Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Ел көріп, жер тану мақсатымыз

03.10.2017

Қарау саны: 0

Бөгет тауы – саяхатшылар арасында танымал, Қазақстанның табиғи көрнекі жері. Кейде оны «қызыл тау» деп те атайды. Алматыдан шығысқа қарай, Шонжы ауылына жақын орналасқан. Тау тылсым әдемілігімен ерекшеленеді – оған көз тіккен саяхатшылардың көбісі бірден қиял-ғажайып ертегілерден белгілі Марс планетасының көріністерін еске алады. Марстағыдай мұнда да барлығы – аяғыңыздың астындағы сазды жер, жартастар, тіпті өсімдіктер біркелкі қызыл түске бүркенген. «Гугл» сайты арқылы мұнда динозаврлар пайда болмай тұрып, 250 миллион жыл бұрын жанартаудың қайнап жатқандығын білдім. Тасқа айналған жанартау күлінің жынысты үйінділері осыны айқындай түседі. Жартастардың арасынан қатып қалған лава ағындарын көре аласыз. Тіпті жанартаудың атқылауы нәтижесінде түзілген базальтты да кезіктіруге болады.

Қыркүйектің жаймашуақ күнінде KAZ Minerals компаниясының алматылық жұмыскерлерінің бастамашыл тобы барлығына жаңа маршрут саналатын осы өңірлерге велосипедпен барып қайтуды ұйғарды. Таңертеңгі сағат алтыдағы жиынға барлығы кешікпей, ширақы көңілмен келді, жүздеріне күлкі үйірілген саяхатшылар иықтарына ішіп-жемге жетерлік азық-түлік салынған рюкзак асынған.

Бізді вело-саяхатшылар арасында танымал Александр Габченконың командасы қарсы алды. Көлікпен діттеген жерге көтеріңкі көңіл-күймен, емін-еркін жеттік. Терезеден табиғаттың әсем көріністерімен ләззаттанған қыздар жаңадан шыққан фильмдерден бастап, автомобиль жүргізу құпияларына дейінгі өзекті тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітуде. Әрине, жігіттердің олардың әңгімесіне тіпті сөз қыстырар мүмкіндіктері болмады, ұйықтай алдық деп те айта алмайсың. Оның үстіне көп кешіктірмей жолда таңғы ас ішудің де реті келді.

Бірнеше сағат өткеннен кейін біз әдемі жерге тоқтап, саяхатымызға қамдана бастадық. Александрдан бағалы нұсқаулар алғаннан кейін, өзіміздің велосипедімізді, суымыздың жеткілікті екендігін тексердік. Жолға дайынбыз! Велосипед. Жылдам қозғалыс. Бір бөлігі дөңгелекпен бағындырылып, бір бөлігі ұзаққа көз тіктірген даңғыл жол. Жанымыздағы көріністердің үздіксіз алмасуы және қайталанбас еркіндік!

Жусан тікендері бар демесеңіз, жер бедері өсімдік жамылғысының тапшылығымен ерекшеленеді, әлсін-әлсін ағаштарды, сексеуілді кезіктіресің.  Жердің кейбір борпылдақ бөліктерін велосипедпен жүріп өту қиынға соғады, жиі ұшырасатын борсықтың ірі індері де қозғалысымызды қиындатып әлек. Маршруттың бүкіл кезеңінде біздің команданың әртүрлі кедергілерге тап болғандығын айта кету керек. Камераларымыз жарылып, тіпті сирек кездесетін шинаның бүйірден жыртылуы орын алып жатты. Дегенмен команданың жақсы дайындығының арқасында велосипедтерімізді көп ұзамай қатарға қоса алдық.

