Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Фабрикадағы гид. Бозшакөл КБФ

14.04.2017

Қарау саны: 0

«KAZ Minerals Инфо» басылымы «Экскурсия» атты жаңа айдарды бастады. Топтың кәсіпорындарындағы гид болып фабрикалардың, шахталардың, карьерлердің басшылары қызмет атқарады. Алғашқы болып Бозшакөл КБК сульфидті және каолин кендерін қайта өңдейтін байыту кешенінің директоры Фарит Суфьянов өзінің кәсіпорыны туралы айтып беруге келісті. 

Театр киім ілгіштен басталады деп жатады. Экскурсияны осы жерден бастап жатқанымызға қарағанда Бозшакөл фабрикасы алғашқы үгітуден бастала ма?

Дәл солай. Біздің фабрика, Ақтоғайдағы осындай кәсіпорын сияқты, осы жерден, яғни, алғашқы үгіту бункерінен басталады. 

Мұнда кенді дайындаудың операциясы – карьерде өндірілген кенді алғашқы үгіту жүргізіледі. Осы жерден кен конвейер арқылы үгітілген кен қоймасына жеткізіледі. Ол жақтан тікелей ұсақтауға кетеді. 

Мен фабрикадағы негізгі деген учаскелерді атап өтер едім. Олар: үгіту және ұсақтау учаскесі, флотация учаскесі және реагент бөлімі, қалдық сақтау және сумен қамту учаскесі, сонымен қатар сүзгілеу, қаптау және тиеу учаскесі. 

Фарит Сағитұлы, басынан бастасақ. Алғашқы үгіту дедік. Мұнда қандай процесстер жүргізіледі? 

Осы жерде алғашқы үгіту қондырғысы орнатылған.

Ол былай жұмыс істейді: арнайы бункерге төгілген кен үгітетін және үгітпейтін конустардың арасына түседі. Конустардың соқтығысуынан кен үгітіледі. Айталық, диаметрі 1000 мм кен бөлшегі алғашқы үгітуден кейін 180 мм аспайтын бөлшекке айналады. Бір сөзбен айтқанда кен бес есе ұсақталады. Сосын барып кен өздігінен жартылай ұсақтау диірменіне жеткізіледі. Жалпы ұсақтау кететін кеннің мөлшері орташа есеппен  50-300 мм.

Үгіткіш тәулігіне қанша кенді үгітеді?

70-75 мың тонна.  

Әр жүк көлік орташа есеппен 120-130 тонна кен әкеледі. бір ауысымда 12 көлік бар.  (Редакциядан: егер өндіріс тәулік бойы жүретінін ескерсек, ал  бір тәулікте екі ауысым жұмыс істесе, әр жүргізуші тәулігіне карьерден алғашқы үгітуге дейін 24 рейс жасауы тиіс).

Мұндай көлемдегі және өнімділігі осындай үгіткіштер Қазақстанда да, ТМД елдерінде де жоқ. Бұл әлемдегі ең ірі конусты үгіткіштердің бірі. Оның өнімділігі сағатына 4800 тоннаға дейін жетеді. Біз жобалық өндіріс қуатына жетіп, қазір толық қарқынмен жұмыс істеп тұрмыз. 

Оператор бөлмесінің құрылысы қандай және операторлар не істейді?

Бұл компьютерленген басқару пульті. Операторлар осы жерде отырып үгіту процессін басқарады. 

Осы жерде бақылау-өлшеу құралдарының датчиктері бар. Бір ауысымда бұл учаскеге екі адам қызмет көрсетеді. Олар осы торапқа (алғашқы үгіту қондырғысына –автор) және конвейерге жауап береді, жабдықтарды іске қосады, егер қажет болса тоқтатады. Жалпы жұмыстың барлық технологиялық көрсеткіштерін бақылайды. Бақылау үзілмес үшін олар осы жерде тамақтанады. Фабриканың орталық операторлық пультімен рация арқылы байланысып отырады. 

Міне, мына сұлбада көріп отырғаныңыздай барлық жабдықтардың көрсеткіштері экранда көрініп тұр. 

Ребята практически одной мышкой управляют всем процессом. На другом экране они видят весь цикл – от дробления до измельчения.

Мұнда қандай қиындықтар туындауы мүмкін? 

Айтарлықтай қиындықтар болмайды. Егер үгіткішке сыймайтын кеннің үлкен бөлшегі болса, жігіттер пульт арқылы бутобой деген құрылғыны қосып, оның көмегімен кенді бөледі. 

