Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Эверестке саяхат

12.07.2018

Қарау саны: 0

KAZ Minerals Management-тің екі қызметкері өздерінің кезекті еңбек демалысын өзге әріптестері сияқты емес, өзгеше өткізді. Олар рюкзактарын жинап, трекинг шатырларын алып, әлемнің ең биік тауы  - Эвересттің етегіне сапар шекті.

Эверест тауы – Гималай тауларының бөлігі, теңіз деңгейінен 8 848,43 метр биіктікте орналасқан. Непал елінде оны Джомолунгма деп атайды. Ол тибет тілінен тікелей аударғанда «Бүкіл әлемнің қасиетті анасы» дегенді білдіреді. Тау Непалдың оңтүстік шекарасының және Қытайдың Тибет ретінде белгілі солтүстік шекарасының сызығында орналасқан. Аталмыш шың әлемнің әң әдемі, сонымен қатар, ең қауіпті және қайғылы жерлерінің бірі.

Джомонлунгмаға шығуға жылдар бойы дайындалатын кәсіби алпинистерге қарағанда, Эверестің базалық лагеріне жаяу сапарды (трекинг) белсенді демалыспен айналысып, үнемі жаттығатын кез-келген адам игере алады.  Мұндай адамдардың қатарына біздің әріптестер де кіреді. Қаржылық менеджер Бауыржан Қордабаев және операциялық іс-қызметтің қаржылық бақылаушысы Олег Юн – марафондардың тұрақты қатысушылары және сапарға шығуды жақсы көретін жандар.

«Менің досым Ермек 2017 жылы Эвересттің базалық лагеріне барған. Келген соң талай қызықтарды және тау-табиғаттың әдемілігі туралы көп айтты. Содан кейін қаңтар айында Жалғас деген досым сол жаққа баруды ұсынғанда мен келісіп, Бауыржанға да бірге баруды ұсындым», – дейді Олег Юн.

Бұл сапарды ұйымдастыру жағын әлеуметтік желіде Saladin Mahmud деген атпен танымал Олжас деген жігіт айналысты. Сапарға қатысушыларға арнап WhatsApp желісінде арнайы чат ашылып, сол арқылы ұйымдастырушы қажетті заттардың тізімін жіберіп, пайдалы кеңестермен бөлісті. «Менің таулы жерге сапар жасау тәжірибем бар. Дегенмен олар мұндай ұзақ емес еді. Сондықтан барлық кеңестерге мұқият болдық. Жаттығу ретінде Туристер шыңына, Талғар сарқырамасына дейін бардық, сол жерде қондық. Бір сөзбен айтқанда акклиматизацияға жағдай жасадық. КЖ мен Фурмановкаға бардық. Ол жаққа онсыз да жиналып жүргенбіз», – дейді Бауыржан Қордабаев.

«Жалпы бұл саяхатқа біз қаңтар айынан бастап дайындалдық. Эвересттің базалық лагеріне (ЭБЛ) дейінгі трекинг туралы көптеген бейнероликтерді қарадық. Барлығын зерттедік, қандай киім, трекинг таяқшалары, ұйықтайтын мөшектер керек екенін анықтадық. Мұндай саяхатта әрбір 100 грамм салмақтың пайдасы мен зияны бар. Сол себепті жабдықтардың ең оңтайлы түрін таңдауға тырыстық. Ауа райы да түрлі болды: Катманду +30 болса, ЭБЛ-де – 10. Сәуірдің 22-де жартылай марафон болды. Оған дайындалу барысында да жүгіріп, шынықтым. Өйткені саяхатқа дайындықтың бір түрлі болды», – деп еске алды Олег Юн.

Оның айтуынша туған-туыстары бұл бастамасын аса құптай қоймады: «оның не керегі бар?» деген сұрақтарды қою болды. Қауіпті дегендей. «Бірақ youtube-тағы көптеген бейне роликтерді көрген соң пікірлерін өзгертіп, керісінше дайындық кезінде қолдау көрсетті», – дейді Олег Юн.

 

 

 

 

Бұл саяхат 28 сәуірде басталып, 15 мамырға дейін, яғни Эверестке трекинг пен экспедициялардың уақытына дейін жалғасты. Ұйымдастырушыны қоса есептегенде топта 17 адам болды. Команданың гендерлік құрамы да сақталды – саяхатшылардың жартысы жігіттер, жартысы қыздар еді.  «Жалпы команданың жас ерекшеліктері – 27-40 жас аралығында еді. Негізінен Қазақстанның азаматтары. Бір жігіт Ливиядан, бір әйел Ресейден келді. Тағы бір саяхатшы – Ерлан 7 жыл бойы Камбоджада тұрады екен. Ол манго, драгон жемісі, кептірілген банан, бананнан дайындалған пастила, кешью сияқты дәмді дүниелерді алып келді», – деп еске алды Олег.

