В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Қауіпсіздік мәселесінде немқұрайлылық керек емес

13.07.2018

Қарау саны: 97

; assetEntryID = 696064

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің кәсіпорындарында Қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі енгізіле бастады. Оның мақсаты қандай? Бұл жаңашылдықтың нақты қадамдары қандай? Қандай проблемаларды шешеді? Осы жайында KAZ Minerals Тобының өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі менеджер Тимур Әлімбеков айтып берді.  

Бұл тәуекел менеджменті жүйесі туралы айтып берсеңіз.

Бұл жүйе компанияның іс-қызметі барысындағы өндірісті жоспарлаудан бастап, жұмыс орындарындағы қауіп-қатерлерді анықтауға дейінгі барлық деңгейдегі тәуекелдерді біріккен түрде басқаруды көздейді.

Неге дәл осы жүйе таңдап алынды?

Қауіпсіздік саласындағы бұл біріккен «деңгейлі» жүйе негізгі тау-кен кәсіпорындары үшін стандартты болып табылады. Бұл кездегі интеграция немесе бірігу – тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару кәсіпорынның іс-қызметінің барлық деңгейлерінде өзара байланысты.

Айталық, жобалау, ұзақ мерзімді өндірістік жоспарлау, жабдықтарды таңдау, жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде тәуекелдерді анықтау және бағалау жобаны тікелей іске асыру кезіндегі қызметкерлерге төнетін қауіп-қатерді айтарлықтай азайтады. Ал бастапқы кезеңде тәуекелдерді анықтаудағы әлсіз жұмыс немесе одан мүлдем бас тарту салдарынан, мысалы, жаңа нысандар құрылысында немесе тау-кен қазбаларын өткенде, қызметкерлерге қауіп төніп, жарақаттар мен апаттардың саны артуы мүмкін. 

Сондықтан қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару - бизнестің ажырамас бөлігіне айналатын интеграциялы немесе біріккен жүйе пайда болуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алып, белгілі жағдайларды болжауға мүмкіндік береді.

Қарапайым тілмен айтсақ, кез-келген іс-қызметтің нәтижесі сәтті болуы үшін өндірістік циклдың әр кезеңінде барынша дұрыс шешім қабылдау керек. Бұл кездегі шешімдердің тиімділігі шешім қабылдауға түрткі болған ақпараттың сапасына тікелей байланысты.

Мәселен, жолдан өтерде адам өзі, қолында бар ақпаратқа сүйене отырып, шешім қабылдайды. Біреулер төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан рұқсат етілмеген жерден және рұқсат етілмеген уақытта жүгіріп өтеді. Өзіңіз білетіндей мұндайдың арты қайғылы жағдайға алып келеді. Ал енді біреулер асықпай, жан-жағына қарап, жаяу жүргіншілер өткелімен немесе бағдаршамның рұқсат беретін шамына өтеді.

Кәсіпорындарда шешім қабылғанда осындай логикаға жүгіну керек.  Шығыстүстіметте енгізіліп жатқан тәуекелдерді басқару жүйесі басшылық және өндірістік дұрыс шешімдерді қабылдаудың тиімді құралдарын көздейді. Оның ішінде тәуекелдерді жеке бағалаудың SLAM жүйесі де бар. (SLAM: stop, look, assess, manage).

Мұндай жүйелер бұрын қолданылды ма?

Маған бұл сұраққа жауап беру қиынға соғады. Менің ойымша кәсіпорынның бүкіл іс-қызметі тәуекелдерді басқару негізінде құрылуы керек.  Шындығында бұл жаңа, басқаларға мүлдем ұқсамайтын жүйе емес. Әрине, біз тәуекелдерді бағалаудың белгілі бір жаңа құралдарын енгіземіз. Дей тұрғанмен, біз бұған дейін қолданылған әдіс-тәсілдерді де осы жаңа бірыңғай жүйеге қосамыз.

Жүйені енгізу қалай іске асатын болады?

Жүйені енгізу үшін кәсіпорындардың пилоттық бөлімшелерін таңдап алдық. Нұсқаулықтарды, қажетті құралдарды, оқыту материалдарын жасадық. Барлық бөлімше басшыларын оқыттық. Егер нақты айтар болсақ, пилоттық бөлімшелерде қауіпсіздік саласындағы тәуекел менеджментімен айналысатын жұмыс топтары құрылды.

Олар әрбір өндірістік процесске сай тәуекелдерді, процесстің қалыпты жағдайынан ауытқушылықтарды барынша анықтап, оларды бағалап және айтарлықтай қауіп-қатерді азайтудың іс-шараларын ұсынуы керек. Келесі міндет – учаскеде атқарылатын барлық жұмыстар реестрін қалыптастыру.

Мына мәселелерді бөлек санаттарға шығару туралы шешім қабылданды:

  • Қызметкерлерге қауіп-қатері айтарлықтай емес стандартты жұмыстар;
  • Қызметкерлерге деген қауіп-қатер жоғары стандартты қауіпті жұмыстар;
  • Штаттан тыс жағдайлар, яғни процессті жүргізу барысында пайда болатын стандартты емес жұмыстар;
  • Апатты жағдайлар, оның ішінде Апатты жою жоспарына сәйкес жағдайлар.