Қазір біз конвейердің жанында тұрмыз. Бұл жабдықтар туралы айтып берсеңіз...

Бұл конвейердің ұзындығы – 2,2 км. 

Оның көмегімен алғашқы үгітуден өткен кен арнайы қоймаға жеткізіледі. Бұл конвейер де бүкіл фабрика сияқты тәулік бойы жұмыс істейді. Оны пайдаланудың коэффициенті 75%-ға тең. Ол дегеніміз қалған 25% уақытта техникалық қызмет көрсетуге және тозған бөлшектерді ауыстыруға жұмсалады. Конвейердің жағдайын бақылау біз жаңа ғана барған басқару пультінен жүзеге асырылады. Операторлар датчиктер арқылы бәрін көріп отырады. Осыған дейін конвейерге қатысты ешқандай проблема болған емес. 

Яғни, кен конвейерден үгітілген кен қоймасына түседі деңіз...

Мына таудың астында үгітілген кен қоймасы жасырылған. Ол жерде кенді фабрикадағы өздігінен жартылай ұсақтау диірменіне жеткізетін басқа конвейерге кенді бірқалыпты бөлетін арнайы құрылғы орнатылған. Кен алдымен осы жерде, кейін конвейердегі таразыда өлшенеді. 

Бұл қойма алғашқы үгіту жабдықтарын керек кезде тоқтатуға мүмкіндік беру үшін жасалған. Себебі, ол техникалық қызмет көрсету үшін жиі тоқтайды. Сондықтан үгіткіш ұсақтауға қарағанда сағатына 1000 тоннаға артық өнім беруі көзделген. Нәтижесінде осындай үйінді пайда болады. 

Үгітуден ұсақтауға көштік делік. Ол жерде қандай процесс жүреді?

Алдымен кен өздігінен жартылай ұсақтау диірменіне (ӨЖҰД) түседі, сосын екі шар диірменінен өтеді.

Біздің ӨЖҰД ТМД аумағында көлемі жағынан ең ірі диірмен. Өзінің мөлшері бойынша ол әлемдегі екінші орында. Оның диаметрі 13 метрге жуық, ал ұзындығы 8 метрге таяу. Өздігінен жартылай ұсақтау диірменінің атаулы өнімділігі сағатына 3000-3100 тонна кенді құрайды. Ал есептік өнімділігі – 3400. Біз ақпан айының соңында сағатына 3200 тонна кен көлеміне жеттік. Қазіргі мақсатымыз - барынша өнімділікке қол жеткізіп, бұл қарқынмен тұрақты жұмыс істеу. 

 

Кен бөлшектері айналып жатқан барабанның ішінде бір-біріне және болат шарларға соқтығысу арқылы ұсақталады. Редукторсыз жетектің артықшылығы - диірменнің айналу жиілігін реттеуге болады.  

Бұл кезеңде кенге технологиялық су қосылады. ӨЖҰД-нен кейін кен мен судан тұратын қоспа шар диірмендеріне барады. 

Олар да әлемдегі ең ірі диірмендер болып табылады. Әрқайсысының диаметрі – 8,5 метр, ал ұзындығы 13 метрден асады. Олардың жұмыс тәртібі ӨЖҰД ұқсас – диірмендердің барабандары айналып, ішіндегі бар қоспа одан әрі ұсақтала түседі. ӨЖҰД-де де, шар диірмендерінде де кенмен бірге болат шарлар айналып жатады.

Төменгі қабатта, диірмендердің астында, электр қозғалтқыштар орналасқан. Бір қарағанда – бұл шағын ғана сұр контейнерлер. Біз оларды Е-хаус деп атаймыз. Мұндай бір контейнер бір шар диірменінің жұмысын қамтамасыз етеді. 

Өзіне қажетті жабдықтарды таңдағанда компания қандай шарттарды басшылыққа алады? Әлемдегі ең ірі диірмендерді орнатудың қандай қажеттілігі бар еді?

Егер осындан 10 жыл бұрын құрамындағы мыс мөлшері 0,385 болатын кен қалдық болып есептелсе, қазір бұл толыққанды өнім болып табылады. 

Сондықтан тиісті экономикалық әсер алу үшін осындай ірі көлемді жабдықтардың жобасы жасалды. Қайта өңдеудің ірі көлемінің арқасында біз экономикалық жағынан тиімді дайын өнім шығара аламыз. Егер кендегі металдың құрамы жоғары болса, мұндай ірі жабдықтардың қажеттілігі болмас еді. 

Айтпақшы, өндірісте пайдаланатын суды қайдан аласыздар?

