Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null KAZ Minerals-тың арулары. Бірінші бөлім

05.03.2018

Қарау саны: 0

Kazminerals.info сайтының редакциясы Халықаралық әйелдер күніне арнап біздің нәзік жанды әріптестеріміздің фотогалереясын жасауды ұйғарды. Мақсаты – негізінен ерлер қызмет ететін ұжымдардағы әйелдердің ерен еңбегін атап өту, сол үшін алғыс айту. Тау-кен компаниясындағы негізгі мамандықтардың көпшілігі ер адамдарға келеді. Ал аруларымыз бұл қалыпты тәртіпке әсемдік пен әдемілік алып келеді. Біз әріптестерімізді олардың үйреншікті жұмыс жағдайында көрсеткіміз келді. Сол себепті суреттерде сәнді макияж, әдемі шаш үлгілері немесе меркелік кешке арналған көйлектер жоқ. 

Негізінен геологтар, шам таратушылар, диспетчерлер, флотаторлар, технологтар, лаборанттар, кран машинистері, таразышылар және т.б. сияқты мамандықтар қамтылды. Дегенмен басқару саласының өкілдері де назардан тыс қалған жоқ. Ханымдарды суретке түсіру үшін арнайы топ компанияның барлық кәсіпорындарында болды. Әріптестеріміз фотографтың келуінен хабардар болса да, әйелдерге тән ұяңдық танытып, «Мен суретке түсе алмаймын» немесе «Мен фотода әрдайым жаман боп қала берем» деумен болды. Көпшілігі мұндай жағдайға үйренбеген. Дегенмен бұл суреттерде жұмыс орнындағы әйел затының өзіне ғана тән табиғатын көрсете алған сияқтымыз. Олар нәзік, жұмсақ мінезді болса да, кейде атқарған ісінде табандылық, мұқияттылық, мінезділік танытады. Фотосуреттер кейіпкерлердің өздері, жұмысы, күнделікті өмірі туралы айтқан сөздерімен толықтырылған. Өкінішке қарай, жоба ондаған суреттермен шектелген. Егер ол қызметкерлер арасында қолдау тауып жатса, онда жобаны жыл сайын әзірлейтін боламыз.  

Яковлева Наталья Владимировна, Орлов БФ сүзгілеу және құрғату корпусының кран машинисті   

Компанияда 3 жыл, осы салада - 24 жыл жұмыс істеп келемін. Мен әрбір ер кісі істей бермейтін жұмысты орындаймын. Менің ең сүйікті әуестігім - бисермен тоқу.  


Ягорлицкая Антонина Петровна, Ертіс шахтасы қойма шаруашылығының қоймашысы 

Менің жұмыс өтілім – 18 жыл. Менің жұмысымда ең ұнайтыны - адамдармен қарым-қатынас. Бір күн ішінде жұмысшылар арасында да, ИТҚ арасында да көптеген адамдарды кездестіруге болады. Әркімге әрқалай ыңғайласу қажет, өйткені шахтадағы мамандықтардың басым көпшілігі көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Біздің ұжымда тәртіп пен ұйымшылдық атмосферасы сезіліп тұрады. Мен тұрмыстамын, 2 қызым, екі немерем бар. Бос уақытта гүл өсіріп, киім тігумен айналысамын. Жануарларды, әсіресе, иттерді жақсы көремін.  


Юдина Анна Александровна, Байыту фабрикасы және оксидті зауыт раффинатының сорғы станциясының  аппаратшы-гидрометаллургы, Ақтоғай КБК 

KAZ Minerals-та 2015 жылдан, ал металлургияда - 1999 жылдан бастап істеймін. Менің жұмысым өте қызықты. Катодты мысты өндіру процессі қызықты, ол үздіксіз бақылау мен беріліп жұмыс істеуді талап етеді. Сонымен қатар саланың өзі де қызықты, мұнда түрлі сала мамандарын кездестіруге болады. Бұл әрдайым жаңа нәрсені тануға және адамдармен танысуға мүмкіндік береді. Мен металлургияны негізінен "ерлердің" саласы деп атайтындығымен келісемін, және ол шынында да солай. Бірақ мен үшін бұл еш қиын емес - кәсіби маман ретінде айтар болсам, өндірістік мәселелерді шешуде менің ойым әрдайым барлығымен бірге қатар ескеріледі. Велосипедпен серуендеуді ұнатамын. Тауға, әсіресе, жаз кезінде жиі барамын .


