В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null Іске қосу-баптау – бұл ең керемет!

06.03.2020

Қарау саны: 790

; assetEntryID = 692551

Анара Никамбаева Бозшакөл КБК зертханасы жұмысының бастапқы кезеңдерінде болды, оның қалыптасуына атсалысты. Еңбек жолында алғашқы рет ол іске қосылғаннан кейін ол басқа зертханаларды ашуға кеткен жоқ. Ол осында қалып, жинақталған білімді қолдану арқылы жаңа қырларының ашылу мүмкіндіктерін іздеді.

- Анара, сіз бес жыл бойы Бозшакөл КБК зертханасын басқарып келесіз. Бұл мамандыққа қалай келдіңіз?

- Бірден келген жоқпын. Бірінші білімім бойынша мен теміржолшымын. 1990 жылдары жағдай оңай емес еді, жұмыс табу өте қиын болды. Бұл уақытта менің әпкем металлург болып жұмыс істейтін және жазғы демалыста лаборант болып жұмыс істеуді ұсынды. Мен ұзақ ойланбастан келістім. Осы сала туралы ешқандай түсінік жоқ болса да, еңбек жолымды басталдым. Маған бәрі қызықты болды, мен бәріне қызықтым. Алғашқы тәлімгерім – инженер Дәрия Батынова - бәрін шыдамдылықпен және егжей-тегжейлі түсіндіретін. Оған әлі күнге дейін алғысым шексіз.

Соңғы 10-12 жылда менің қызметім зертханаларды іске қосу-баптау жұмыстарына және оның жұмысын жақсы жолға қоюға бағытталған. Егер бұрын мен түйіндемемді таратып, жаңа жұмыс іздесем, соңғы жылдары жұмыс берушілер мені іздейді.

- Ирандағы алтын өндіру жобасында жұмыс істегеніңіз белгілі. Бұл тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші.

- Менің бұған дейінгі жобам Иранда болды. Жүктелген міндет - зертхананы басынан бастап қалыптастырып, оны іске қосу және пайдалануға беру. Бұл міндет сәтті орындалды. Мен сол жерде 2,5 жыл жұмыс істедім. Кесте бойынша бір ай істеп, бір ай демалыс болды. Ол кезде бәрі Ирак пен Иранды шатастыратын Ол жерде болу қауіпті деп ойлады. Мен үйге келген сайын, анам қобалжып «жетер енді, бүкіл ақшаны сол жерден таба алмайсың» дейтін. Аталған жобаны аяқтап, мен Бозшакөлдегі зертхананы іске қосуға шақырту алдым да, келістім.

- Бозшакөлдегі алғашқы күніңіз есіңізде шығар? Ойыңыз қандай еді?

- Бұл қорқынышты болды (күлді). Мен станцияға келдім. Бұл жолаушылар пойыздары тек үш минутқа ғана тоқтайтын шағын ауыл екен. Сіз қиыршықтасқа секіріп үлгеруіңіз керек, өйткені перрон болған жоқ еді. Бастама осындай болды. Біз кен орынға келгенде мұнда құрылыстың белсенді кезеңі жүріп жатты. Зертхана ғимаратының ішінде әрлеу жұмыстары атқарылып жатқанын көрдім. Жалаңаш қабырғалар, жарық жоқ. Бірақ мені бұл қорқытпады. Керісінше, жақсы болды. Өйткені, бәрін басынан бастағанда, өзіңнің талабыңа сай жасай аласың. Маған зертхананы жобалау міндеттеріне сай жабдықтап, қызметкерлерді қабылдауым керек болды. Сол уақытта жұмыс қайнап жатты. Іске қосу-баптау жұмыстары - бұл ең керемет кезең! Өмір деген нақ осы жерде ғой. Содан кейін күнделікті бір қалыпты жұмыс басталады. Ол іркіліссіз жүруі үшін ең басында бәрін жақсы ойластыру маңызды. Біз 2015 жылдың маусым айында бастадық.

Айтпақшы, қызықты оқиға есіме түсті. Мені бос зертханамен таныстырған кезде, мердігер ұйымның қызметкері зертханаға арналған құралдар салынған қораптарда демалып жатқанын көрдім. Мен үшін бұл нағыз шок болды. Оған "Сен мұнда бұрыннан жатырсың ба?" десем. Ол "Ыңғайлы ғой" деп жауап берді. Елестетіп көріңізші. Менің ашуым келді. Бұл жабдық, өте қымбат жабдық! Мен оған: "Сенің, әрине, әрі қарай да жата беруіңе болады, бірақ ол жарылуы мүмкін "дедім. Ол отқа күйгендей секіріп тұрды. Менімен бірге Дэвид Лоудер болған. Ол бұл жағдайға жарты сағат бойы күліп, "Мен оларды осы жерде қуа алмай жүр едім. Қашан келсем де, олар осында жатады" деді. Содан бері бұл аспаптардың үстінде ешкім ұйықтаған жоқ. Біз екінші рет келсек, ішінде  бомба бар сияқты кабинетті кілттеп қойыпты.

- Зертханалардың барлығы бірдей сұлба бойынша іске қосыла ма?

- Жоқ, барлығының ерекшеліктері бар. Өйткені зертханалардың міндеттері әртүрлі. Мысалы, Ирандық алтын өндіруші компанияда мүлдем басқа әдіс қолданылған – кендегі сынаптың мөлшері өте үлкен. Бозшакөлде күрделі кен - мыс және молибден сияқты екі тізбек бар. Ілеспе металдар көп. Осының бәрі ескеріледі.