Тәуекелдердің корпоративтік матрицасын қолданғанда қауіпсіздік тұрғысынан анағұрлым маңызды жұмыстардың түрін анықтап, оларға қатысты жұмыстарды қауіпсіз атқарудың визуалды тәртіптерін жасау қажет.

Айталық, жару жұмыстарынан кейін атылмай қалған шпур заряды  - бұл штаттан тыс жағдай. Өкінішке қарай, мұндай жағдай үнемі орын алады. Ал осы жарылмаған зарядты жою – бұл қызметкерлерге үлкен қауіп төндіретін стандартты емес жұмыс. Немесе шахтадағы вагонетканың рельстен шығып кетуін алайық. Вагонды қайтадан рельске орнату – қызметкерлердің өміріне қауіп төндіретін жұмыс болып табылады. Біз осындай стандарттан тыс жағдайларды барынша көбірек анықтап, оларды жою үшін нақты, түсінікті қадамдарды жасауымыз керек.

Жарақаттарды талдау көрсеткендей, штаттан тыс жағдайларды жою кезінде нақты ережелер болмаса және қызметкер тек өзінің білімі мен дағдыларына ғана сүйене отырып жұмыс істесе жиірек жарақат алады екен.

Қандай проблемаларға тап болдыңыз?

Айтарлықтай үлкен проблемалар жоқ. Туындайтын мәселелер жұмыс тәртібінде талқыланып, шешіледі. Компания басшылығы да қолдау көрсетіп отыр.

Бұл жүйені қолданысқа енгізу үшін қанша уақыт керек?

Біз өткен жылдың үшінші тоқсанында бастадық. Нұсқаулықтардың, оқыту материалдарын жасап, жүйені енгізудің іс-шаралар жоспарын құрдық. Биыл оқытуды бастап, қолданбалы тәсілдерді жасадық, оларды пилоттық бөлімшелерде қолдана бастадық.

Қандай аралық нәтижелер бар?

Әзірге нақты нәтижелер туралы айту әлі ертерек. Барлық бөлімшелердің басшылары оқытудан өтті. Олар өзінің жұмысын қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ескере отырып жоспарлайды деген сенімдемін. Соның арқасында анағұрлым тиімді шешімдерді қабылдайды.

Ал қандай нәтижені көздеп отырмыз?

Қауіпсіздік саласындағы (басқа бағыттардағы) тиімді тәуекел менеджменті жұмыстағы оқыс оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл оқиғалардың салдарымен емес, себептерімен күресіп, іс-қызметіміздегі қауіптер мен тәуекелдерді анықтап, бақылау. Әрине көздегеніміз – кәсіпорындардағы жарақаттану санын барынша азайту. Ал қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару – бұл осы жолдағы ең тиімді әдіс-тәсіл.

SLAM – тәуекелдерді басқару жүйесінің бір құралы. Оның мәні қандай және қандай шаралардың қамтиды?

SLAM – бұл қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқарудың біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын жұмыс орнындағы тәуекелдерді бағалаудың жеке құралы. Әр адам өзінің өмірі мен денсаулығына кауіп төндіретін жағдайларды анықтап, бақылай алуы тиіс.

SLAM – төрт сөзден құралған аббревиатура: STOP – тоқта, LOOK – қара, ASSESS – бағала, MANAGE – басқар. SLAM блокнотын алмас бұрын әр қызметкер оқытудан өтеді. Оқыту барысында блокнотты толтыру нұсқаулықтарымен қатар, қауіп-қатерді анықтау тәсілдері мен қауіптерді басқару әдістері көрсетіледі. Маңызды жәйт – әр адам өзінің өмірі мен денсаулығы үшін өзі жауапты екенін түсінуі керек. SLAM дәл осыны үйрететін құрал.

Блокнотта 9 сұрақ бар. Осы сұрақтарға жауап беру арқылы қызметкер жұмысты бастамас бұрын қауіп-қатерлерді анықтап, бақылай алады немесе жұмысты қауіпсіз түрде жүргізуге мүмкіндік болмаса, одан бас тартады.

SLAM-ды пайдалана отырып, біз кімнің тәжірибесіне сүйенеміз?

Бұл халықаралық деңгейде қолданылатын жүйе. Негізінен Австралияның тау-кен саласындағы тәжірибелерге сүйене отырып жасалған. SLAM – бұл біздің салада қолданылатын жүйелердің баламасы.

Әр адам қауіпсіз еңбек жағдайында жұмыс істеуге құқылы. Мен SLAM-ның чек-парақшаларын толтырғанда адал болуды сұраймын. Бұл жеке бас қауіпсіздігі. Ешқандай жұмыс үйреншікті сарынға айналып кетпеуі керек. Естеріңізде болсын: SLAM чек-парақшасын дұрыс пайдалану және «Қауіпсіз іс-әрекет ережелерін» сақтау жұмыс орнында өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды. Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіретін бақылауға келмейтін қауіпті жағдайда жұмыс істеуден бас тарту ешқандай тәртіптік жауапкершілікті көздемейді. Метал өмірден қымбат емес!

Тәуекелдерді басқару өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанда, іс-қызметіміздегі жазатайым оқиғалар да болмайды.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items