Шапорева Наталья Юрьевна, Артемьев ӨК қызметкерлер жөніндегі қызметінің бастығы  

Саладағы жұмыс өтілім – 1980 жылдан бастап, ал компанияда мен 1992 жылдан бастап істеймін. Өз жұмысымды өте қатты жақсы көремін. Бұл - адамдармен үздіксіз қарым-қатынас, үнемі өз бетімен білім алу процессі. Менің жұбайым, екі ұлым және немерем бар. Кітап оқуды, туыстарым мен достарыма сыйлықтар сыйлағанды, сондай-ақ велосипедпен серуендеуді ұнатамын.  ​


Шайменова Людмила Николаевна, Сульфидті кендерді өңдейтін байыту фабрикасының флотаторы, Бозшакөл КБК

Мен Бозшакөлде 1,5 жыл, ал салада 8 жыл істеп келемін. Менің флотатор жұмысым - біздің саламыздағы ең қызықты жұмыстардың бірі. Біз кеннен компанияның әл-ауқатын арттыратын құндылықтарды бөліп аламыз. Дәл осы жерде өз әлеуетімді барынша жұмсай алатыныма сенімдімін. Маған еңбек жағдайлары, мансаптық өсу мүмкіндігі және компанияның танымал аты ұнайды. Біздің компаниямызда негізінен ер кісілер жұмыс істейді. Қиыншылық сәттерде оларға сенім артуға болатындығы қуантады. Жұмыс барысында бізді жоғары кәсіби деңгейге көтеретін білім аламыз. Мен - үш баланың анасымын. Ең бастысы, балаларымды аяққа тұрғызып, өзімнің өмірлік тәжірибеммен адамдарға деген шексіз махаббатты баулығым келеді.  


Шаезова Анара Кочкорбайқызы, Техникалық тестілеу зертханашысы, Бозымшақ КБК

Техникалық тестілеу зертханашысы болып істеп жатқаныма жақында бір жыл болады. Өзім Ала-Бұқа ауданының Көк-Серек ауылынан боламын. Біз отбасымызда екі баламыз. Вахтадан кейін қалған 15 күнде Бішкек қаласындағы У.Асаналиев атындағы тау-кен технологияларының тау-кен геологиялық институтында оқимын. Кәсіби дағдыларды осы Бозымшақта, өндірістік практика кезінде меңгердім. Кез келген әйел сияқты, мен де барлық әдемі нәрсені ұнатамын. Макияж жасауды өте қатты ұнатамын, кейде косметикалық құралдардың көмегімен түрлі образдар жасаймын. Әрине, табиғи сұлулықты да ұнатамын. Менің ойымша, сұлулықты сүю және оны сақтау - кез келген қыз үшін өте маңызды және қызықты.   


Чирьева Татьяна Аверьевна, Орлов БФ бас технолог-байытушы қызметінің рентгендік-спектралды талдау зертханашысы

Компаниядағы жұмыс өтілім - 3 жыл, ал салада - 35 жыл. Лауазымым аса жоғары болмаса да, біздің жұмыссыз байыту фабрикасы қолсыз секілді. Байыту секілді осындай қуатты процеске қатысатындығым маған қатты ұнайды. Біздің жұмыс барлығына қажет. Бірінші кезекте, технологиялар. Біздің жедел талдауларымыз бойынша флотаторлар мен технологтар дұрыс байыту  процесін іске асырады. Біздің жұмысымызға ТББ, геологтар, зерттеушілер мен өзге де мамандар мұқтаж. Менің үш ересек балам, 4 немерем бар. Тоқуды, киім тігуді ұнатамын.  ​


Черникова Валерия Валерьевна, Сульфидті фабриканың өндірістік зертханасының химиялық талдау зертханашысы, Ақтоғай КБК

Компаниядағы жұмыс өтілім - 11 ай. Бұл - менің университеттен кейін өндірістегі бірінші жұмысым. Өндірістік зертханада жұмыс істеу маған ұнайды, өйткені жұмыс алуан түрлі. Бұл жер маған жаңа нәрсені біліп, өз кәсіби дағдыларымды арттыруға мүмкіндік береді. Зертханада талдаудың көптеген әдістері қолданылады, сондай-ақ заманауы жаңа жабдықтар жұмыс істейді. Біздің ұжым өте жақсы, соның арқасында жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Біздің үлкен өндірісте тек ерлердің мамандықтары ғана емес, әйелдерге арналған қызметтер де бар. Жынысқа қарамастан, кез келген қызметкер құнды болып табылады. Бос уақытта гитарада ойнап, өлеңдер жазамын, сонымен қатар суретке түсірумен айналысамын. Университетте оқып жүргенімде Оңтүстік Урал Мемлекеттік Университетінің "Музком"  музыкалық комитетінің құрамында болдым. Сонымен қатар, мен топта өнер көрсетіп, университет атынан мереке күндері клубтарда ойнайтынмын.  


Оразова Жанат Шаймарданқызы, Орлов шахтасы бұрғылау-жару қызметінің қойма меңгерушісі​

Компанияда 3 жыл, ал салада - 6 жыл жұмыс істеймін. Маған күн сайын дами түсіп, жаңа нәрселерді танып, (жұмысым сондай) көптеген нәрсені біліп, кез келген сұраққа жылдам жауап бере алатындығым ұнайды. Маған компанияның тұрақтылығы мен жалақы мөлшері ұнайды. Біздің мамандықта ең бастысы - қауіпті жүкпен жұмыс жасайтындықтан, қауіпсіздік техникасын сақтау.  Менің төрт балам бар: 7 сынып, 5 сынып, 3 сынып және ең кішісі бала-бақшаға барады. Бос уақытта ағылшын тілін оқимын, киім тігу ұнайды, жаз мезгілінде саяжайда тірлік жасауды ұнатамын.  


