В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null KAZ Minerals: 2018 жылдың бірінші тоқсаны

26.04.2018

Қарау саны: 47

; assetEntryID = 696592

Бірінші тоқсанда KAZ Minerals Тобы 67,3 мың тонна мыс өндірді. Бұл бұған дейін тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға (2017 жылдың 4-тоқсаны: 65,2 мың тонна), ал 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 29%-ға көп (52,1 мың тонна). Өндіріс көлемінің артуы Бозшакөлдегі және сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасындағы өсімнің арқасында қол жетіп отыр. Компания барлық металдар бойынша 2018 жылға жоспарланған көрсеткіштерге жету жолында. 2018 жылы мыс өндірісі 270-300 мың тонна көлемінде болады деп көзделген.

Бозшакөл 

Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК-нде 2018 жылдың бірінші тоқсанында 26,9 мың тонна мыс өндірілді. Мұндай 20%-дық өсім кен өңдеуді 10%-ға арттыруға, бөліп алу коэффициентінің жақсаруына және кендегі мыстың орташа мөлшерінің жоғары болуына байланысты. Былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда мыс өндірісі 17%-ға артты. Соңғы көрсеткіштер, жыл бойында өңделген кеннің құрамындағы мыстың азаятындығына қарамастан, 95-105 мың тонна мыс көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың қол жетімді екенін көрсетіп отыр.

Алтын өндірісі 29%-ға артып, кендегі металдың жоғары мөлшерінің және бөліп алу коэффициентінің жоғары болуының арқасында 36 мың унцияға жетті (2017 жылдың 4 тоқсаны: 27,9 мың унция). 2018 жылы өндіріс көлемі 115-125 мың унция көлемінде болады деп жоспарланған. Кендегі алтынның мөлшері біртіндеп азаяды.

Бозшакөлдегі кен қазу көлемі 37%-ға артып, 8,136 млн тоннаны құрады (2017 жылдың 4-тоқсаны: 5,952 млн тонна). Оны кен байыту фабрикаларында өңдеу көлемі 10% ұлғайып, 6,674 млн тоннаға жетті (2017 жылдың 4-тоқсаны: 6,06 млн тонна).

Сульфидті кендерді өңдейтін байыту фабрикасы 95%-дық орташа өткізу мүмкіндігімен жұмыс істеп, айтарлықтай техникалық қызмет көрсетуге тоқтаған жоқ. Диірмендердің қаптамасын ауыстыру 2018 жылдың екінші және төртінші тоқсандарына жоспарланған.

Каолин балшығы бар кендерді өңдейтін байыту фабрикасы ұзақ мерзімді техникалық қызмет көрсетуде болғандықтан, оның өткізу мүмкіндігі аталмыш тоқсан аясында 82%-дан 65%-ға дейін төмендеді.

Ақтоғай

Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай КБК-нде 2018 жылдың бірінші тоқсанында сульфидті және оксидті кендерден 26,4 мың тонна мыс1 өндірілді. Бұл бұған дейінгі тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға артық болса, былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 122%-ға көп.

Сульфидті кеннен мыс өндіру бірінші тоқсанда кендегі мыстың жоғары мөлшері мен бөліп алу коэффициентінің арқасында 21,1 мың тоннаға жетіп, 9% өсті (2017 жылдың 4-тоқсаны: 19,3 мың тонна). Жылдық жоспарлы өндіріс көлемі - 90-105 мың тонна.

Оксидті кеннен 5,3 мың тонна катодты мыс өндірілді (2017 жылдың 4-тоқсаны: 6,7 мың тонна). Бұл төмендеу маусымдық сипатқа ие, бірінші тоқсандағы қысқы ауа температурасы ең төменгі деңгейге жеткен. Ал былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, 2017 жылы оксидті кенді өңдеу кешеніндегі өндірісті арттырудағы ілгерілеудің арқасында, есептік кезеңде 13%-ға артық. 2018 жылдың жоспарлы межесі - 20-25 мың тонна.

Бірінші тоқсандағы кен өндірісінің көлемі 31%-ға артып, 8,474 млн тоннаға жетті (2017 жылдың 4-тоқсаны: 6,47 млн тонна). Бұған себеп оксидті кеннің өндірісі ұлғайды. 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғандағы өсім 41%-ді құрап отыр. Себеп: 2017 жылы іске қосылған сульфидті кендерді өңдейтін фабрикадағы өндіріске арналған сульфидті кендердің өндірісі артты.

Наурыз айында сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасының өткізу мүмкіндігі 76% шамасында болды.

Шығыс өңір мен Бозымшақ

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің (Шығыс Қазақстан облысы) кәсіпорындарында және Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде мыс өндірісі 16%-ға азайып, 14 мың тоннаны құрады. 2017 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 16,7 мың тонна еді. Бұл төмендеу Николаев кен байыту фабрикасындағы жоспарлы 50 күндік тоқтауға байланысты орын алды. Бұл кезеңде Артемьев шахтасының кені жинақталып, жылдың кейінгі кезеңдерінде фабриканың жүктесін арттыру үшін қоймада сақталды.

2018 жылға жоспарланған мыс өндірісінің көлемі – 65 мың тонна.

Кен өндірісі 959 мың тоннаны құрады. Бұл бұған дейінгі тоқсанмен салыстырғанда 2% аз, дегенмен былтырғы жылдың бірінші тоқсанына сәйкес келеді.

Бірінші тоқсанда ілеспе өнімдердің өндірісі жоспарға сәйкес болды.

Концентраттағы мырыш өндірісі 20% артып, 14,2 мың тоннаға жетті (2017 жылдың 4-тоқсаны: 11,8 мың тонна). Бір жыл ішінде 60 мың тонна концентраттағы мырыш өндіру жоспарланып отыр.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда бірінші тоқсанда алтын мен күмістің өндіріс көлемі 5%-ға артып, 13,6 мың унцияға (алтын) және 574 мың унцияға (күміс) жетті. Кендегі металдардың жоғары мөлшері қайта өңдеу көлемінің азаюының орнын толтырды. Егер былтырғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, алтын мен күмістің өндірісі сәйкесінше 3% және 4%-ға азайды. Шығыс өңір мен Бозымшақта 2018 жылы 45-50 мың унция алтын мен 2 млн унцияға жуық күміс өндірілетін болады.

Қаржылық ақпаратты жаңарту

2018 жылғы 31 наурыздағы мәліметке сәйкес, Топтың таза берешегі $2,206 млрд-ға дейін жетті (2017 жылғы 31 желтоқсан: $2,056 млрд). Бұл Ақтоғайдағы кен байыту фабрикасын салған мердігер ұйымға 2016-17 жылдан мерзімі шегерілген $250 млн-дың, $94 млн көлеміндегі пайыздық төлемдердің және $58 млн көлеміндегі ПҚӨС мен роялитидің есебінен орын алып отыр. $3,732 млрд жалпы берешек бола тұра, ақшалай қаражаттың және оның эквиваленттерінің жалпы сомасы 2018 жылғы 31 наурызда $1,526 млрд құрады.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «Мен Бозшакөл мен Ақтоғайдағы сульфидті фабрикалардың арқасында орын алған тоқсандық өндірістік өсім туралы қуана хабарлаймын. Біз жыл бойында барлық металдар бойынша өзіміздің 270-300 мың тонна мыс пен 160-175 мың унция алтын көлеміндегі көрсеткіштерімізге жету жолындамыз. KAZ Minerals Тобы тығыз баланстағы нарықта өндірістің артуын қамтамасыз етіп отыр, ал мыс бағасының орта мерзімді перспективасы тұрақты».

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items