В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Фабрикадағы оқыту бөлмелері

28.02.2017

Қарау саны: 58

; assetEntryID = 707961

Николаев кен байыту фабрикасында бұрынғы шәйхананың орнында жаңа оқыту бөлмесі ұйымдастырылды. Бұл бөлме фабрика қызметкерлерінің күшімен жасалды. Кәсіпорын басшылығы бастама көтеріп, қажетті қаражат бөлді. 

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімнің, серфистік өндіріс кешенінің және өзге қызметтердің қызметкерлері аталмыш бөлмені қазіргі жағдайға дейін жеткізуге көмектесті. Енді бұл бөлмеде 80-ге жуық қызметкер түрлі оқыту сабақтарына қатыса алады. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін мұнда 2 кондиционер орнатылды. Жаңа стендер мен кран-балканың, диірменнің, ресивердің, пресс-сүзгіштің, шағын үгіткіштің үлгілері де бар. Қабырғаларда электр қуаты мен буды оқшаулау жөніндегі арнйы плакаттар ілулі тұр. Қазір проектор мен экран орнату мәселесі қарастырылуда. 

«Жаңа оқыту бөлмесі өте қолйлы. Мұнда толықтай оқытуға барлық жағдай жасалған. Әрине, интерактивті тақтаның жоқ болғаны аздап қолайсыздық туғызады. Дегенмен бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын», - дейді өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің маманы Маржан Бейсбекова.

Фабрикадағы жаңғырту жұмыстарынан соң мұнда акт залы да қалпына келді. Бұл бөлмені қызметкерлермен кездесуге немесе оқытуды ұйымдастыруда пайдалануға болады. Бұл мақсатта түрлі мамандықтар бойынша, оның ішінде сирек кездесетіндер бойынша да, 150 астам оқулық сатып алынды. Бұл кітаптарды барлық қызметкерлер емін-еркін пайдалана алады.  

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items