В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Көп балалы Жезкент

13.09.2016

Қарау саны: 43

; assetEntryID = 716434

Осымен үшінші жыл қатарынан қыркүйектің екіншісі жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. KAZ Minerals - мыңдаған отбасылық ұжым. Әр отбасы  өз алдына бір хиқая. Татьяна Маер кazminerals.info сайытына арнап сол хиқаяларды жинақтады. 

Отағасының жауапкершілігі - ол өте ауыр жүк. Нағыз ер адам алып жүре алатын жүк. Менің кейіпкерлерім нағыз еңбекқорлықтың көрінісі іспеттес. Оларды жұмыста құрметтейді, ал үйінде айрандай ұйыған отбасылары күтіп отыр. 

Бұл бірегей отбасыны кенттің әрбір тұрғыны таниды десек, артық айтқандық болмас. Олар бір бригада - Мусиндер бригадасы сияқты. Отағасы - тәжрибел электрик Қапан Мусин ешқашан балаларын белгілі бір мамандыққа мәжбүрлеген емес. Бес баласының әрқайсысы өз еңбек жолын өзі таңдаған. Қазір барлығы әкесінің жанында өндірістік кешенде жұмыс істеп жүр. Біреуі әкесі сияқты энергетик болса, қалғандары ТЖМ машинисі, бекітуші, скреперші немесе теміржол жөндеуші болып еңбек етеді. 

Жезкенттп егіздерді, тіпті үшемдерді тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Дәурен Ибраев - Орлов шахтасында шахта ішіндегі көліктің учаске бастығы. Сонымен қатар ол бес баланың әкесі. Бір қызығы Дәуреннің үлкен қыздары арасындағы жас айырмашылығына қарамастан егіздердей ұқсас біріне бірі. 

Үлкені Дарья – студент, болашақ техник-лаборант, жеңіл атлетикамен айналсыады. Түрлі жарыстарда колледждің намысын қорғап жүр. Ал Ангелина мектепте жақсы оқиды, музыкалық мектепке де барады. Ал кенжелері кентте белгілі үшемдер: Темірлан, Рамиль және Альбина туған-туыстарын зеріктірмейді. Қазір олар балабақшаға барып жүр. 

«Мен УЗИ тексерісінен келіп, Дәуренге үшем болатынын айтқанда аяғы жерге тимей секірді. Қуанғаны соншалық!», - деп еске алады Дәуреннің жұбайы Валентина.

Тағы бір көп балалы отбасы  -  Петрушевтер әулеті. Отағасы Владислав Петрушев Орлов шахтасында электровоз машинисі. Ол жан жары екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Бір қызығы, олардың ішінде қос егіз жұп бар. Отбасының тұңғышы Иван 19 жаста. Дәрігер болғысы келеді. Арманы орындалсын деп тілейік. Ал Дима мен Костя егіздер. Олар 13 жаста. Спортты сүйеді. Хоккейші болғысы келеді!

Ал Василиса мен Настя биыл мектепке барды. Зерек қыздар өте белсенді. Ән айтады, билейді, сурет салады! Татьяна күйеуіне қатарынан екі рет егіздер дүниеге келетінін қалай айтқанын еске алады. Владислав - салқын қанды кісі. Жаңалықтарды да солай қабылдады. Бірақ қуанышын жасыра алмады. 

«Біз сәбилерді дүниеге әкелеміз бе, жоқ па деп бір сәт те ойланбадық. Қанша қиын болса да, бұл біздің бақытымыз деп қабылдадық. Балалар басты байлық біз үшін», - дейді Татьяна.

Әрине, бұл компанияның барлық отбасылары емес. Олар туралы да сөз қозғайтын боламыз…

 

Татьяна Маер,

Жезкент к.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items