В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals қазақстандық қайырымдылық рейтингінің жоғарғы орнында

16.09.2016

Қарау саны: 18

; assetEntryID = 716065

Vласть интернет-журналы қазақстандық медиа тарихындағы қайырымдылық жөніндегі алғашқы рейтингті жариялады. Бұл рейтингке 2013-2015 жылдар аралығындағы өзінінің қайырымдылық мақсатта жұмсаған шығындарын ашық айтуға келіскен 25 кәсіпорын қатысты. Kazminerals.info журналист Маргарита Бочарованың материалынан үзінді келтіріп отыр. 

Рейтинг абсолютті сандар, яғни компаниялардың теңгемен есептегендегі қайырымдылық шығындары негізінде жасалды. Алғашқы екі орынды редакция ұжымы  KAZ Minerals Тобы мен Еуразиялық топқа беруді жөн санапты. Біріншіден, аталмыш компаниялардың үш жылдағы қайырымдылық шығындары рейтингтің кейінгі сатыларында тұрған кәсіпорындардан әлдеқайда асып түседі. Екіншіден, редакция сауалына келген KAZ Minerals мәліметтерінде қайырымдылық шығындары доллармен көрсетілген. 

Кейін бұл мәліметтер Ұлттық банктін деректеріне сәйкес теңгеге ауыстырылып, есептелгеніне қарамастан редакция ұжымы есептеу барысында ақаулар болуы мүмкін екенін ескерді. Сөйтіп, Топқа ғана бірінші орын беру дұрыс деп шешім қабылданды. 

Жалпы, KAZ Minerals Тобы мен Еуразиялық топ 2013-2015 жылдар аралығында қайырымдылық және демеушілік жобаларға 44 млрд теңгеге тарта қаржы жұмсаған. Үшінші орында "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры. Оның қайырымдылық шығындары 2,4 млрд теңгені құрады. Рейтингтегі қалған компаниялардың жалпы үлесі 8,5 млрд теңгенің көлемінде. 

Зерттеу нәтижесі бойынша қазақстандық компаниялар тарапынан балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардағы балаларға, Ұлы Отан соғысы мен зейнеткерлерге, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандаға көмек көсетіледі. Бұл мақсатта компаниялар отандық ірі қайырымдылық қорлармен қоян-қолтық жұмыс істейді. 

Рейтингте қазақстандық холдингтер мен ұлттық компаниялар, сонымен қатар республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың өкілдері де ескерілді. 

KAZ Minerals Тобы

2013-2015 жылдар аралығында компания әлеуметтік жобаларға 132,2 млн доллар қаржы жұмсаған.  2013, 2014, 2015 жылдардағы теңгенің долларға қатысты орташа бағамын (Ұлттық банктің мәліметі бойынша) компанияның қайырымдылық шығындары шамамен  22 864,59 млн теңгені құрайды.

Компания негізінен кәсіпорындары орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындарына көмек көрсетеді. Себебі көбінесе ол өңірдегі жалғыз ірі жұмыс беруші болып табылады. Мәселен, 2015 жылы компания Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласында дарынды балаларға арналған спорт мектебіне қолдау көрсетті, Глубокое ауданында жолдарды салды, жергілікті билік органдарына мәдениет үйін берді және Өскемен қаласындағы облыстық ауруханаға арнап медициналық жабдықтар сатып алды. 

Мәтіннің толық нұсқасымен сілтемеге өтіп таныса аласыздар.

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items