В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals Serviсe: жоспарлы жөндеу

05.04.2017

Қарау саны: 39

; assetEntryID = 705711

Орлов шахтасындағы көліктерді жоспарлы жөндеу жұмыстарының деңгейі 70%-ға жетті. Яғни, жабдықтар тоқтаған 10 жағдайдың жетеуі профилактикалық жұмыстарға байланысты болып, өндірістің кестесіне кері әсерін тигізбейді. Тау-кен жабдықтарын жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге жауапты «KAZ Minerals Serviсe» компаниясының өкілдері бұл кездейсоқ жағдай емес дейді. 

"Бастапқы кезеңде бізде қиындықтар өте көп болды. Негізінен олардың барлығы қосалқы бөлшектерді жеткізуге қатысты еді. Қолымызға тиген бөлшектер түпнұсқалы емес болатын. Өз күшімізбен бұл проблемаларды шешуге тырысатынбыз. Бөлшектер келмей қалса, бір көлікті тоқтатып, ондағы жабдықтарды басқа көліктерге салуға тура келетін. Апаттық жағдайдан шығу үшін бәрін істедік. Ал қазір жағдай әлдеқайда жақсы ғой", - дейді Бақыт Қазбағаров, «KAZ Minerals Service» ЖШС Орлов сервис учаскесінің бастығы  

«KAZ Minerals Serviсe» тұпнұсқалы бөлшектерді өндірушілерден жеткізуді реттеді, арнайы қоймаларды ұйымдастырды, техникалардың жоспарлы жөндеу кестесін өзгертті. Ал қазір қосалқы бөлшектердің қаншалықты тозғанын қадағалау үшін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу үстінде. 

"Барлық техника шетелдік болғандықтан, біз сол техниканы шығарған зауыттармен тікелей жұмыс істейміз. Бүгінгі күні бізге техника жеткізетін компаниялардың арасында Сандвик майнинг, Борусан сияқты компаниялар бар. Қазіргі уақытта біз жоғары қысымды құбырларға белгі салу жобасын Еврогидросервиспен бірге бастадық. Яғни, біз қандай құбыр қай техникада тұрғанын біліп отырамыз, сонымен қатар оны ауыстыру уақытын жіті қадағалай аламыз. Бұл дегеніміз техника құбырдың істен шығуы салдарынан тоқтайтын жағдайларға жол бермейді деген сөз.Сонымен қатар техникаларда орнатылған тораптар мен агрегаттарды бегілеу жөніндегі ережені енгізіп жатырмыз. Барлық тораптардың бірыңғай базасы жасалып, оның нөмірі бойынша тораптарлы қадағалауға болады. Кез-келген адам компьютерге тиісті нөмірді енгізіп, ол қай техникаға және қашан орнатылғанын, қашан ауыстыру керектігін көре алады", - дейді Даниэль Белгішев, Жезкент өндірістік алаңының басшысы, «KAZ Minerals Serviсe» ЖШС

Барлығы KAZ Minerals Service-те 470-ке жуық адам жұмыс істейді. Жезкент өндірістік алаңында жинақталған үздік тәжірибені қазір Усть-Таловкаға енгізіле бастады. Бұл жақтағы қызметкерлер жезкенттік әріптестері сияқты табысқа жетпек. Бұл мақсатта оларға «KAZ Minerals Service» ЖШС-нің және Шығыстүстіметтің басшылығы барынша қолдау көрсетуде. Болашақта сервистік компания өзінің қызметін KAZ Minerals Тобының өркендеу жобаларына ұсынбақ.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items