В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Еңбек әулеттері және мүдделер қайшылығы

29.08.2019

Қарау саны: 73

; assetEntryID = 692903

Отбасылық еңбек әулеттері – кез-келген кәсіпорынның мақтанышы. Мұндай әрбір отбасы – ұрпақтан ұрпаққа берілетін тәжірибенің қайнар көзі. Әріптестердің біреуінің әкесі бригадир болатын жағдайлар KAZ Minerals Тобының кәсіпорындарында мүлде дара емес. Алайда бұл компанияда қолданылатын Мүдделер қайшылықтары туралы саясатты бұзу болып табылмай ма? Бірге түсінуді ұсынамыз.

KAZ Minerals Тобында компания қызметінің түрлі салаларын реттейтін ішкі құжаттар қатары қолданылады, олардың біреуі – саясаттар. Мұндай қажеттардың болуына себеп - компания акциялары Лондон биржасында бағаланады, сондықтан компанияның ішкі ережелерін басқарудың халықаралық тәжірибесіне келтіруге қажеттілік бар. Соның ішінде –мүдделер қайшылықтарының туындау қауіптеріне компанияның әрбір қызметкері тап болуы мүмкін.

Мысалы, жұбайы KAZ Minerals Тобының компанияларының біреуіне қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымда жұмыс жасайды; ұлы әкесінің тікелей басшылығының астында жұмыс жасайды, мысалы, бір бригадада; апайы өзінің бауырын бос қызмет орындарының біреуіне үміткер ретінде ұсынады және т.с.с. Бұл келтірілген мысалдар саясатты бұзу болып табылмайды. Компания қызметкерлері мұндай жағдайларда қандай әрекет ету керектігін нақты түсінуі тиіс.

Мысалы, егер жұмыскер оның жақын туысының сатып алушыға, жеткізушіге немесе бәсекелеске жұмыс істейтініне немесе компания қызметіне қандай болғанда да қатысы бар мемлекеттік қызметкер болып табылатынынан хабардар болса, ол туралы құқықтық бақылау жөніндегі басшыға немесе Ұлыбританиядағы корпоративтік хатшыға хабарлауы қажет. Бұл жағдайда жұмыскер бұл тараппен өзара қарым-қатынастарда шешім қабылдаудан жай ғана арашаланған болады, осылайша қайшылықтың өзі жойылады.

Егер де туысын жұмысқа орналастыру туралы сөз болса, онда, Саясат мәтініне сәйкес, әрекеттегі жұмыскер «ол KAZ Minerals жұмыскері немесе мердігері болып табылатынына тәуелсіз, оның жақын туысын жұмысқа қабылдау, есеп берушілік немесе жұмысқа орналастыру шарттары оған тәуелді болатын жағдайда қалмауы тиіс». Бұдан басқа, компанияда былтырғы жылдан бастап Реферальді бағдарлама қолданылады, оған сәйкес жұмыскерлер, білімдері, ептіліктері және дағдылары аталған талаптарға сәйкес келуі шартымен, компанияның ашық бос қызмет орындарына туыстары мен достарын қоса – кез-келген кандидаттарды ұсына алады. Алайда осы жағдайда да жұмыскер-ұсынушы кандидат бойынша шешім қабылдауға қандай жағдай болмасын қатыспауы тиіс – туыстық байланыстарын жасырмауы, сұхбат жүргізбеуі, жұмысқа орналастыру туралы шешімдер қабылдамауы тиіс.