Третьякова Анна Михайловна, Белоусов алаңындағы техникалық бақылау учаскесінің таразышысы, Ертіс ӨК​

Жұмыс өтілім - 7 жыл. Менің жұмысымда маған ұйымшыл ұжым, жақсы табыс, әлеуметтік пакет (профкомнан жолдамалар және т.б.), өзара көмек, жауапкершілік, мұқияттылық ұнайды. Қосымша түрде "байыту өнімдерін бақылаушы" және "көтергіш қондырғының машинисті" мамандықтары бойынша оқыдым. Менің Богдан атты ұлым бар, ол 5 жаста, даярлық сыныбында оқиды. Салауатты өмір салтын сақтаймын, кітап оқуды, тоқуды, ұлым үшін тәтті тағамдар дайындауды ұнатамын. ​


Тоқсанова Аида Жанайдарқызы, Қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі үйлестіруші, Бозшакөл КБК 

Компанияда 3 жыл жұмыс істеймін. Бұған дейін кадрлық әкімшіліктендіру бөлімінде жұмыс істедім. Өндірісте жұмыс істеуге деген құмарлық кейстердің алуан түрлілігімен пайда болды: мұнда қайта өңдеулер де, үстеме ақы да, және аттестаттау да, және алып даму "өрісі" бар.  Мен бұған дейін "ҚТЖ ҰК" АҚ өндірісте жұмыс істедім, және басым көпшілігі ерлер болып табылатын ұжымда жұмыс істеу сенің бойыңда көшбасшылық қасиеттер мен рухани күшіңді арта түсіреді деп айта аламын.  Менің хоббиім - кітап оқу, интернетте қызықты және пайдалы мақалаларды оқу, сондай-ақ суретке түсіру. 


Тарабановская Татьяна Николаевна, Жезкент энергоцехының суды химиялық  тазалау аппаратшысы, «Востокэнерго» ЖШС​

Компанияда 3 жыл, ал осы салада 2003 жылдан бастап істеп келемін.Өз жұмысымды сүйемін.  Химиялық суды тазалау аппаратшысының жұмысы химиялық тұрғыдан тазаланған, "жұмсартылған" суды қазанға уақытылы беру болып табылады. Бізде суды тазартудың 3-сатылық жүйесі жұмыс істейді, сүзгілердегі катиониттің тозуына қарай біз қажетті операцияларды жасаймыз: қопсыту, регенерациялау және шаю. Жұмыс өте қызықты және жауапты. Мен - үш керемет ұлдың анасымын, олардың екеуі үйленген, екі келінім де тамаша адамдар. Ал ең қымбатым - біздің Матвей атты немереміз, ол 2 жаста. Бос уақытта қолөнермен айналысамын, тоқыма бізбен және ілгекпен тоқығанды ұнатамын.  


Сұлтанова Ақмарал Советқызы, Орлов шахтасының шаң-желдету қызметінің шам тарату маманы

Компанияда 3 жыл, ал салада 2001 жылдан істеп келемін. Жұмысқа тұрып жатқан кезде бірден шамханада жұмыс істегім келетіндігін айттым, өйткені мен адамдармен жұмыс жасағанды ұнатамын. Біз күн сайын шахтерлерді шахтаға жіберіп, оларға табельдік нөмірлер бойынша шамдар мен өзін-өзі құтқарғыштарды береміз.  Маған өз ұжымым ұнайды, біздің ұжым өте тату және үйлесімді түрде жұмыс жасайды. Біздің жұмысымыздың өз қиындықтары бар, бірақ менімен бірге өз жұмысын қатты жақсы көретін өте жауапты қыздар істейді, сондықтан біз қиындықтарды байқамаймыз. Мен барлық шахтерлер мен олардың табельдік нөмірлерін, әсіресе, осы кеніште көптеген жылдар бойы істеп келе жатқан шахтерлерді жатқа білемін: ИТҚ, үңгуші, бекітуші, машинистер және т.б. Менің екі ересек үйленген балам бар. Бірінші ұлымда екі қыз бен бір ұл бар. Кіші ұлымда - қыз бен ұл. Барлығы 5 немере. Жұбайым да осы кеншіте жұмыс істейді. Менің әуестенулерім өте көп, көркем әдебиетті оқығанды, тарихи фильмдер көруді, билеуді ұнатамын. Кейде тоқумен айналысып, тағамдар пісіремін. 


