Жұлдыз Майкенова, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер. 

Кен орнында қызық жағдайлар да болып тұрады. Олар ҚОҚ басқармасының жұмысына белгілі өзгерістер әкеледі. Мәселен, тау-кен бөлімінің қызметкерлері карьер аумағынан Қызыл кітапқа енген бірқазан құсын тауып алған жағдайды айтайық. Оны Павлодар қаласындағы ветеринариялық емханаға апарып, қажетті ем-доп жасады. Кейін құс Ақсу қаласындағы жас табиғаттанушылар станциясына орналастырылды. Сөйтіп, ол күш жинап, емделген соң жарты жылдан кейін табиғи мекен ету аймағына кетті. 

Таныс болыңыздар - экологтар командасы ("KAZ Minerals Бозшакөл" ЖШС ҚОҚ басқармасы»):

* Қадыралиев Аңсарбек, басқарма бастығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* Оразалимов Данияр,  басқарма бастығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ербұлан Белгібеков, инженер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Динара Болысбаева, инженер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Даниял Үмбеталиев, инженер 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азамат Абдулаев, инженер 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз Майкенова, инженер 

 

 

 

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items