В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Қауіпсіздіктің нышаны

13.06.2017

Қарау саны: 27

; assetEntryID = 703163

"Шығыстүстімет" ЖШС-де өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы үздіктерді марапаттады. Бұл шара Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналды. Мониторингтің нәтижесі бойынша Артемьев өндірістік кешені өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің ұжымы үздік деп танылды. 

«Бұл командадан зор үміт күтеміз. Бұл мамандардың қоян-қолтық жұмысы проблемаларды анықтап, оларды дұрыс шешуге мүмкіндік берді. Олардың бұл еңбегін ескере отырып, Артемьев өндірістік кешеніне көшбасшылықтың осы өтпелі белгісін табыстаймыз. Бұл шахтерлар мен кен байытушылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, оларды сақтау жолындағы еңбегін елеп, ескеру. Бұл жаңа дәстүр бойынша нақты бағалау талаптары бар. Жыл нәтижесі бойынша АӨК-нің жарақаттану көрсеткіші ең төмен», - деді "Шығыстүстімет" ЖШС ӨҚ және ЕҚ қызметінің бастығы Павел Подберезкин.

Еңбекке және қауіпсіздікке деген жаңа көзқарас өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мамандарды марапаттау дәстүрінен көрініс тапты. Оның үстіне аусыпалы кубок пен жариялы түрде марапаттау әріптестер арасындағы бәсекелестікті туғызады. 

«Сабақ түріндегі өтпелі кубоктың төрт жағы ұжымдарда өндірістік қауіпсіздік саласындағы өзгерістерді енгізуді білдіреді. Бұл тұрақты бір көшбасшы немесе жыл сайынғы жаңа көшбасшы болуы мүмкін», – дейді Павел Петрович.

Жоспарға сәйкес осындай марапаттау рәсімдері жыл сайын Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні аясында өтетін болады. 

«Еңбекті қорғау саласындағы жаңа тәсілдер жағдайды жақсартары сөзсіз. Мұндағы басты қағида - адамдардың ерікті түрде қатысуы. Олардың жоғары білікті маман ретінде өздерінің мүмкіндіктерін көрсетуге деген құлшыныс нұсқамалықта жазылғаннан да көбірек жасауға деген ниеттерімен қатар жүреді», - дейді ол.

Жеңімпаз командалармен қатар, ӨҚ және ЕҚ мамандары арасында да үздіктер анықталды. Бұл жолы АӨК өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің талдау және есепке алу маманы Ольга Исаева жеңімпаз атанды. Ол құрмет грамотасымен және «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне жолдамамен марапатталды. 

Константин Докучаев, Юлия Бор, АӨК

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items