Сүлейменова Райгүл Сағындыққызы, Орталық химиялық зертхананың химиялық талдау зертханашысы, Орлов ӨК ​

Компаниядағы жұмыс өтілім - 3 жыл, химиялық салада 32 жыл істеп келемін. Маған жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қараған ұнайды. Жауапкершілік  - соңғы тауар өнімі - мыс және мырыш концентраттарының нәтижелерін беруде. Кендегі және судағы түрлі элементтер құрамын анықтау - өте қызықты процесс.  Мен компанияға 23 жасымда келдім. Қызметімді химиялық талдау зертханашысының оқушысынан бастадым. Біліктілікті арттыруды және жұмыс тәжірибесін Орлов өндірістік кешенінің Орталық химиялық зертахана қабырғасында және "Шығыстүстімет" ЖШС алдым, онда жақсы ұстаздар болды. Отбасым – ең басты байлығым. Біз еңбек өмірімізді тау-кен өндіру өнеркәсібіне арнадық. Жұбайым, Сүлейменов Мұратбек, Алматы политехникалық институтын «Байытушы» мамандығы бойынша бітірді. Жас маман ретінде ЖКБК келіп, осы күнге дейін істеп келеді. Ал ең бастысы, біз осы жерде бір-бірімізді таптық. Біздің үш баламыз бар. Қыздарымыз Астанада, ұлым Алматыда тұрады. Барлық балалар мектепті Жезкентте бітіріп, жоғары білім алды. Ұлым - менің мақтанышым, мектептіт біріншілердің қатарында "Алтын белгімен" бітірді.  Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде оқыды. Мен - ең бақытты әжемін, менің Керім, Әдия және Самира атты үш немерем бар.


Сүйінбаева Ақжарқын Жеңісқызы, Белоусов көлік учаскесінің тізімдеушісі, Ертіс ӨК​

Компанияда және саладағы жұмыс өтілім - 10 ай. Менің жұмысымда барлығы ұнайды. Түрлі әдебиетті оқу, велосипед пен роликті айдау, ал қыста коньки тебу ұнайды.  ​


Соколова Валентина Сергеевна, Орталық химиялық зертахананың зертханашысы,  Ертіс ӨК​

Жұмыс өтілім – 12 жыл. Химиктің жұмысы қызықты және жан-жақты, бірақ ол соңына дейін зерттелмеген. Жұмыс мені тәртіпке салады. Менің еңбегім бір тізбектің жеке буыны ретінде ЕӨК жұмысының соңғы нәтижесінде көрініс табады. Бұл сезім ұжымды жақындастырып, ұйымдастыра түседі,  біз - бір командамыз! Жұмысты ең жаңа жабдықтарда  және замануи технологиялармен орындауда өсу келешегі бар. Бұл «Аналитикалық зертхананы қайта құру» аяқталған соң мүмкін болды. Компанияда жұмыс істтеу кез келген қиыншылықтар мен сынақтарды жеңуге көмектеседі. Менің қызым Татьяна 14 жаста. Бос уақытта тамақ дайындағанды ұнатамын.   


Смагина Галина Владимировна, Артемьев ӨК техникалық бақылау бөлімі бақылау учаскесінің шебері​

Компанияда 2009 жылдың маусым айынан бері істеймін. Өз жұмысымды адал және сапалы орындауға тырысамын. Біздің учаске кенді өндірудің және қаттаудың технологиялық процесін  Аналитикалық және техникалық бақылау картасына сәйкес ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүргізеді. Сонымен қатар біз автомобль таразыларының жұмысын үнемі бақылаймыз және нақты өлшеу есебін жүргіземіз. Менің немерем бар, ол 6 жаста. Ол даярлық сыныбына барады. Барлық бос уақытымды сонымен өткіземін, маған баланың - жаңа буын өкілінің дамуын бақылау қызықты.  


Смагина Вера Юрьевна, Сульфидті фабрика өндірістік зертханасының үгітушісі, Ақтоғай КБК​

Менің компаниядағы жұмыс өтілім - 1 жыл. Саладағы жалпы жұмыс өтілім - 36 жыл. KAZ Minerals-та маған бірден ұнады. Мен бұл жерде командалық жұмыстың не екендігін түсіндім. Маған біздің жас, тату ұжымымыз ұнайды, қолдауды, өзара түсіністікті сезесің. Жастармен жұмыс істеу кезінде өз дағдыларың мен қабілеттеріңді үйретіп, өзің жаңа жабдықта жұмыс істеуді үйренгің келеді. Ерлер ұйымы - бұл бірінші кезекте күш пен қайраттылық. Менің ұнтақтаушы қызметім жынысқа байланысты емес, ол бірінші кезекте кәсіби қасиеттермен бағаланады. Бұл компанияда жұмыс және демалыс жағдайлары өте жақсы. Жұмыстан кейін спортпен айналысуға болады. Мен теннис ойнап үйренгім келді. Бұл жерде сол арманым орындалды. Үйге қайтып бара жатып, жұмысқа оралуға асығамын. 
Мен 38 жыл тұрмыстамын. Жұбайым да KAZ Minerals-та - Артемьев шахтасының тау-кен шахталық жабдығының темір шебері болып істейді. Ұлым - жеке кәсіпкер, омартамен шұғылданады. Үш немерем бар. Үйге оралған соң, барлық туыстарымды жинауға тырысамын. Тамақ дайындап, жаңа тағамдар ойлап табуды ұнатамын. Ұлымның омарта шаруашылығына барып, оған көмектесуді ұнатамын. Өз немерелерімді қатты сүйемін, олармен серуендеуді, ойнауды ұнатамын.
  