- Концентратта қандай металл қандай пайыздық мөлшерде екені туралы анықтаманы сіздердің зертханаларыңыз бере ме?

- Бұрын солай еді. Ол кезде менің жауапкершілік аймағым кеңірек болған. Бірақ сол кезде он да төрт күн жұмыс кестесімен істеуге тура келетін. Сергей Владимирович Леу маған жөнелту желісін жолға қоюды тапсырды, біз оны сәтті іске асырдық. Екі жыл болды біз бұл жұмысты жаңадан құрылған техникалық бақылау бөлімінің қарамағына тапсырдық.

- Зертханада қандай және қайдан келген жабдықтар бар?

- Біздің зертхана Agilent фирмасының атомдық-абсорбциялық спектрометрлерімен, Thermo Scientific компаниясының ICP-OES технологиясымен спектрометрмен, Metrohm (Швейцария) автоматты титраторымен, ASP-Гео рентген-флуоресцентті спектрометрімен, ESSA үгіту-ұнтақтау жабдықтарымен жабдықталған, ал балқыту бөлімінде австралиялық пештер орнатылған. Салмақ өлшеу техникасы - Mettler Toledo және Sartorius. Майларды талдау бөлімінде Spectro және Anton Paar өндірісінің анализаторлары орнатылған. Бұл өндірушілердің барлығы талдау жабдықтары нарығында әлем бойынша ең үздік саналады.

- Жұмысыңыздағы ең қиыны не?

- Мен үшін ең қиын - күту. Қандай да бір қызметтің тапсырысты орындауын, оның дайын күйінде бізге келуін және белгілі нәтижеге қол жеткізуіміз күту.

- Зертхананың өмірі қалай өтіп жатыр? Ол тәулік бойы жұмыс істей ме? Демалыс, мерекелер бар ма?

- Зертхана екі ауысымда және екі вахтада жұмыс істейді. Тәулік бойы жұмыс тоқтамайды. Менің жұмыс күнім 11 сағат. Екі вахтамен де жұмыс істеп үлгеремін, яғни бір апта бірінші вахтамен, екінші апта екінші вахтамен боламын.

 - Қазір мұнда жетпіс адамдай жұмыс істейді. Олардың қаншасы басынан бері жұмыс істеп келеді?

- Шамамен 40-50%. Көбі кетіп қалды.

- Неге?

- Кадрлардың кетуі. Біреу кестесі немесе тұрғылықты жері ыңғайлы жұмысты таңдайды. Бірақ әлі бір де бір адам «маған сізбен жұмыс істеу қолайсыз» деп кеткен емес. Жалпы кадр мәселесін біз жақында ғана шештік – оқыту бөлімімен бірлесіп мансап жолымен және еңбекақы көлемі бойынша да өсуге мүмкіндік беретін жүйе жасадық.

- Сізге тағылымдамадан өтушілер немесе жас мамандар жиі келеді. Білім берудің қазіргі деңгейін қалай бағалайсыз? Қолданбалы дүниелерге ұзақ уақыт үйрету керек пе? Әлде олар тыңғылықты дайын болып келе ме?

-  Біздің зертхана ең заманауи және озық жабдықтармен жабдықталған, сондықтан белгілі бір білімі мен дағдысы бар жас мамандарды табу өте қиын. Зертханалық жұмыстарға және өлшеу құралдарын қолдануға үйрету үшін тәлімгерді бекіту керек. Қазір бізде екі тағылымдамашы бар. Дәлірек айтқанда, қазірдің өзінде біреуі қалды. Екіншісін біз жақында ғана тұрақты негіздегі зертханашы қылып ауыстырдық. Жарты жылда жақсы дайындала алды, енді ол дайын маман.

- Сіз жоқта зертхананы кім басқарады?

- Менің орынбасарым - Жұмат Нұрпейісов. Оның үлкен жұмыс тәжірибесі бар, ол мені алмастыра алады. Ал жақында біз жаңа идеялары мол әрі жас екінші орынбасарды қабылдадық.

- Әйел адамға басшы болу қиын ба?

- Басқару қиын деп айта алмаймын. Күйзеліске төзімді болу керек. Өйткені бізде негізінен әйелдер ұжымы – ерлер 30% ғана. Шыдамды болу және әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға тырысу маңызды.

- Басқа кәсіпорындардағы әріптестеріңізбен хабарласып тұрасыз ба? Шығыстүстімет, Ақтоғай және Бозымшақ дегендей...

- Бозымшақпен және Шығыстүстіметпен хабарласпаймыз, ал Ақтоғаймен аптасына бір-екі рет хабарласып тұрамыз. 2019 жылдың қараша айында мен сол жерге алғаш рет бардым, біздің зертханаларымыз аса ерекшеленбейтінін көрдім. Бозшакөл бірінші іске қосылды. Бір немесе екі жылдан кейін Ақтоғай жұмысын бастады. Ақтоғайда қателіктер аз болды, өйткені олар біздің тәжірибемізге сүйенді. Енді біз олардың тәжірибесіне қарайтын боламыз - осы жылдан бастап онда LIMS автоматтандырылған жүйесін енгізеді. Бұл жүйе барлық зертханалық операцияларды – сынама түскен сәттен бастап нәтиже алғанға дейін біріктіреді. Әр кезеңді қадағалауға болады. Алдымен бұл жүйені сол жерде енгізеді, содан кейін бізде де болады.

- Бұл сұхбат 8 наурыз мерекесі қарсаңында шығады. Әріптестеріңізге не тілер едіңіз?

- Аруларға әрдайым көрікті, сүйікті де, сүйкімді болып қала берулерн тілеймін!

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items