«Чаттағы хат алмасу басталғандағы алғашқы ойларым есімде. Бір саяхатшы Испанияға 300 км қашықтыққа 17 күндік сапар жасаған екен. Енді біреуі былтыр Ironman-ді (ұзақ қашықтыққа триатлоннан жарыстар желісі – редакция) орындапты. Шаруам бітті – жете алмай, ұятты болатын шағырмын деп ойладым», – деп бөлісті Бауыржан. Дегенмен ешкім жоспардан ауытқыған жоқ.

 

 

 

 

Саяхаттың алғашқы күні Алматы – Дели Катмандуға дейінгі әуе сапарынан басталды. Содан кейін Делидің әуежайында 16 сағат бойы қажетті рейсті күтті. Сол жерде барлығы танысты. Әріптестеріміздің бағыты әдеттегіден бөлек болды – себебі туристік маусым басталғандықтан, жетекші қиын, сонымен қатар қызықты бағытты таңдап алды.

«Біз Гокио көлдерінің жанынан өтіп, Гокио Ри шыңына көтерілдік (5360 м), сондай-ақ, аңызға толы Чо Ла (5420 м) асуынан өттік. Бұл күні біз 12 сағат жолда болдық, - дейді Олег. – Жалпы, бұл көптеген естеліктер мен эмоция қалдырған демалыс болды. Көп нәрселер менің өмірімде алғаш рет болды. Айталық, тік ұшақпен ұшу (нәтижесінде Лукла әуежайындағы жаман ауа райының кесірінен екі рет ұштық). Бес мың метр биіктікте пайда болған тау ауруына байланысты бірқатар қиындықтар болды -  демікпе, бас ауруы, оттегі жетіспегендіктен бұлшық еттер дұрыс жұмыс істемеді. Чо Ла асуы өте қиын болды. Күні бойғы өтетін биіктік 700 метрге таяу болды, ал жалпы асудан өту 12 сағатқа созылды».

 

 

 

 

 

Саяхат – шағын өмір іспеттес. Оның барысында өзіңнен де, өзгеден де түрлі эмоциялар көресің. Кейбір жағдайлар ұнамайды, кейбірлеулері керісінше. «Адамның қатты қиналғанын көресің, бірақ бұл кісі сені қиын жағдайда тастамайтынын сезесің. Әсіресе, қыздарға қатысты айтқым келеді. Олар көбірек қиналды. Оның үстіне олар эмоцияға көбірек беріледі. Бұл мен үшін жарқын естелік болып қалады. Тағы бір қиналған кезіміз – бұл базалық лагерьдегі түнеуіміз. Адамның тыныс алу механизмі СО₂-нің көп болуы негізінде жұмыс істейді. Айталық, ағзада оның концентрациясы жоғары болса, ми ауа жұтуға белгі береді. Бұл өзімен өзі жүретін процесс. Алайда биіктікте олай емес. Ояу жүргенде тыныстайсың, ал ұйықтағанда демалмайсың. Сөйтіп, бірнеше секундтан кейін оянып, тынысын тарылғандықтан ауа жұта бастайсың. Осылайша түні бойы қайталанады. Әдетте мұндай жағдай түніне бірнеше рет қана орын алады. Бірақ маған «сәті түскен» сияқты болды – мүлдем ұйықтай алмадым», – дейді Бауыржан.

Олегті Гималай тауларының және лагерь аумағының керемет әсемдігі таң қалдырды. «Мұндай әсем жерлер Жер бетінде бар екенін сезіну айтып жеткізбес эмоция. Тұрмыс-тіршілігі тым қарапайым болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындардың жылы қарым-қатынасына риза болдым. Адамдар ашық, жарқын және бауырмал. Сондай-ақ, базалық лагерьде өткен түн есімде көпке дейін қалады. Әдетте трекинг командалары лагерьде қонбайды. Өйткені ол шыңға көтерілетін экспедицияларға арналған. Сәті түсіп, біздің гид 2018 жылдың күзінде Ама Даблам (Непалдың әдемі шыңдарының) шыңына сапар ұйымдастыратындықтан бізге лагерьдің шатырларында тамақтану мен қоныс ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Түн өте суық болды, оның үстіне жауын, артына 10 см қар жауып қалды, – дейді Олег. Топтың командалық жұмысы да есте қаларлықтай болды. – 12 күндік сапар – бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан қарағанда өте қиын сынақ. Таңертен суық бөлмеде оянып, мұздай сумен жуынудың өз қаншалық. Ыстық душ, сәті түссе, күн ара болады. Сонымен қатар салмағы 11-13 кг болатын рюкзакты арқалап, күнделікті 6 сағаттан жүру керектігін білесің. Ал биіктікте пайда болатын тау ауруы ше? Сондықтан команданың әрбір мүшесінің қолдауы мақсаттарға жетуге көмектеседі. Гидымыз әрбір демалыс кезінде құшақтасу дәстүрін бастады – бұл күш-қуат берудің бір жолы».