Велотурдың ережелері бойынша соңғы қатысушының артынан машина жүріп отыруы тиіс. Бірнеше сағаттан соң жүріп өткен жол жиырма шақырымға жуықтағанда, команда жүрек жалғап алу ниетімен шатқалға аялдауға бел буды. Қатарымызға жаңадан қосылған Әйгерім мен Малика топтан қалып қойған екен. Бастапқыда бұған ешкім алаңдаушылық білдірген жоқ, біз олардың екінші машинамен бірге немесе сол машинаға отырып келетін шығар деп ойладық. Барлығымыз дастархан жайып, алдымыздағы асты рахаттана жей бастадық.

Көп кешікпей машина да келді… қыздарсыз. Жүргізушінің өзі де осы жұмысқа жаңадан кіріскендіктен, топтан күдер үзіп алған көрінеді. Александра Габченконың командасындағы Владимир Степанов (оны Колдун деп те атайды) бірден машинаға отырып, біздің қыздарды іздеуге кетті. Мұнда мобильді байланыс жұмыс істемейтіндіктен, команда мүшелерінің қолында рация бар болатын. Әрине, біз іштей алаңдап, тынышталып қалдық. Барлығы олардың қайда бұрылып кетуі мүмкін екендігін, оларда судың бар-жоқтығын ой елегінен өткізу үстінде. Александр болса мүлдем жайбарақат, оның «Колдун оларды тауып алады» сөзі көңілімізге сенім ұялатты. Ал бізді алдыда жолымыздың құмды бөлігі күтіп тұрды, осыны білетін Александр оны жаяу жүруді ұсынды. Сәлден кейін Колдун рациямен біздің қыздарымызды тауып алғандығын, барлығымыз бірге екі сағаттан кейін асуда кезігуіміз керектігін хабарлады. Қыздар белгіленген маршруттан мүлдем басқа жаққа бұрылып кеткен сияқты. Күн де батуға жақындап, айнала біраз түрленгендей болды: күннің шуағы әлсіреп, қоршаған таулар қызыл-қоңыр түске боялды. Маршруттағы қою қамысты «орманды» бағындыруымыз бәріміздің көңілімізден шықты, ештеңені көрместен қамыстың ішімен жүйтку қызық-ақ! Міне, шатқалдарға кеңінен құшағын жайған әдемі алаңқайға да келіп жеттік! Тәжірибесі мол Александр фотосуретке түсетін жақсы орын мен орналасу тәртібін көрсетті. Алақай! Бізге қыздардың табылғанын хабарлады! Қуанышымызда шек жоқ, себебі олардың қалып қойған сәтінен бері сағаттан артық уақыт өтті.

Бір сағат өтісімен-ақ біз олармен кезігіп, қыздардың әңгімесін тыңдадық. Олар қорықпаған көрінеді, өздерін тауып алатындықтарына сеніммен қарап, бұл туралы қалжыңдап та үлгерген екен. Келесі ретте мұндай саяхатқа тағы да шығу-шықпауларын сұрағанымызда, бірден оң жауап қайтарды. Компаниямызда осындай батыл әрі позитивті тұлғалардың жұмыс істейтіндігі көңіл қуантады! Ал осы велосаяхаттың қалған қатысушылары үшін бұл осымен үшінші саяхат, мұның олардың жадында айрықша естеліктер қалдыратындығына сенім мол. Бұл саяхаттың ілестіру тобы үшін де келешекте ескерілуі тиіс жаңа тәжірибе болғандығы сөзсіз. 

Тағы бірнеше топтық фотосуретке түстік. Әрине, әдетке айналып үлгерген «бір-екі-үш» санымен қолымызды жоғары көтере фотосуретке түсуден де қалыс қалған жоқпыз. Шаршаңқырап қалсақ та, разы көңілмен қалаға оралдық. Жол бойы 2018 жылдың сәуір-мамыр айына жоспарлаған жаңа сапарымызды талқылап келдік. Ел көріп, жер тану мақсатында KAZ Minerals компаниясы жаңа маршруттарды жоспарлап отырады және Компанияның өзге де қызметтік бөлімшелерін көңілді велосипедшілер командасына қосылуға шақырады…

Ирина Татарина, қаржылық талдаушы

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items