В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Корпоративтік құндылықтар конкурсының қорытындылары

16.03.2017

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 706882

Корпоративтік құндылықтар бойынша 2016 жылдың үздік жобасы конкурсының қорытындылары шығарылды.

Конкурсқа корпоративтік құндылықтарға сәйкес компанияны және оның қызметін дамытуға және жақсартуға бағытталған 35 жеке және топтық бастамашыл жоба қатысты.

Құрамы заңгерлерден, аудиторлардан, минералды ресурстарды басқару, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қызметкерлерді басқару және корпоративтік коммуникациялар саласындағы мамандардан тұратын сараптау алқасының мүшелері конкурс жеңімпаздарын мына критерийлер бойынша анықтады: корпоративтік құндылықтарға сәйкес болуы, жаңашылдық, ерекшелік және компания үшін практикалық маңыздылығы және жобаның өтінімдегі толық сипаттамасы. 

Конкурс гран-приінің иегері Бозымшақ КБК-да іске асырылған «Пит-Стоп» жобасы атанды. Бұл жоба бейнетүсірілімді енгізу арқылы байыту фабрикасының жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуді оңтайландыру және жақсарту бойынша бірден-бір жоба болып табылады. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін бейне материалды көру барысында кешенді талдау жүргізіледі, бұл жұмысты орындауда орын алған қателер мен кемшіліктерді анықтауға және алдағы уақытта олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Ең үздік жобалардың» үштігіне мына жобалар кірді: 

  • «Ең үздік дәнекерлеуші» жобасы (Бозымшақ КБК) – КБК-ның ең үздік дәнекерлеушілерінің арасында өткізілген бастамашыл кәсіби конкурс.

  • «Басшыны дамыту бағдарламасы. Технология және көшбасшылық» жобасы (Ақтоғай карьері) – кең профильді тау-кен инженерлерін кәсіби дамытуға және даярлауға бағытталған өндірістегі ең алғашқы бағдарлама.

  • «Қорғаныс көзілдірігін тағып жұмыс істеңіздер» жобасы (Орталық аналитикалық-зерттеу зертханасы, Бозшакөл КБК) – қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау және жұмыста қорғаныс көзілдірігін пайдалану деңгейін арттыру бойынша Зертхана басшылығының бастамашыл жобасы. Жоба авторлары арнайы плакаттарда зертхананың әрбір қызметкерін «үш жұп көзі бар миньондар» түрінде бейнелеп көрсетті. Жұмыста қорғаныс көзілдірігін пайдаланбаған жағдайда, қызметкер бір жұп көзін «жоғалтады».

Алқа мүшелері келесі жоба авторларын арнайы жүлделермен марапаттады:

  • «Go Green» жобасы (КММ) – кеңсе макулатурасының сатылуын және кейіннен оның қайта өңделуін ұйымдастыру бойынша бастамашыл жоба. 
  • «Артемьев Өндірістік Кешені жұмыскерлерінің Кешенді Спартакиадасы» жобасы (ШТМ) – бұл жоба қызметкерлер үшін спорттың 11 түрі бойынша бірқатар спорттық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы (2016 жылы 432 адам қатысқан болатын) ұжымды біріктіру және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Барлық жеңімпаздар Алматы қаласына марапаттау рәсіміне, сондай-ақ екі күндік оқыту және ойын-сауық бағдарламасы мен мерекелік кешке қатысу үшін шақырылады. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items