«Бізде бүкіл отбасылардың жұмыс жасауы – бұл тамаша, Топ әулеттікті қолдайды, әсіресе, өндірістегі еңбек отбасылар туралы сөз болса. Бізде ұлы мен әкесі бір-бірімен іргелес жұмыс жасайтын мысалдар көп. Кейбір жағдайларда кәсіпорындардың географикалық жағдайы себеп болды – мысалы, кей жерде фабрика немесе шахта өңірдегі жалғыз жұмыс беруші болып табылады және онда бір ұжымда туыстардың жұмыс жасауы таңқаларлық емес. Басқа жағдайларда әкесінің оң үлгісі себеп болады, ұлы әкесінің ізін қуғысы келгенде. Мұндай мысалдардың барлығында жаман ештеңе жоқ! Туыстар, қызметтік жағдайын пайдаланып, жақындары мен таныстарын жұмысқа орналастырмақшы болса, бұл басқа мәселе. Дәл осы жағдайлардың алдын алуға біздің Мүдделер қайшылығы туралы саясаттың жеке ережелері бағытталған. Егер адам лайықты болса, оның тәжірибесі, ептіліктері мен білімдері, шынымен, компанияға қызықты және қажет болса, онда ол онсыз да жұмысқа орналасудың барлық ресми сатыларынан өте алады. Саясаттың бұзуға жол бермеу үшін, адал болу және туыстық қатынастарға қатысты туындауы мүмкін мүдделер қайшылықтары туралы басшылыққа уақытында хабарлау және бұдан әрі ішкі рәсімдерді ұстану жеткілікті. Біз болсақ, мүдделер қайшылықтары бойынша өтініштерді қарайтын комиссия ретінде, жағдайдың мәнін әрдайым ескереміз. Сондықтан, қолданыстағы ережелер бұзылмайтын болса, жақын адамдармен жұмыс жасаудан ешқандай жамандық жоқ», - дейді Эльдар Мамедов, KAZ Minerals Тобының мүдделер қайшылықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы.

Мүдделер қайшылықтары туралы саясаттың бұзылғанына немесе бұзылып жатқанына күдіктенетін жұмыскерлер өз күдіктері туралы өзінің тікелей басшысына, Қазақстандағы немесе Қырғызстандағы бөлімшенің құқықтық бақылау жөніндегі басшысына немесе Ұлыбританиядағы корпоративтік хатшыға жедел хабарлауы тиіс. Егер жұмыскер қауіптенсе, ол бұл туралы 8 800 333 34 99 телефон нөмірі немесе kazminerals@safecall.co.uk email бойынша Speak Up қызметіне жүгініп, хабарлай алады.

 

Мүдделер қайшылықтары туралы саясаттан үзінді:

Жұмыскерлер Қазақстандағы немесе Қырғызстандағы комиссияның немесе Ұлыбританиядағы Корпоративтік хатшының алдын ала жазбаша келісімінсіз:

  • KAZ Minerals Тобының мүдделеріне нақты немесе ықтималды қайшы болатын немесе мұндай қайшылықтың көрінісін жасайтын, қандай болсын KAZ Minerals бәсекелесіне, жеткізушісіне, сатып алушысына немесе басқа да контрагентіне тікелей немесе жанама қатысты (мүдделі) болмауы;
  • егер бұл KAZ Minerals мүдделері үшін оның кәсіби және объективті әрекет ету қабілетіне нақты немесе ықтималды жағымсыз әсер етсе, немесе KAZ Minerals атынан, мүдделері үшін және оған залал келтірмей онымен қабылдануы тиіс шешімдерге жағымсыз әсер етсе, немесе мұндай жағымсыз әсер көрінісін жасаса, шеткі ұйымдарда лауазымдарға ие болмауы, шеткі коммерциялық қызметпен айналыспауы немесе онда өзгеше қатыспауы;
  • KAZ Minerals Тобының компанияларымен немесе KAZ Minerals Тобына байланысты компаниялармен жасалатын қандай болсын келісімдерге немесе келісімшарттарға қаржылық мүдделіліктің болмауы;
  • Топтың кез-келген мүшесіне қандай болсын әсер ететін немесе әсер ете алатын мемлекеттік қызметкерлермен қандай-болсын қарым-қатынастарға ие болмауы (қандай болсын әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде KAZ Minerals қолдайтын мекемелермен немесе органдармен олардың байланысты болмауы шартымен, медициналық жұмыскерлерді немесе білім беру жұмыскерлерін ескермегенде); немесе
  • нәтижесінде мүдделер қайшылығы туындауы мүмкін шешімдер қабылдамауы немесе шешімдер қабылдайтын тараптардың бірі болмауы тиіс.

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items