Саралтаева Фирюза Орынбасарқызы, Өндірістік  зертахананың химиялық талдау зертханашысы, Бозшакөл КБК

Мен мұнда 2015 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеймін. Маған жобада сауатты басшылық пен тату ұжым ұнайды. Мен мұнда заманауи жабдықтар мен құралдарды жұмыс істеу тәжірибесін алдым. Менің қызым бар, ол Қостанайда оқиды, Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі болады. Бос уақытта үстел теннисі мен бильярд немесе кез келген спорт ойындарын ойнау ұнайды. 


Рахметова Гүлнар Қапарқызы, Ертіс шахтасы шаң-желдету қызметінің шам тарату маманы

Жұмыс өтілім – 11 жыл. Көп жағдайда мамандықты таңдау кездейсоқ болады. 2006 жылы мен шамханаға слесарь-аккумуляторшы болып орналастым, дегенмен, бұл мамандық ерлердің жұмысы болып табылады. Басқа киілетін шамдарды жөндеу бойынша жұмыс күн сайын қызықтыра түсті. Шамханадағы қыздарға көмектесіп жүріп, олардың жұмысын меңгердім. Емтиханды тапсырып, шам маманы болып ауыстым. Жұмысымыз жауапты. Жұмыс сағаттарын бақылаймыз. Біздің ұжым ұйымшыл, әрқайсысы өз лауазымдық нұсқаулығын біледі. Маған жұмысым ұнайды. Ауысымға үлкен ынтамен және жақсы көңіл-күймен барамын. Осындай тұрақты және жалақысы жақсы жұмысым бар екендігіне бақыттымын. Менің отбасым үлкен, үш балам мен үш немерем бар. Сондай-ақ бос уақытта баса назар аудару қажет ата-анам бар. Мен киім тігуді, тоқуды, тамақ дайындауды ұнатамын.  Қонақ күткенді жақсы көремін.​


Потапова Людмила Александровна, «Востоэнерго» ЖШС Усть-Таловка энергоцехының қоймашысы

Компанияда 2017 жылдың қараша айынан бастап істеймін. Өз жұмысымды өте адал және жауапты түрде орындаймын. Қоймашы — бұл материалдық жауапты адам, сондықтан мұқияттылық бұл жерде бірінші орында! Бос уақытта тамақ дайындағанды қатты ұнатамын.


Полежаева Евгения Ивановна, Жезкент алаңы техникалық бақылау учаскесінің бақылау-байыту өндірісінің шебері 

ТББ жұмыс өтілім - 12 жыл және 9 ай, шебер болып 4 жылдан аса істеймін. Бос уақытта немере бағумен және қолөнермен айналысамын.  


Плохова Лариса Геннадьевна, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкері, Орлов ӨК  

Компанияда жұмыс өтілім - үш жарым жыл, ал тау-кен өндіру саласында 2003 жылдан бастап жұмыс істеймін. Іс қағаздарын жүргізуші атты мамандық бар. Бұл мамандықтың адамдары ешнәрсені өндірмейді: олар тек басқалары жасайтын жұмысты тарих үшін тіркейді, бірақ оларсыз ешқайда. Іс қағаздарын жүргізу құжаттау және құжаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қызмет. Іс қағаздарын жүргізуші кәсіпорында болып жатқан барлық оқиғаларды біледі. Ешбір тышқан кеңсені айналып өте алмайды: ешбір жаңалық, ешбір кадрлық қайта орналастыру, ешбір оқиға өтіп кетпейді. Дәл осылай ұйымнан тыс жерге шықпайды. Кеңсе тіпті кәсіпорын таратылып жатқан кезде де жұмыс істейді: құжаттарды біреу мұрағатқа тапсыру керек қой. Кеңсе – кәсіпорынның ЖҮРЕГІ (инфаркт алдындағы жағдайда). Ұлым 30 жаста. Немерем 6 жаста. Олар Алматыда тұрады. Кітап оқуды (тарих, фантастика), тоқуды және сапарларға шығуды ұнатамын. 


