Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Екінші тікелей желі: постфактум

04.10.2016

Қарау саны: 0

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасының қызметкерлермен тікелей эфир жағдайында өткен сұхбаты осымен екінші рет ұйымдастырылды. Биыл бұл іс-шараға Қазақстан мен Қырғызстандағы 1265 қызметкер тікелей қатыса алды. Екі жарым сағат ішінде қызметкерлер 63 сұрақ қойып үлгерді.

Тағы 138 сұрақ Олег Николаевичтің атына тікелей эфирге дейін және кейін жолданды. Жалпы биыл Екінші тікелей желіні ұйымдастырушылар 201 сұрақ қабылдады. Қазір олардың барлығы мұқият қаралып, таяу арада байланыс деректерін қалдырған сұрақтардың авторлары сауалдарына жауап алады. 

Сұрақтарды санаты (түскен сұрақтардың жалпы санының %-ы):

1. Еңбек жағдайлары (18%)

2. Еңбек қатынастары (15%)

3. Компания болашағы және жеңілдіктер мен төлемдер (12%-дан)

4. Білім беру мен мансап (10%)

5. Еңбекақы мен сыйақылар (9%)

6. Әлеуметтік инфрақұрылым (7%)

7. Корпоративтік құндылықтар (5%)

8. Баспана және өзге (4%-дан)

9. ҚТ және негізгі құралдар (2%-дан)​​​

Тікелей эфирден кейін Олег Николаевич бұл жоба оған ұнайтынын жасырмады. «Маған ұнағаны -  адамдар белсенді қатысады, компания өміріне қызығушылық танытады, тікелей сұрақтар қоюға қорықпайды. Бұл екінші тікелей желі болғандықтан адамдар өздерін еркін сезінген сияқты. Олар ыңғайсыз сұрақ қойсам ертен жұмыстан шығып қаламын деп уайымдамайды. Қызметкерлер біздің ашық әңгіме өткізетінімізді және біз үшін тыйым салынған тақырыптар жоқ екенін түсінеді. Арнайы таңдалып алынған сұрақтар болмағанын жеткізгім келеді. Менің ойымша біз өзара сенімді сұхбат құра білдік», - деді Олег Новачук, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы.

Қалыптасқан дәстүр бойынша тікелей желіге қосылған орындар бір және екі жақты болып бөлінді. 

(Николаев БФ)

(Артемьев шахтасы, асхана)

(Бозшакөл)

Сондай орындар немесе ұйымдастырушылар атап кеткендей "нүктелер" Топтың Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық кәсіпорындарында ұйымдастырылды. Биыл алғаш рет тікелей эфирге Юбилейно-Снегирихин шахтасы, Балқаш қаласындағы кеңсе, "ВостокАвтоТранс" филиалы мен "Востокэнерго" ЖШС қатысты. 

Ең көп адам Артемьев шахтасында (ШҚО, Қазақстан) қатысыпты - 146 адам. Барлығы сұхбатқа арнап 62 бөлме дайындалды. 

«Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда тікелей көрсетілімнің техникалық шешімін жақсарта алдық. Осы жыл ішінде 60-тан астам орында бірден бейне конференциялық байланыс орнатуға мүмкіндік берген бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейттік. Бұл нүктелердің 22-сі екі жақты байланыспен қамтылды. Яғни, олар тек көріп және естіп қана қоймай, өздерін мазалаған сұрақтарды да қоя алды!

Дегенмен осы мақсаттарды орындау үшін біз көптеген амалдарды қарастырдық. Сөйтіп, әлемдік телеком жабдықтар саласындағы көшбасшы - CISCO компаниясының ұсынысына тоқталдық. Біз бұл техникалық шешімді күнделікті бейне конференциялық байланыс үшін де қолданамыз», - деп атап көрсетті Станислав Ким, Ақпараттық технологиялар департаменті Инфрақұрылым басқармасының бастығы. 

Жалпы алғанда екінші тікелей желіге дайындық жұмыстары 3 айға созылды. Оны іске асыру үшін Корпоративтік байланыстар департаментінің, Ақпараттық технологиялар департаментінің және Қызметкерлерді басқару қызметінің 130 қызметкері жұмылдырылды. 

«20-ға жуық репетиция өткіздік. Олардың барысында түрлі ұйымдастырушылық немесе техникалық проблемалар туындап жатты. Айталық, біреулер залға тапсырыс беруді ұмытып кетеді, бір кезде бейне көрсетілім болмай қалады. Бірақ әр дайындықтан кейін біз ақаулардың түзетіп отырдық.  Бір сәтте бақылау қажет болмай қалған сияқты сезім болды. Себебі, барлық мүдделі адамдар өзінің міндеттерін орындай бастады», - деді Леонид Болотов, «KAZ Minerals Management» ЖШС мәліметтерді сақтау және өңдеу бөлімінің бастығы. Ол АТ командасының үйлестірушісі болды. 

Тікелей желіге бір ай қалған уақытта техникалық дайындықтарға өңірлік модераторлар қатыса бастады. Олардың басты міндеті - ұйымдастырушылық мәселелерді шешу. Сонымен қатар екі жақты байланыс орындарындағы модераторлар бас модераторға көмек көрсетіп, әріптестерге сөз тізгінін ұсынып отырды. Ал бас модератордың міндетін қатарынан екі жыл Қазақстандағы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев атқарып келеді.  

«Мен өңірлік модераторлардың рөлін атап өткім келіп тұр. Бұл міндетті негізінен Қызметкерлерді басқару қызметінің өкілдері атқарды. Сондай-ақ, олар біздің дайындықтарымызға қатысып, өздерінің коммуникациялық дағдыларын шыңдады. Дегенмен олардың көрсеткен көмегі көптеген салаларды қамтыды. Олар түсіндіру жұмыстары үшін жауап берді, ақпараттандыруға көмектесті, қызметкерлердің сауалдарын жинады, бізге есеп берді. Тікелей желі командалық жұмысты нығайтып, департаменттер мен қызметтерді жақындастыра түскені қуантады», - деді Мақсұт Жапабаев.

Алдағы уақытта тікелей желіні ұйымдастырушыларда көптеген жұмыстар бар. Мәселен, қосымша түскен сауалдардың жауаптарын қалыптастыру, барлық сауалдардың жауаптарын сұрақ қойған қызметкерлерге дейін жеткізу керек. Тікелей желіге қатыса алмаған қызметкерлер хабардар болуы үшін корпоративтік газет пен тележаңалықтардың арнайы санын дайындау да маңызды міндет. 

«Бұл жобаны ішкі зерттеу жүргізу барысында қызметкерлердің өздері ұсынған болатын. Тікелей желінің аудиториясы - бұл Топтың корпоративтік компьютері мен поштасы жоқ жұмысшылары. Айталық, шахтерлар, кен байытушылар және компанияның өзге қызметкерлері. Тікелей желі барысында топ-менеджерге сұрақ қою мүмкіндігі кез-келген адамда бар. Ең бастысы - ниет болса», - дейді Юлия Кузнецова, ішкі коммуникациялар жөніндегі менеджер және тікелей желінің үйлестірушісі.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, жобаның аясында айтарлықтай өсім байқалады. Топ-менеджермен тікелей сұхбатта қандай жаңалықтар болатынын үшінші тікелей желіні барысында көреміз. 

Фотосуреттерді көре отырыңыздар

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items