 

 

 

 

«Негізі бұл сапарымыздан керемет естеліктер мен эмоциялар қалды. Елестетіп көрші: арқаңда рюкзак, ауыр, басың жарылайын деп тұрғандай, ауа жетпейді. Бір мезетте тоқтай қалсаң, жарқыраған күнді көресің. Айналаңда керемет көріністер. Төменде жатқан далалық жерлер, қасыңда басынан қары кетпейтін асқар таулар. Суы мөлдір көгілдір көлдер. Суреттер жеткізе алмайтын бұл кереметті айтсаңшы. Сөйтіп, жолдастарыңды тоқтатасың да, барлықтарыңыз бұл әсемдікке қарап тұрып қаласың...

Менде мынандай теориям бар J. Таудағы қозғалыстың арқасында басыңдағы жаман ойлар кетеді екен. Оның орнында әсем табиғат, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас қалады.

 

 

 

 

Буддисттердің қиындықтар – өмірдің бір бөлігі деген концепциясы бар. Қандай өмірді таңдасаң да солай болады. Қысқаша айтсам, байлар байлықтан, кедейлер кедейліктен, жалғызбастылар отбасы жоқ болғандықтан, жанұялылар отбасындағы проблемалардан қиналады. Гедонистер көптіктен, аскеттер  тыйылғандықтан қиналады. Осы концепцияға сәйкес бақыт деген белгілі меже емес, бір мақсатқа жету жолында проблемаларды шешу кезіндегі сезім.

Біздің жағдайды алсақ, бұл әсем табиғат, жаңа сезімдер мен достық қарым-қатынас. Оны сезіну үшін рюкзакты тауға сүйреп, көптеген қолайсыздықтарға (физикалық, моральдық)  шыдауға тура келді. Бірақ біз дегенімізге жеттік. Сонда басымда: бұл керемете сапар болды! Осыған ұқсас тағы бір нәрсе жасайық  деген ой пайда болды» – дейді Бауыржан.

Жігіттер сапар барысында ет болмайды, тек қана «Дал Бат» (Непалда, Бангладеште және Үндістандағы ұлттық тағам) жейміз деп қорықты. Алайда тректың бойында тіпті пицца мен паста бар алуан түрлі ас мәзірі болды. Сапар бағытымен жүргенде команда жылуы жоқ қонақ үйлерде, ал базалық лагерьде күркелердің ішінде қонды.

Бауыржанның айтуынша Непал – кедей мемлекет: «Қателеспесем онда ЖІӨ жан басына шаққанда 700 долларды құрайды, ал бізде соңғы девальвациядан кейін 7 мың долларды құрады. Олардың негізгі табыстары – туризм. Жергілікті тұрғындар өмір сүру үшін қажетті тас үйлерді – лоджилерді салу үшін қашау, балға, қайла сияқты құрал-саймандарды пайдаланады. Оның ішінде ұйқыға арналған мөшектерден басқа ештеңе керек емес. Тағамдары өте дәмді  - олар тауық пен енекеден дайындайды. Жалпы олардың тағамдары үндістердің асына ұқсайды. Дегенмен күрделі климаттық жағдайға сәйкес тағамдары етке жақын.

  

Біз сапар барысында екі шерпті (Шығыс Непал, Джомолунгма тауының маңында тұратын халық - редакция) жалдадық, олар кепкен жемістерді, жаңғақтарды және өзге тағамдарды апарды. Сондағы менің рюкзагым 14 килограмм тартты. Оны 5000 метрге апардық. Ал біздің шерптердегі рюкзактардың салмағы 20-25 килограмм болды. Ал портерлер (жүк тасымалдаумен айналысатын жалдамалы жұмысшылар - редакция) тасымалдайдын жүкті айтсаңшы. Біз ыңғайлы аяқ киім киіп, жақсы рюкзакпен және жеңіл таяқшалармен жүрміз, ал олар болса, аяқтарында сандали, қолдарында ағаш таяқ. Арқаларында 40 кг жүк. Оның өзін маңдайына тартылған жіппен ұстайды. Жүктің көлемі де үлкен, ыңғайсыз. Сөйтіп, ауыр жүкті арқалаған портерлер тауға өрмелейді. Олардың өмір жасы да қысқа – 25-30 жыл ғана.

Биікке өрмелейтін алпинистердің 100% осылардың көмегіне жүгінеді. Мысалы, біз түнде демалуға тоқтаған лоджидің иесі – шерп Эверестке жасалған 6 экспедицияға қатысқан. Оның 3 сәтті болған екен. Ол лагерьде тамаққа тапсырыс алады, отын жарады. Ал Эвересттің базалық лагерінде біз тауға шығуға жасаған 18 әрекеттің 12-ін сәтті іске асырған шерпте қонақ болдық. Сагарматха – непалдықтар Эверестті осылай атайды».

 

 

 

 

Міне, әріптестеріміздің демалысы осындай қиын, әрі ерекше естеліктерге толы болды. Енді олар жаңа бағыттарды таңдап жатыр. Бұл өзге әріптестерімізді жаңа жетістіктерге және армандарды іске асыруға жетелейтіні анық.

Сіздің де айтар хиқаяңыз бар ма? Онда editor@kazminerals.info хат жолдаңыз.

 

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items