Орлова Ольга Александровна, Артемьев өндірістік кешіні әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кеңсе меңгерушісі  

Компанияда 2013 жылдың шілде айынан бастап істеймін. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және оны өте маңызды деп есептеймін. Кеңседегі жұмыс құжат айналымын жүргізуге кеп тіреледі. Күн сайын біздің қолымыздан көптеген құжаттар өтеді, оларды талдап, өңдеп, жолданым иесіне жіберу қажет. Кеңсе құжаттармен істелетін жұмыстың - тіркеуден бастап мұрағатқа тапсыруға дейінгі бүкіл циклін қамтиды. Біздің компания көптеген ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді. Хат-хабардың бір бөлігі қағаз тасымалдауышта түсіп өңделеді, ал бір бөлігі Lotus Notes бағдарламасында – бұл біздің құжаттардың қоймасы. Ол іс қағаздарын жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді және сонымен қатар аса мұқияттылықты, тапсырмаларды орындауда жылдамдықты талап етеді.  3 жасар баламды тәрбиелеумен айналысамын, тамақ дайындауды, кітаптар оқуды, қазақ және түрік тілдерін үйренуді ұнатамын. 


Орехова Ольга Викторовна, Шемонаиха көлік учаскесі қызметтік бөлмелерінің тазалаушысы, «ВостокАвтоТранс» филиалы ​ 

Компанияда 4 жыл істеймін, жалпы жұмыс өтілім - 10 жыл. Әріптестерім менің жоғары жұмысқа қабілеттілігімді және тіл тапқыштығымды атап көрсетеді. Менің ойымша, мен адамдармен жақсы тіл табыса білемін. Өз жұмысымды мұқият орындаймын. 28 жыл тұрмыстамын. Көркем және тарихи әдебиетті оқығанды ұнатамын, тоқумен айналысамын. 


Нұрахметова Альфира Амантайқызы, Орлов шахтасының қазылған кеңістікті толтыру учаскесінің араластырғыш қондырғысының машинисті​

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Орлов шахтасының өңделген кеңістік іргесін қалау учаскесінде істеп келемін. Жұмысқа конвейер машинисі болып келдім, онда  6 жыл істедім. Былтырғы жылдың қараша айынан бастап өзім үшін қоспалауыш қондырғының машинисі атты жаңа мамандықты меңгерудемін. Орлов шахтасының өңделген кеңістік іргесін қалау учаскесіндегі жұмыс күшті қажет етеді, әйел заты үшін екі есе ауыр, бірақ бұл біздің қыздарымызға түк емес, учаске ұжымы сөзбен де, іспен де көмектеседі.  Отбасым үлкен - жұбайым, үш балам бар: үлкен ұлым - студент, ортаншысы 9 сыныпта, кішісі 3 сыныпта. Өз туыстарымда тәтті тағаммен еркелеткенді жақсы көремін.


Никоненко Рамиля Хакимовна, «ВостокАвтоТранс» диспетчері​, Артемьев ӨК

Компанияда 2015 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеймін, ал негізінен алғанда, 1985 жылдан бастап жұмыс істей бастадым. "ВостокАвтоТранс" ЖШС филиалында диспетчер қызметін атқару мені кәсіби өсу және қалыптан тыс ойлау тұрғысынан алғанда өте қызықтырады. Көлік учаскемізде жылжымалы құрамның аралас паркі бар, ал алғашында тек жүк көлік кәсіпорнында ғана қызмет атқардым. Маған бұл жерде жұмыс істеген ұнайды – тұрақтылық, әлеуметтік қорғау, жалақының өсуі. Мен тұрмыс құрғанмын, ұлым, қызым және немерелерім де бар. Бос уақытымда тоқумен айналысқанды және тағамдар пісіруді ұнатамын.   


Нагорная Надежда Анатольевна, Сульфидті кенді байыту учаскесінің дайын өнімді сүзгілеу және тиеп жөнелту учаскесі мастерінің м.а., Ақтоғай КБК 

Компаниядағы жұмыс өтілім – 1 жыл 3 ай, ал салада – 13 жыл. Күн сайын жаңа оқиғалар мен жағдайлар орын алуда. Маған өзімнің мамандығым өте ұнайды. Ер кісілер ұжымында жұмыс жасаймын, олардың тарапынан әрқашан сыпайылықты сезінемін. Менің екі балам бар. Бос уақытымда волейбол және баскетбол ойнағанды, ал жаз мезгілінде бау-бақшамен айналысқанды ұнатамын.


Мухина Наталья Николаевна, Белоусов БФ бас корпусының қоюлатқыштар аппаратшысы ​

Фабрикада 2007 жылдан бері жұмыс істеймін. Алғашында үрей сезімі болды - "істей алмаймын", "шамам келмейді" деген, ал ұғынған кезде, ештеңенің қиын емес екендігіне көзім жетті. Өз денсаулығыңды сақтау үшін мұқияттылық танытып, барлық нәрсені алдын ала ойластырып қойған жөн, өйткені ең маңыздысы бұл қауіпсіздік. Неге бұл жұмысты еркектердікі деп есептейді? Мен мұнымен келіспеймін. Әйелдің қолынан барлық нәрсе келеді! Жұмысым үшін компаниямызға алғыс айтқым келеді. Балаларымды шексіз сүйемін: ұлым мен қызымды, немерелеріме келсек елжіреймін, менің екі немерем бар. Ал қазіргі таңда күйеуіммен бірге бөлек тұрамыз. Жазғы кезде бау-бақшамен айналысамыз. Аңырауқұлақ пен жеміс-жидек тергенді ұнатамын. Ал қыста түрлі бәліштер пісіргенді ұнатамын.


