В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Құтқару капсуласы

26.07.2019

Қарау саны: 45

; assetEntryID = 692983

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің шахталарына құтқару капсулалары – апаттық құтқару камералары (АҚК) немесе ауамен апаттық жабдықтау камералары орнатыла басталды.

«Құтқару камерасы шахтадағы ауа сапасы нашарлаған және апаттық шығу мүмкін болмаған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тыныс алу үшін ауа беруге арналған. Камералар төменде орналасқан негізгі кен қабатта орнатылады және ықтималды апатты жою жоспарында көрсетіледі. Қазіргі уақытта біз 4 камераны сатып алдық – олардың екеуі Орлов шахтасына (әрқайсысының сыйымдылығы 16 адам), ал екеуі Артемьев шахтасына (әрқайсысының сыйымдылығы 12 адам) жеткізілді», - деп түсіндірді «Шығыстүстімет» ЖШС-нің кеніштер мен өнеркәсіптік нысандарды желдету жөніндегі жетекші инженері Қанат Қалижаров.

АҚК штаттан тыс жағдайды күту үшін барлық қажетті дүниелермен жабдықталған. Мысалы, автоматты ауа сүзу жүйесі, ауа ортасын бақылау датчиктері, 36 сағат ішінде оттегін автономды беру жүйесі, биодәретхана орнатылған. Азық-түлік және су да қарастырылған. Сондай-ақ, мұнда көмірқышқыл газын жою, ауа баптау жүйесі, қосалқы қуат көзі қарастырылған. Капсулалар отыруға арналған орындармен жабдықталған.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items