В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Құлдық туралы

16.11.2017

Қарау саны: 51

; assetEntryID = 699128

Ағымдағы жылдың соңына дейін KAZ Minerals тобының барлық кәсіпорындары мен компанияларының 800-ге жуық жұмыскері жаһандық маңызы бар заманауи құлдық мәселелеріне арналған арнайы оқыту сессияларына қатыспақ.

Құлдықтың заманауи түрлерімен күресумен айналысатын Walk Free Foundation қорының деректеріне сүйенсек, 2016 жылы Жаһандық құлдық индексінде Қазақстан мен Қырғызстан 167 елдің арасында 25-орынды иеленген. Қор сарапшыларының бағалауы бойынша, бұл елдерде құлдықта жүрген халықтың үлесі 0,467%-ды (81 600 қазақстандық және 27 700 қырғызстандық) құрайды. Антирейтингтің алғашқы үштігінде Қытай, Өзбекстан және Камбоджа елдері тұр.

2015 жылы қазан айында Британдық «Заманауи құлдық туралы» заң күшіне енді. Мұнда қылмыстың 2 түрі қамтылған - құлдық, құл еңбегі, еріксіз немесе мәжбүрлі еңбек, сондай-ақ, адам саудасы. KAZ Minerals өзінің іскерлік қызметінің бір бөлігін Ұлыбританияда жүзеге асыратындығын ескерсек, осы заң әсерін біздің компанияға да тигізеді.  Бұдан былай, есептік жылдан кейін келетін жылдың 30 маусымына дейін KAZ Minerals тобы Директорлар кеңесі қол қойған ашық есепті жариялап тұрады, мұнда компанияның заманауи құлдықпен күресуге бағытталған бір жыл ішіндегі шараларының барлығының сипаттамасы беріледі.

KAZ Minerals тобы барлық адам құқықтарын олардың БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясындағы анықтамасына сәйкес таниды және біздің кәсіпорындарда өндірістік қызметті жүзеге асыру барысында, сондай-ақ жеткізу тізбегі шеңберінде осы құқықтардың сақталуын қамтамасыз етуге түбегейлі ниетті. 2016 жыл ішінде Топтың бастамасымен Заманауи құлдықпен күресу саясаты, соның ішінде Жеткізушілердің жарғысы мен Адал жалдау шарттары туралы кодекс қабылданды. Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен және мердігерлермен жұмыс істейтін жұмыскерлерге арналған оқыту сессиялары тап осы жаңа ережелерді түсіндіруге арналған.  

«Осы орайда, мердігерді таңдау кезінде біз, тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беруші компания ретінде, орындаушының құл еңбегін пайдаланбайтынына және біздің компания тарапынан белгіленген адал жалдау шарттарына қатысты талаптарды, сондай-ақ Жеткізушілердің жарғысын сақтайтынына іс жүзінде сенімді болуымыз тиіс. Қазақстанда мамандардың алаңдаушылығын туғызатын салалардың қатарына мигранттардың еңбегі, құрылыс, қонақүй-мейрамхана бизнесі және шаруашылықты жүргізуге жәрдемдесу жатады. Қазақстандық, сондай-ақ ресейлік жеткізушілермен арадағы жұмыстардың барлығы Лондондағы кеңсе арқылы емес, Қазақстандағы жабдықтау қызметі арқылы жүзеге асырылады. Осы мәселелердің барлығы біздің сессияларда талқыланады», - дейді KAZ Minerals Тобының Оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Оксана Омельченко.

Компания барлық жұмыскерлер мен мердігерлерді кез келген белгілі немесе күдік туғызатын заманауи құлдық немесе адам саудасы жағдайлары туралы дереу 1) өзінің желілік басшысына, 2) Топтың құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Николай Климовке мәлімдеуге, не болмаса 3) 8 800 333 3499 (Қазақстанда) және 0 800 808 0800 (Қырғызстанда) тегін телефон нөмірі арқылы SpeakUp шұғыл желісіне хабарласуға шақырады.

 

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items