KAZ Minerals ежегодно реализует множество проектов для своих работников.

null ЕҢБЕКАҚЫ ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ БАР ШЫНДЫҚ

12.08.2016

Қарау саны: 0

one_employee
 

Еңбекақыға қатысты барлық жағдайлар қызметкерлердің көпшілігі үшін өте маңызды. Соңғы уақытта банк қызметтерінің нарығында түрлі қызықты, әрі тиімді ұсыныстар пайда бола бастады – жылдық қызмет көрсету құны төмендетіледі, басқа банктердің банкоматтарында қаржы алғанда комиссиялар алынып тасталады, төлем карталарының иелеріне түрлі бонустар мен акциялар ұсынылады. Банктер мұндай қадамдарға несиелер мен депозиттер сияқты дәстүрлі қызметтерге деген сұраныстардың азаюы салдарынан барып отырған көрінеді. Бүгін біз белгілі бір еңбекақы жобаларының ерекшеліктері мен артықшылықтарын түсіндіріп беруге тырысамыз.

Ең қарапайым дүниеден – еңбекақының қызметкердің карточкалық шотына аударудан бастайық. Әдетте ақша аударымы үшін комиссия жұмыс берушіден ұсталады, ал қызметкер жалақысын толық мөлшерде алады. Біздің Топтың құрамына кіретін компаниялардағы жағдай да осындай. Алайда соңғы уақытта банктер онымен тоқтар емес. Енді олар ақша аударғаны үшін екі жақтан да комиссия алмауды ұсынады. «Бұл қалай сонда?» деген заңды сұрақ туындайды. Мәселенің мәні мынада – банктер еңбекақы картасына қатысты барлық ілеспе сервистерден ақша табады. Айталық, ақшаңыздың банктегі еңбекақы шотыңызда жатуынан бастап, сіз дәл сол банктен алуыңыз мүмкін несиеге дейін. Сондықтан егер еңбекақыңызды толық шешіп, банк екеуіңіздің араңыздағы қарым-қатынас банкоматтың қасында аяқталса, онда сіз клиент ретінде банкке қызық емессіз.

Сіз банктердің ақпараттық кеңістікте қаптап жүрген ақша қайтару немесе кэшбэк (ағылш. cash back), бонустар, жеңілдіктер, қалған сомаға пайыз қосу, коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлеу, онлайн-аударымдар сияқты «тәтті» ұсыныстары жайында естіген боларсыз. Мұның бәрін банктер клиенттерге жағу үшін ғана емес, банк қызметтері саласында клиенттерді қолма-қол ақшасыз операцияларға ынталандыру арқылы ұстап қалу үшін де жасайды. Бір сөзбен айтқанда банктер қолынан келгенше өзінің шығындарын үнемдеп, сіздің арқаңызда барынша ақша тауып қалуға тырысады және оған түрлі амалдарды қолданады. Бірақ бұл мүлдем жаман деп айтуға болмайды. Себебі, олар сізге де көп мүмкіндік береді. Бірақ материалдық емес. Айталық, ыңғайлылық пен уақыт үнемдеуді ұсынады.

Қарапайым ғана мысал келтірейік. Қызметкер бүкіл еңбекақысын карточкадан банкомат арқылы шешті де, үйіне апарып, сақтап қойды. Барлық төлемдерді қолма-қол ақшамен жасады. Бұдан банк не ұтты? Ештеңе! Тек қана еңбекақы аударымы кезінде жұмыс берушіден комиссия ұстап қалды. Егер мұндай комиссия болса әрине. Бірақ банк банкоматқа инкассация жасауға, яғни оны ақшамен уақытылы толтыруға, банкоматты қорғауға, оны жалдауға қаржы жұмсайды. Ал қызметкер қандай пайда көреді? Мүмкін тек қаражатты емін-еркін пайдалану ғана болар.  Бірақ бұл кезде карталық өнімнің барлық артықшылықтарынан айырылады және қолда бар жеке қаражатына белгілі мөлшерде қауіп төнуі мүмкін. Бұл жағдайда кім ұтады? Ешкім!