Мұратова Эмилия Бақытқызы, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің сапарларды ұйымдастырушы маманы, Бозшакөл КБК ​

Компанияда 3 жыл шамасындай жұмыс істеймін. Менің жұмысым өте қызықты, күн сайын өзімнің тікелей міндеттерімді атқарудан басқа, компанияда барлық қызмет саласында дамуға мүмкіндік бар. Атап айтсақ, оқиға орнында жүрген компания қызметкерлерінен соңғы өзекті жаңалықтарды біліп отырасын, яғни өзіңді дәл карьер мен байыту фабрикасында жүргендей сезінесін. Командада тиімді жұмыс істеудің жаңа әдістері мен әдістемелерін меңгеруге мүмкіндік бар. Өзіңді алып машинаның жай ғана бір тетігі ғана емес екеніңді, ортақ мақсатқа жетуге бағытталған команданың ажыратылмас бір бөлігі екеніңді сезінгенге не жетсін. Классикалық әдебиеттерді, ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ психология және әлеуметтану кітаптарын сүйсіне оқимын. Сонымен қатар, тарихи деректік фильмдерді көргенді ұнатамын. Кейде түрлі тақырыптар бойынша қысқаша жазбалар немесе мақалалар жазамын. Түрлі тағамдар пісіруді ұнатамын – үй ішін дәмді бәліштермен және әлемдік тағамдармен еркелеткенді ұнатамын.      


Минова Надежда Владимировна, Белоусов БФ бас корпусының флотаторы​

Фабрикада 18 жыл бойы қызмет атқарамын. Жұмысым өзіме өте ұнайды. Байыту – өте танымды қызықты процесс. Компанияда жұмыс істей келе, тұрақты табысқа қол жеткіздім. Салаға ендіріліп жатқан барлық жаңалықтарды ұжыммен біріге отырып, талқылап талдаймыз. Қауіпсіздік техникасын сақтау біз үшін ең бірінші орында. Байыту фабрикасына 26 жасымда келгенімде мұншалықты қызықты болады деп ойламаппын. Әрине, алғашында қиындау болды, бірақ мен қорыққан жоқпын. «Флотатор» мамандығы бойынша оқытудан өттім. Жанұям бар: жолдасым, ұлым және 13 жасар немерем Данил бар. Бос уақытымда гүл егемін, бау-бақшамен айналысамын. Өз жанұяма уақытымды көп бөлемін.  


Маланина Наталья Владимировна, Сульфидті кенді байыту бөлімінің флотация учаскесінің ауысым шебері, Ақтоғай КБК ​

Компаниядағы жұмыс өтілім – 1,5 жыл, ал салада – 24 жыл болып қалды. Жұмысым өте қызық. Жұмыс тәжірибесі кезінде бір кәсіпорында жұмыс істей келе жұмыскердің егер істегісі келсе бірнеше мамандықты игеруіне болады. Кәсіпорынға пайдаңды тигізу үшін барынша қатты жұмыс істегін келе береді, көп білгің келіп, кәсіби және жеке қасиеттеріңді толығымен дамытып іс жүзінде көрсетуге тырысасың. Еркек пе әйел ме – маңызды емес, ең бастысы – өзіңді сүйікті ісіңе сарп ету. Менің қызым және кішкентай немерем бар. Қол өнерімен айналысқанды ұнатамын. Ойыншықтар жасап, оларды балаларға сыйға тартқанды ұнатамын.​


Мазницына Тамара Сергеевна, Белоусов БФ байыту өнімдерін бақылаушысы 

Жұмыс өтілім - 17 жыл. Ұжымымыз өте татулы. Мен сынаманы айыру бөлімінде жұмыс істеймін, қайта бөліп қорыту үрдісі аса зейін қоюды, жауапкершілік пен байланыс орната алуды талап етеді. Мені ұжымымда сыйлайды. Менің 3 қызым және 3 немере қызым бар. Үй гүлдерін өсіремін, тігінмен айналысамын. Бос уақытымда үй ішіме түрлі дәмді тағамдар әзірлеп беремін.      


Логинова Ирина Иванова, Усть-Талока энергоцехының Шемонаиха бастоғаны хлорлау қондырғысының операторы

Компанияда 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарамын, ал салада жұмыс өтілім – 1985 жылдан басталады. Жұмысым өзіме ұнайды. Хлорлағыш қондырғылар операторы шаруашылық және ауыз судағы қалдық хлорының құрамына зертханалық бақылау жүргізеді, сондай-ақ оған химиялық талдау жасайды.  Бос уақытымда кітап оқығанды, дәмді тағамдар пісіргенді және спортпен айналысқанды ұнатамын. 


