Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Химиктер күні

30.05.2016

Қарау саны: 0

29 мамырда химия өнеркәсібінің қызметкерлері өзінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл күн өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап мерекеленіп келеді. KAZ Minerals химиялық зертханаларының қызметкерлері мерекені әдеттегідей жұмыста қарсы алды. 

Химиктер нағыз тыншы сарбаздар сияқты. Олардың жұмысы туралы аздаған адамдар ғана біледі. Олардың жұмыс істеп жатқанын одан да аз адам көрген. Ал химиктер жұмысының ерекшеліктерін тек бірен-саран адам ғана біледі.

Химиялық зертханалардың қызметкерлері кеннің, ауаның, судың сынамаларына талдау жасайды, кендегі металдың құрамын анықтайды. Олардың жұмысына шығарылатын өнімнің сапасын анықтау тікелей байланысты. 

Ал көбінесе әйелдер құралған ұжымдардың мүшелері өзінің жұмысын нағыз эстетика деп түседі екен.

«Түссіз ерітінді бір мезетте қызғылт болады, сосын сары түске боялады. Кейін сутек тотығын қосқанда көгілдір, сосын жасыл болады. Ал осының бәрі бір колбаның ішінде болатын процесстер! Біздегі атауларды айтсаңшы! Мәселен, "Патша арағы" бар. Оны сынамаларды еріту үшін қолданады. Жаңадан келген адамдарға бұл өте қызықты. Жастар демекші, соңғы уақытта ұжымымыз "жасарып" барады. Жас, әрі білікті мамандар келіп жатыр қатарымызға. Мен басшы ретінде бұған өте қуанам. Жастар біздің болашағымыз, әлеуетіміз, ұзақ мерзімді тиімділігіміз», - дейді "Шығыстүстімет" ЖШС ОӨК Орталық химиялық зертханасының бастығы Элина Наумова.

Химия саласына жұмыс істеуге келген жас мамандардың бірі - Сәния Жонысова. Ол 2015 жылы "пайдалы қазбаларды байытушы-флотатор" мамандығын алып, қосымша "химиялық талдау лаборанты" мамандығына да оқыған. Бүгін Сәния ОӨК Орталық химиялық зертханасында химиялық талдау лаборанты болып еңбек етіп жүр.  

«Университетте білім алу бір бөлек, ал өз көзіңмен көріп, жұмыс істеу мүлдем басқа. Әрине, бастапқыда қобалжығаным болды. Қазір үйреніп қалдым. Тәжірибелі әртіптестерім көмектесіп, қолдады. Жаңылысқан жерім болса, үйретті», - дейді Сәния.

Бүгінгі күні KAZ Minerals кәсіпорындардың химиялық зертханаларын жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруда. Оның аясында зертханалардың жабдықтары жаңарып, қажет болса, ғимараттар жөнделеді немесе жаңадан салынады.

Татьяна Маер, арнайы kazminerals.info үшін

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items