Су Сәтпаев атындағы каналадан келеді. Бұл тек алғашқы 3-4 жылда. Сосын су қоймаларға қажетті көлем жиналғанда айналма суды пайдаланамыз. Бұл көрсеткіш 90% құрайтын болады. 

Фабрикадағы жабдықтар туралы айта кетсеңіз...

Фабриканы австралиялық компания жобалаған. Ал жабдықтар - флотомашиналар мен өздігінен жартылай ұсақтау диірмені FLSmidth трансұлттық компания әкелген. 

Outotec фин фирмасының жабдықтары, ABB швейцариялық компаниясының жетектері бар. Ал концентратты қаптау желісі Қытайда жасалған.

Ал қазір біз қай жерге келдік?

Бұл фабриканың басқару пульті. 

Осы жерде фабрикадағы жабдықтардың, технологиялық процесстердің барлық көрсеткіштері бар. Осында отырып бүкіл фабриканы басқаруға болады. Мұнда төрт адам жұмыс істейді. Біреулері үгіту мен ұсақтауға, енді біреулері флотацияға, ал қалғандары сумен қамтуға және қоюландыруға жауап береді. 

Егер технологиялық жолмен жүре берсек ұсақталған кен мен судың қоспасы, яғни пульпа , қай жаққа барады?

Иә, дұрыс айтасыз. Ол пульпа деп аталады. Бұл қоспа әрі қарай флотацияға жеткізіледі. KAZ Minerals фабрикаларында пульпаға ауа қосу үшін пневматикалық флотация машиналары қолданылады. 

Кен массасынан мысты бөліп алу үшін арнайы химиялық реагенттер қосылады. Нәтижесінде мыс минералдары ауаның көпіршіктерімен бірге судың бетіне шығып, арнайы науаларға түседі. Бізде флотацияның бірнеше сатысы бар. Айталық, пульпа қаралап және бақылау флотация камераларынан өтеді. Қалған пульпа қосымша ұсақтау диірменіне жіберіліп, содан соң қайтадан флотацияға келеді. 

 

Егер қарапайым сөзбен айтсақ, өнім екіге бөлінеді. Науаға түскен көбік, яғни дайын сатыға жақындаған мыс концентраты қоюландыруға, сүзгілеуге және кептіруге кетеді.  Ал флотациялық машинаның түбінде қалған шлам қоюландырудан кейін қалдық сақтау орнына жеткізіледі. 

Қоюландыру туралы айтып бере аласыз ба?

Флотациядан кейін біз құрамында 25% қатты зат бар өнімге қол жеткіземіз. 

Бірақ оны тиемес бұрын концентраттағы ылғалдан құтылуымыз керек. Мына толықтай автоматты түрде жұмыс істейтін үлкен ыдыстың ішінде концентрат қоюланып, құрамындағы қатты заттың мөлшері 60-65% құрайды. Яғни, ол паста күйінде пресс-сүзгілерге түседі. Сүзгілеуден кейін ылғалдығы 10% аспайтын дайын концентратқа қол жеткіземіз. 

Концентратты паста күйіне жеткізу үшін флокулянт деп аталатын реагент қолданылады. Оның көмегімен концентрат қоюландырғыштың түбіне тұтанды. Осы жерден сүзгілеуге жолданады. Осындай жолмен қалдық сақтау орнындағы шламдар да қоюланады. Ол насостар арқылы жеткізіледі. 

 

 

 

 

Сүзгілеу қалай жүзеге асады? 

Паста күйіндегі пульпа екі пластинаның ортасындағы пресске түседі. 

Сығылған су қайтадан қоюландырғышқа барады, ал концентрат, яғни кек, дайын өнім қоймасына кетеді. Әрі қарай тиегіш концентратты қаптау желісіне апарады. Бұл жерде дайын өнім қапталады. 

Неге бүкіл концентрат биг-бегтерге қапталмайды? Оның бір бөлігі ашық вагондарға тиеліп жатқанын көріп тұрмыз.

Қытайға кететін дайын өнімдерді біз тек қана биг-бегтермен қаптаймыз. Олардың әрқайсысында шамамен екі тонна концентрат бар.

Ал Қазақстанның аумағындағы мыс балқыту зауыттарына вагондармен жеткіземіз.

Біз фабриканың барлық сатыларынан өттік. Өткен жылдың ақпан айында фабрика директоры болып тағайындалған кезде маған бұл жолға бес сағат уақыт  кетті. 

 

Сұхбаттасқан Юлия Кузнецова, Алматы 

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items