В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals-қа 3 жыл!

31.10.2017

Қарау саны: 31

; assetEntryID = 699532

Құрметті әріптестер!

KAZ Minerals Тобының құрылғанына 3 толды. Осыған орай сіздерді құттықтаймын! Үш жылдың ішінде біз ауқымды қайта құруды аяқтап, нарыққа жаңа атаумен шықтық. Осы кезеңде көптеген жетістіктерге жеттік: Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты әлемдік деңгейдегі екі кеніштің құрылысын бюджет аясында және мерзімінен бұрын аяқтадық, әлемдегі ең қарқынды өсім мен бәсекеге қабілетті өзіндік құнды көрсете отырып, оларды есептік көрсеткіштерге жеткізу жолында жұмыс істеудеміз. Біз берген уәделерімізді орындап келеміз.

Айталық, егер үш жыл бұрын 80 мың тонна шамасында мыс өндірсек, биыл 250-270 мың тоннаға жетеміз, ал келесі жылы тіпті 300 мың тонналық межеден асамыз деп жоспарлап отырмыз. Қызметкерлердің көп бөлігі жұмыс істейтін Бозымшақ КБК-ні мен Шығыстүстіметтің кәсіпорындары да жақсы өндірістік көрсеткіштерге жетіп, бәсекеге қабілетті өзіндік құнды көрсетіп отыр.

KAZ Minerals - танымал бренд, жас, бірақ ресурстарды игеруде мол тәжірибесі бар, болашағынан зор үміт күттіретін компания. Біз кәсіпорындары бар өңірлердегі ғана емес, еліміздің түпкір-түпкіріндегі мамандар жұмысқа орналасқысы келетін тартымды жұмыс берушіге айналдық. Таяу жылдары әлемдік нарықтың танымал да, ірі қатысушысына айналамыз.

Жаңа жобалардың аздығын, жасыл энергетиканың қарыштап алға басуын ескере отырып, дамуымыздың шыңы мысқа деген үлкен сұраныспен қатар келетініне сенемін. Топ-менеджменттегі өзгерістер осы үрдістердің айнасы деп айтуға болады. Бұл туралы бұрын хабарлағамыз. Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Топтың стратегиялық дамуына ден қоюға мүмкіндік туады.

Біз жыл сайын тікелей эфирде кездесіп, Топтағы барлық кәсіпорындардың күнделікті проблемаларын талқылап жүрміз. Бұл проблемалар біртіндеп шешімін тауып, еңбек жағдайлары жақсарып келеді. Мен үшін қызметкерлердің көңіл күйі маңызды.

Корпоративтік құндылықтарды енгіздік. Олар өзінің компаниясы мен әріптестеріне сенімді, білімге құштар, қауіпсіздік техникасын бұлжытпай орындайтын, қоршаған орта мен сеніп тапсырылған ресурстарға  ұқыпты қарайтын қызметкерлеріміздің жаңа бейнесін қалыптастыруға көмектеседі. Олар ашық және адал, жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, ертенгі күнді ойлайтын адамдар. Компания корпоративтік құндылықтарды дамытуға үлес қосатын қызметкерлерді ынталандырады. Жақында корпоративтік құндылықтар жөніндегі екінші конкурсты қорытындылаймыз. Ал желтоқсан айында мен үздік қызметкерлермен Астанада жолығам.

Қызметкерлердің еңбектері мен жетістіктерін тану бағдарламасы аясында осы үш жыл бойы бірге жұмыс істеген әріптестеріміз еңбек сіңірген үшін алғашқы белгішелермен марапатталады. Белгішелер кімге және не үшін берілетіні туралы kazminerals.info сайтындағы арнайы брошюрадан оқи аласыздар.

Компанияның дамуына және табысына қосып отырған үлестеріңіз үшін әрқайсыларыңызға алғыс айтқым келеді. Сіздің кәсіпқойлығыңыз бен мақсатқа жете білуіңіз - KAZ Minerals-тың басты қозғаушы күші, қазіргі және болашақ жетістіктердің күретамыры.

Құрметпен, 

Олег Новачук, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items