В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals Тобының көріктілері

06.03.2018

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 698338

KAZ Minerals Тобында 13 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың 3 мыңнан артығы (24%) әйелдер. Егер үлесі бойынша ескерсек, ең көп арулар, яғни 58% KAZ Minerals Projects B.V. компаниясында жұмыс істейді. Бозшакөлде әйелдердің үлесі тек 11%. Ал нақты сандарға келсек, ең көп ханымдар «Шығыстүстімет» ЖШС-де жұмыс істейді.

Шығыстүстімет кәсіпорындарында тек нәзік жандылар жұмыс істейтін мамандықтар бар. Айталық,  ТБУ таразышысы, приборлық талдау лаборанты, байыту өнімдерінің бақылаушысы, ағынды суларды тазартудың апаратшысы, флотатор, реагенттерді дозалаушы, реагенттерді ерітуші, рентгенспектралды талдаудың лаборанты, сынама алушы, қоймашы, желдету қызметінің шам таратушысы, көтеру қондырғыларының машинисті, компрессорлық қондырғының машинисті.

Дегенмен Шығыстүстіметте «еркектердің» мамандықтарында жұмыс істейтін арулар да бар. Мысалы, фабрика қоюландырғыштарының аппаратшысы, фабриканың сүзгілеушісі, жүк тиеуші, қалдық шаруашылығын реттеуші. Мұндай жағдайлар Топтың барлық кәсіпорындарында кездеседі. 

Ақтоғайдағы 195 арудың 43 «еркектердің» жұмысын атқарады. Олардың арасында аға геолог, жөндеуді жоспарлау жөніндегі инженер, үгітуші, инженер-механик және тағы басқалар бар.

Әйелге тән емес мамандық па?

Вера Шумихина – «Шығыстүстімет» ЖШС-нің «ВостокАвтоТранс» филиалының Шемонаиха көліктік учаскесінде жолаушы көлігінің колонна бастығы. Вера Георгиевнаның қол астында автобустардың 66 жүргізушісі, яғни тек ер адамдар жұмыс істейді.

Еңбек жолын 1982 жылы Шемонаиха автокөлік кәсіпорнында хатшы-машинист болып бастаған. 2000 жылдан бастап «Қазақмыс» корпорациясы» ААҚ-ның «Востокказмедь» филиалына қарасты мыс-химиялық комбинатында АТЦ-2  диспетчері болып еңбек етті. 2005 жылдың қараша айынан бастап жолаушылар көлігі колоннасының бастығы. 2011 жылдың мамыр айынан «КМ Logistic» ЖШС-нің құрамында, одан кейін «ВостокАвтоТранс» филиалының құрамында жұмыс істеп келеді.

Лариса Разумова – Орлов шахтасы желдету қондырғысының моторшысы.

- Кәсіпорнымызда 1989 жылдан бастап еңбек етемін. Кезінде кен байыту фабрикасында сорғы қондырғыларының машинисті, сол жерде қоюландырғыштың аппаратшысы ретінде де жұмыс істедім. Декреттік демалыстан шыққан соң, 2001 жылы желдету қызметіне  ауысып, желдету қондырғысының моторшысы болып жұмыс істеп келемін. Жұмысымыз өте жауапты- шахтадағы ауаны «тазартамыз». Біз шахтаның «өкпесіміз». Жұмысымды осы бір маңыздылығы үшін жақсы көремін. Шахтерлер өзімнің балаларым сияқты. Айтпақшы, туған ұлдарым Александр мен Сергей де шахтада еңбек етеді. Олар ТЖМ машинистері. Бұл әйелдер істейтін жұмыс емес. Мұнда жалғыз моторшы әйелмін. Бірақ жұмысымды ойдағыдай атқарып жүрмін. Басқа жұмысты елестете де алмаймын, – дейді Лариса Анатольевна.

ОӨК Орлов шахтасының желдету қызметінің учаскесінде штаттық кестеге сәйкес желдету қондырғысының моторшысына барынша екінші разряд қарастырылған. Бірақ Лариса Разумова өзі бастама көтеріп,  үшінші разряд алуға талпынды. Ол теорияны да, іс жүзіндегі тапсырманы да үздік тапсырды. Комиссия оның нақты, әрі дұрыс жауаптарына таң қалды.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items