Лейман Ирина Викторовна, Техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің инвестицияларды жоспарлау және мониторинг жөніндегі жетекші инженері, Орлов ӨК ​

Компаниядағы жұмыс өтілім – 3 жыл, ал салада – 2004 жылдан басталады. Жұмысым өзіме ұнайды, өте қызықты, қызулы, өндірісте көптеген кәсіптер әйелдердікі болмағанына қарамастан өндіріс жөнінде үнемі бірдеңе біліп отырасың. Өз еңбегіңнің нақты нәтижелерін көрген кезде жұмысыңнан ләззат алып, бақытқа кенелесің. Қызым – Маргарита, ол студент болғандықтан жиі көрмеймін, бос уақытымды сонымен өткізуге тырысамын. Иттерді өте жақсы көремін, бос уақытымда кітап оқимын. ​


Құрмашева Зульфия Әділғазықызы, "Востокэнерго" ЖШС Белоусов энергоцехы Ертіс алаңының абоненттік бөлім бақылаушысы ​

Ертіс кенішінде 12 жыл бойы қызмет атқарамын, абонент бөлімінде – 4 жыл. Менің жұмысымда көңілімнен шығатын бірнеше факторлар бар. Біріншіден, менің жұмысым адамдармен байланысты. Негізінде, мен адамдармен араласқанды ұнатамын, көп нәрсені білгім келеді, сол үшін жұмыста күн сайын түрлі адамдарды кездестіру маған өте ұнайды. Қарым-қатынас жасау процесінде мен жаңа адамдармен танысып қана қоймай, олар жайлы көп нәрсе біле аламын: олардың өмірі жайлы, оларды не мазалайды, не жасап жақсарта аламыз және т.б. Компаниямызда ер кісілерге арналған кәсіптердің көп болуына қарамастан – бұл барлығына мәлім – менің ойымша, мұндай қоғамда да әйелдің орны бөлек, өйткені ер кісі әрқашан барлығын жалпылай көреді, мәселелерге стратегиялық көзқараспен қарайды, ал әйел қауымы бүге-шүгесіне дейін қарайды. «Жын ұсақ-түйектерде жақсы жасырынған» деп бекер айтылмаған. Менің тұрмыс құрғаныма 24 жыл болды, бес қыздың анасымын, ене атандым. Жалпы алғанда, менің күнім әрбір минутына дейін жоспарланған: күндіз мен жұмыстамын, ал кешкісін уақытты қыздарыммен және күйеуіммен бірге өткіземін. Мен өз үйімді театр деп елестеткенді ұнатамын: кешке қыздарыммен бірге сабақ жасаймыз, тақпақтарын жаттаймыз, билейміз, сабаққа берілген тарихи оқиғаларды бір-бірімізге айтып береміз және т.б. Бос уақытымда, егер бар болып қалса, ән айтып, гитарада ойнаймын. Жалпы, отбасым шығармашылықты сүйетін жанұя.  


Құмарова Күләш Тохтанқызы, Орталық химиялық зертханасының химиялық талдау зертханашысы (санитарлық-өнеркәсіптік топтың бригадирі), Артемьев ӨК ​

Компаниядағы жұмыс өтілім – 2001 жылдың қаңтар айынан, ал салада 1980 жылдан бастап басталады. Маған жұмысым несімен ұнайды? Жұмысымды қатты жақсы көремін, қызметімді адал, мұқият және сапалы түрде атқарамын. Біздің тобымыз кешен бөлімшелеріндегі жұмыс аймағының ауасына зертханалық талдау жүргізеді, технологиялық, ағын, табиғи және жерасты суларына химиялық талдау жасайды. Сонымен қатар, біз қалдық жинақтағыштардың маңындағы жер қабатының және қар жамылғысының жай-күйін бақылаймыз және басқа да талдаулар жүргіземіз. Бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын.   


Кузьмина Татьяна Васильевна, Қызметкерлерді іріктеу және орналастыру бөлімінің бастығы, Ертіс ӨК ​

Жұмыс өтілім 18 жылдан асады. Жұмысымды жай ғана бар болғаны үшін жақсы көремін, өйткені қол жеткізген нәтижелер қанағаттандырады және де жанымдағы адамдар керемет жандар. Жұмысым мені аяғыма тұрғызып, шыңдады және психолог болдым. Бұл менің жай-тұрағым. Қарама-қарсы жыныстағы қызметкерлермен үнемі араласу өзіңе күтім жасауды талап етеді, ең бастысы – мына ережені сақтауды талап етеді – ер кісі қандай мәртебеде болмасын, онымен аты мен әкесінің атын атай отырып, сыпайы жымиып сөйлесу, осы арқылы ол маңызды орын алатынын сезіне алады. Өз үйім мен жанұям – бұл менің бақытым. Сүйікті күйеуім, екі ұлым және көзқуанышым ұл немерелерім бар. Әр жазда міндетті түрде кең байтақ өлкеміздің, Қырғызстан мен Ресейдің шексіз жазирасына саяхат жасаймыз.


Жалғасы сілтемеде

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items