В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Көлік басқаратын нумизмат

19.09.2016

Қарау саны: 26

; assetEntryID = 716034

Оның 40 жыл еңбек өтілі барысында автокөлікпен жүріп өткен жолының ұзындығы жер шарын бірнеше рет айналып өтуге жетеді деп қалжындайды. Бүгін, яғни 19 қыркүйекте Жезкент автокөлік цехнының жүргізушісі Юрий Аллачев 63 жасқа толды!  

Жасы мен айтарлықтай еңбек өтіліне қарамастан Юрий Иванович әлі тың және компания игілігі үшін әлі де еңбек етуге дайын. жеке өзім онымен бірге талай қызметтік іссапарларда болдым. Юрий Иванович әрдайым өмірінде болған оқиғаларды айтып отырады. Кейде тіпті адамзаттың пайда болғаны туралы пікірлерін де айтып жүреді. Мұндай пікірлердің бірнешеуін біледі ол. Ал өмір жолында болған оқиғалардың барлығы шытырманға, сонымен қатар терең мәнге ие.

«Бірде рейске шыққанда үсіп қала жаздадым. Егер мейірімді адамдар үлгермесе жағдайым қиын болар еді. Көлігім өшіп қалды, айнала тас қараңғы, оның үстіне дала борандатып тұрды. Жанармайдың бәрін шелекке құйып, өртедім. Жанатын нәрсенің бәрін өртедім. Мұның бәрі үсіп қалмаудың амалы. Жылынып отырған отым енді сөне бастағанда кездейсоқ адамдар келіп, мені алып кетті. Біздің өңірдің табиғаты қиын ғой. Ойламаған жерде батып қалуға болады. Мәселен, қарлы күні тұрып қалсан, көлікті өшірмеуге тырысу қажет. Ал мұндайға тап болғанда әрбір жүргізушіде өзінің арнайы жиынтығы болады. Оның ішінде кәдімгі  балауыз шам бар міндетті түрде. Бір қарғанда мұндай шамнан қандай жылу болуы мүмкіндеп ойлайсын. Бірақ өте жақсы жылу береді. Талай рет құтқарған. Сол себепті балауыз шам жылулық пен жайлылықтың символы шығар», - дейді Юрий Иванович, еңбек жолын еске ала отырып. 

Ол Жезкентке жақын орналасқан Горняк ауылында дүниеге келген. Ол кезде шекара жоқ еді, барлығы бір мемлекетте тұрған. Әскерден келген соң Юрий Аллачев жүргізушілікке оқып, жұмысқа кірді. Отбасын құрды, балалары дүниеге келді. Ол уақытта Жезкент енді салына бастаған еді. Шахтерлер кенті өсіп, жетілген сайын жас жүргізуші Юра да есейе бастады.   

«Әртүрлі адамдармен жүрдім көлікте. Біреулер үлкен бастық болса, енді біреулер ортанқол мамандар немесе қарапайым жұмысшы болды. Барлығымен тіл табыса білу керек. Кейде психолог сияқты адамдардың мұңын тыңдауға тұра келеді. Кейде жәй ғана үндемей отырғаның адамға көмектеседі», - дейді Юрий Аллачев.

Жүргізушілер бір-біріне бауырдай болады. Тіпті танымайтын адамға жол бойында көмектесесін. Ал ұжымда отырғанда кім және қайда барғанын, қай жердің жолы қандай екенін айтып отырамыз. Бірлеулер жол білмей адасып қалып жатса да, телефонмен көмек сұрап жатады.

«Бұл біз үшін заң сияқты - бір-бірімізді қорғап, қолдаймыз. Мәселен, жұмысқа жас жігіттер келді делік. Техниканы аса жақсы білмесе, кез-келген білікті маман оларға бәрін түсіндіріп береді. Ал жолдағы бағыт бойынша міндетті түрде нұсқау береміз. Жастарды сынаудан аулақпын. Қазіргі жастар білімді ғой. Дегенмен жұмыста жұмысы мен көлігін шын сүйетін адамдар ғана қалады…», - дейді Юрий Иванович.

Шопырдың жұмысында кемшіл тұстар да аз емес. Кейде ұзақ уақыт бойы отбасыңды көрмейсін. Себебі не ұзақ іссапарда боласын, не көлігіңмен алысып жүресін. Дегенмен Юрий Ивановичтің айтуынша, ол үнемі жақындарын қуантуға тырысқан. Балаларға ойыншық әкелсе, жан жарына жергілікті дүкенде жоқ дүниелерді сыйлайтын. 

Біздің кейіпкердің хоббиі де бар. Ол - нумизмат. Айтуынша, ол жас кезінде тиындарды жинай бастады. Егер жаңа монетаны көрсе, бірден коллекциясына қосып қояды. Жинаған әрбір жәдігерінің тарихы да бар екен. 

«Мына монета - моңғол тұғрығы. Оны маған 1974 жылы көршім әскерден келгенде әкеліп берген. Содан бәрі басталды. Жас кезімде өте қатты әуес болдым осы іске. Бір кездері әйелім де ұрса бастады. Қазір басқаша қараймын. Кім біледі? Мүмкін жылдар өте келе ұрпақтарым алғыс айта жатар осы үшін. Бұл хоббиді мақтан тұтамын», - деп ағынан жарылды  Юрий Иванович.

Бұл қарапайым, еңбекқор адамға ұзақ ғұмыр мен денсаулық тілейміз!

Татьяна Маер,

Жезкент кенті

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items