В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals-тың жылдық есебі қаржылық емес сектордағы үздік болып таңылды

30.12.2016

Қарау саны: 42

; assetEntryID = 711230

RAEX ("Эксперт РА Казахтан") рейтинг агенттігі VI жылдық есептердің конкурсының нәтижелерін шығарды. Конкурсқа "Қазақстан қор биржасы" АҚ қолдау көрсетті. Конкурстың мақсаты - компаниялардың ақпаратын мүдделі тараптар үшін тиімді етіп көрсетуге қолдау жасау. 

"Үздік жылдық есеп" санатында Қазақстанда жарық көрген барлық жылдық есептер талданады. Алдын ала талдау бойынша қалыптасқан, құрамында 10 есеп бар тізім сарапшылар алқасына ұсынылады. Алқа құрамында корпоративтік басқару мен есеп дайындау саласындағы кәсіпқой мамандар бар. Міне, осы адамдар конкурс жеңімпаздарын анықтады. 

2016 жылғы 28 желтоқсанда Алматы қаласында VI жыл сайынғы жылдық есептер конкурсының лауреаттары мен номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандағы жарық көретін жылдық есептерді зерттеу нәтижелері де жария етілді. 

2016 жылы конкурсқа 137 қазақстандық компания қатысты. 

KAZ Minerals Тобы "Қаржылық емес сектордағы үздік жалдық есеп" номинациясының лауреаты атанды. 

- Бұл номинацияда алғаш рет жеңімпаз болмасақ та, бұл біз үшін үлкен құрмет, – дейді KAZ Minerals Тобы қаржылық жобалар департаментінің директоры Василий Никитин,  – Осы сәтті пайдаланып, кезінде біздің салық жөніндегі ашық ақпаратымыз Лондон биржасында үздік болып танылғанын айтқым келіп отыр. Сонымен қатар, біз лондондық биржаның сайтына электрондық есепті жүктеудің жеке процедурасын жасадық. Әріптестеріме осы жетістіктерді қанағат тұтпай, жаңа табыстарға талпынуды тілеймін. 

- Конкурс жеңімпаздары 2016 жылы Қазақстандағы жылдық есептерді жасаудың үздік тәжірибесін көрсетіп отыр. Көшбасшы компаниялар ақпараттарын ашып қана қоймай, есепті пайдаланушылардың сұранымдарына толықтай жауап қайтаруға мүмкіндік беретіндей сапалы деңгейде жұмыс істейді. Ең бастысы - мүдделі тараптарға негізгі ақпарат жетіп отыр, - дейді жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items