Әдетте еңбекақыны ай сайын аударуға қажетті банктің карточкасын таңдар алдында қызметкер тәжірибеге (өзінің немесе айналасындағылардың) жүгінеді. Біреулер банкомат желісінің кең таралғандығына, банктің танымалдылығына немесе басқа жағдайларға қарайды. Алайда менің ойымша, бұл тек бастамасы ғана. Бүгінгі күні банктер мынаны ұсынып отыр. Бұл ерекшеліктер туралы білу еңбекақы картасы туралы шарт жасасқалы отырғандар үшін немесе басқа банкке ауысуды жоспарлап отырғандар үшін пайдалы болар. Алайда кез-келген істегі сияқты тек артықшылықтарды ғана емес, кемшіліктерді және олардың салдарын да саралаған жөн.  Жылтырағанның бәрі алтын емес дегендей.

Жәнібек Аманқұлов, KAZ Minerals Management қазынашылық департаментінің менеджері

Банк

Банкоматтан қолма қол ақша алу

Қалған сомға % қосу

Кэшбэк

Ерекшеліктер

Базалық картаға жылдық қызмет көрсету

Интернет-банкинг

Халық банк

Өз желісінде және Алтын банк желісінде комиссия жоқ; жұмыс берушіден түспеген қаражатты шешіп алған кезде – 1% (қолма қол ақшасыз төлемде– 0%)

Жоқ

Жоқ

Ипотекалық және кепілсіз несиелеу кезіндегі жеңілдікті шарттар

Electron / Maestro – жылына 840 тг

myhalyk.kz

Казкоммерцбанк

Өз желісінде комиссия жоқ; жұмыс берушіден басқа ақша аударымдарында соманың 0,7% ұстап қалады.

Жоқ

Банктің серіктестері желісінде GoCard бонустық жүйесі

Банкоматтардың дамыған жүйесі

Electron / Maestro – жылына 400/320 тг

Homebank.kz

Алтын Банк

Кез-келген банкоматта комиссиясыз.  Банкке байланысты шешіп алуға болатын сомаға қатысты шектеу болуы мүмкін

Жоқ

Жоқ

Nomad Club  бонустық балдары бар несие картасын алуға болады

Mastercard Standard – жылына 0 тг

myaltyn.kz (токен қажет)

Kaspi Bank

ҚР және әлем бойынша барлық банкоматтарда комиссиясыз. Банкке байланысты шешіп алуға болатын сомаға қатысты шектеу болуы мүмкін

Ай сайын жылдық 10% бонус түрінде

Бонус түрінде:

1% - барлығына;

2% - 1 млн тг астам депозит болса;

5%-ға дейін банк акциялары мен MasterCard бойынша

Картаны өз ақшаңмен айына 300 мың теңгеге дейін толтырсаң - тегін (лимиттен жоғары болса – асып түскен соманың 1,95%). Бонустарды kaspi.kz порталында қолдану мүмкіндігі

Mastercard Gold – 1-жыл тегін, 2-жылдан бастап - – 995 тг

Kaspi.kz

Астана банкі

Казкоммерцбанк желісінде – комиссиясыз (қосымша толтыру)

Жылдық 14% ай сайын

0,8%, банк серіктестері желісінде жеңілдіктер

Мультивалюталық, Қаражатты 24/7 режимінде басқару

Mastercard Gold – жылына 0 тг

24.bankastana.kz

Capital Bank (b1nk)

ҚР кез-келген банкоматтарында – комиссиясыз (айына 5 рет шешіп алуға дейін), лимиттен ассаң – 1% (аз дегенде 150 тг)

Жылдық 10%-ға дейін, ай сайын

1%, банк серіктестері желісінде жеңілдіктер

 

Visa Gold – жылына 0 тг

b1nk.kz

 

Ескерту: еңбекақы карталары бойынша жоғарыда көрсетілген шарттардың қолданыстағылардан айырмашылығы болуы мүмкін және кез-келген уақытта өзгеруі мүмкін. Автор ақпаратты дұрыс түсінбегеніңіз үшін жауап бермейді. Жарнама болып табылмайды. 

 

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items