В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Қайратты жастар

26.06.2017

Қарау саны: 109

; assetEntryID = 702349

Өскемен қаласында облыстың кәсіпорындарында жұмыс істейтін жастар арасындағы байқау өтті. Бұл байқауға 7 команда қатысты. Олардың арасында "Шығыстүстімет" ЖШС-нің жас мамандары да бар. Байқауды ШҚО Ішкі саясат басқармасы мен облыстық Жастар ресурс орталығы ұйымдастырды. 

Байқау аясында спорттық жарыстармен қатар, командалардың өнерін бағалайтын шығармашылық сайыс та ұйымдастырылды. Ең үздік деген нөмірлер қорытынды гала-концертке енетін болды. 

- Бұл өте жақсы мереке. Басқа кәсіпорындардың жас мамандарымен танысып, етене араласуға мүмкіндік берген байқаудың ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз. Уақытты көңілді өткіздік, - деді Толлинг және логистика департаментіне қарасты ЖБФ өткізу бөлімінің маманы Олеся Ануфриева.

Ұйымдастырушылар барлық әріптестеріміздің жоғары шығармашылық деңгейін атап өтті. Нәтижесінде гала-концертке Шығыстүстіметтің төрт шығармашылық нөмірі кірді. 

- Сіздердің тағдырларыңызға еліміздің тағдыры тікелей байланысты. Сіздер жас, әрі жігерлісіздер. Ойларыңыз өткір жансыздар. Бұның бәрі не бір керемет жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Сол арқылы еліміз, қала берді облысымыз дами түсері анық! Біз сіздерге сенеміз!, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Байқаудың жеңімпаздары «Үздік шығармашылық бағдарлама», «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы», «Үздік спорттық команда», «Жастар таңдауы», «Қайратты жастардың сұлтаны мен аруы», «Үздік жанкүйерлер» сияқты номинацияларда марапатталды. 

Нәтижесінде "Шығыстүстімет" ЖШС "Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы" номинациясында жеңіске жетті. Компанияның әлеуметтік серіктесі - Жастар одағы кәсіпорындарды белсенді жұмыс істейді. Одақтың мүшелері әлеуметтік және еңбек қатынастары бөлімінің мамандарымен бірлесіп, конкурсқа үлкен дайындық жасады. Бір айта кететін жағдай, Жастар одағы 2011 жылы облыстың үздік жастар ұйымы атанған.  

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items