В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals-тың ІІ онлайн-спартакиадасы

04.09.2018

Қарау саны: 75

; assetEntryID = 695063

KAZ Minerals-тың ІІ онлайн-спартакиадасы басталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, медальдар, дипломдар және мыс белгішелер тапсырылады!

Бір қызметкерге бірнеше номинацияда жарысқа түсуге болады. Тапсырмаларды орындамас бұрын арнайы бейне роликті қарау керек.  


Әйелдер

Отырып-тұру: барынша жылдам орындау қажет. Тізенің деңгейінен төмен отырып, тұрғанда толықтай тіктелу қажет. Кадрда секундомер болуы тиіс.

100 рет

70 рет

Кеудені жерден көтерубарынша жылдам орындауы қажет. Шынтақтарын бүгіп, кеудесін жерге тигізеді де, қайтадан қолдарын түзейді. - ерлер 50 рет, әйелдер 30 рет барынша жылдам орындауы қажет. Кадрда секундомер болуы тиіс.

50 рет қатаң түрде 

30 рет тізеден 

Планка: шынтақпен және аяқпен тіреліп тұрып барынша ұзақ тұру керек. Жамбасты иықтың деңгейінен жоғары көтеруге немесе төмен түсіруге тыйым салынады. Кадрда секундомер болуы тиіс.

Барынша ұзақ

Барынша ұзақ

Таң қалдыр: төрешілерді таң қалдыратын креативті жаттығуды орындау қажет. Жаттығу гимнастика, акробатика, гір  немесе басқа спорт түрінен болуы мүмкін. 

Қатысушы өзі таңдайды

Қатысушы өзі таңдайды

Тартылу: Алдымен кермеге асылу қажет. Содан кейін тартылып, иекті кермеден асырғаннан кейін бастапқы жағдайға келу керек. Жаттығуды бөлуге рұқсат. Кадрда секундомер болуы тиіс.

Секіргішпен секіру: Екі аяқпен секіруге ғана рұқсат етіледі. Кадрда секундомер болуы тиіс. 

2 минут ішінде барынша көп қатаң тартылу орындау керек.  2 минуттың ішінде барынша көп рет секіру қажет.

16 кг гірді серпе көтеру: Серпе көтеруді орындау барысында гірді иыққа тигізіп, одан кейін тізені, жамбас буынын және қолды түзеу керек. Қолдарды қалағаныңызша ауыстыруға болады. Бірақ жаттығуды орындау барысында гірді жерге қоюға болмайды. Серпе көтерудің алдында гірді көрсету қажет. Кадрда секундомер болуы тиіс

Орыннан ұзындыққа секіру: Қос аяқтап барынша алысқа секіру қажет. Қасыңызда өлшеу құралы, секіру ұзындығын өлшеуге көмектесетін адам болуы тиіс. Жүгіріп барып секіруге, жылдамдық алу үшін қосымша секіруге тыйым салынады. Нәтижені анағұрлым алыста тұрған өкшеңізден өлшейсіз.

 

2 минуттың ішінде барынша көп рет кеудеден серпе көтеру

Барынша ұзақтыққа секіру

Командалық жаттығу: команданың құрамында 3 адам болуы тиіс – екі ер және бір әйел адам. Команда 75 рет отырып-тұруы, 60 ситап жасауы және кеудені жерден 45 рет көтеру қажет. Жаттығуды команданың әр мүшесі орындайтындай етіп бөлу қажет. Атлеттердің бірі жаттығуды аяқтағанда немесе бір жаттығудан екіншіге ауысқанда қолынан немесе иығынан қағып эстафетаны келесі спортшыға беру қажет. 

 

Команда 75 рет отырып-тұруы, 60 ситап жасауы және кеудені жерден 45 рет көтеру

Спартакиадаға қатысу үшін:

1) тапсырманы дұрыс орындау керек,

2) орындау барысын бейнеге түсіру керек,

3) түсірілген бейнені қандайда бір файл алмастыру қызметіне салу қажет.

4) сілтемесін editor@kazminerals.com мекенжайына жолдау қажетДля участия в спартакиаде необходимо:

 


Жаттығуды орындамас бұрын:

1) өзіңізді таныстыру керек – аты-жөніңіз, қызметіңіз, кәсіпорыныңыз және орындалатын тапсырманың атауы,

2) Қажет болса, қолданылатын құралдарды көрсету,

3) Көрініп тұратын жерге секундомер орнату қажет.


Өтініштер 2018 жылғы 5 қазанға дейін қабылданады. Сәттілік тілейміз!

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items