В составе KAZ Minerals - карьеры, подземные рудники и фабрики по обогащению медной руды, добываемой в Казахстане и Кыргызстане

null БОЗШАКӨЛ КЕН БАЙЫТУ ФАБРИКАСЫ

23.03.2020

Қарау саны: 0

Құрылыстың басталуы – 2012 жыл

Іске қосу: 2016 жылдың бірінші тоқсаны

Қуаты және өндіріс көлемі:

Сульфидті кенді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасының жобалық қуаты жылына 25 млн тонна кенді құрайды.

Алғашқы 10 жылда орта есеппен өндіріс көлемі 100 мың тоннан катодты мысты құрайды:

  • Сульфидті кенді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасы – жылына 84 мың тонна;
  • Балшық аралас кенді қайта өңдейтін байыту фабрикасы – жылына 16 мың тонна.
  • Ілеспе өнім: 120 мың унция концентраттағы алтын.

Жабдықтар:

Бастапқы үгіту қондырғысы:

Өнімділігі – жылына 25 млн тонна кен, сағатына 4 186 тонна

TS конусты үгіту қондырғысы, 60” x 113”, әлемдегі ірі қондырғының бірі

Қондырғының қуатты – 750 кВт

Өндіруші: FLSmidth

Өздігінен жартылай ұсақтау қондырғысы (SAGMill), редукторсыз жетекпен:

Көлемі жағынан әлемде екінші орында

Өнімділігі –  сағатына 3 425 тонна

Қондырғының қуатты – 28 МВт, минутына 9,31 айналым

Диаметрі – 12,2 м, ұзындығы – 7,9 м

Диірмен – FLSmidth

 

Шар диірмендері (2 дана)редукторсыз жетекпен:

Әлемдегі ең ірі диірмен

Диаметрі – 8,5 м, ұзындығы – 13,4 м

Қуаты – сағатына 1 706 тонна (x2)

Қондырғының қуаты – 22 МВт, минутына 10,99 айналым

Диірмен – FLSmidth 

 

Технология:

  • Кен үш сатыда ұсақталады. Бірінші сатыда кен бастапқы үгіту қондырғысынан өтеді (TS, 60” x 113”). Содан соң кен ұсақтаудың екінші сатысынан өтеді. Бұл сатыда өздігінен жартылай ұсақтайтын SAGMill диірмені пайдаланылады. Ұсақтаудың үшінші сатысында  кен редукторсыз шар диірмендердің көмегімен уатылады.
  • Ұсақталған материал флотация корпусында байытылады.

 

Флотация – сағатына 1 576 тонна қатты заттарды өңдеу.

Өндіруші – FLSmidth/WEMCO

Қосымша ұсқатау – жұқалап уататын IsaMillM10 000 диірмені

Ұзындығы – 21 м

Қуаты – 3 МВт

Қызықты дерек:

Бозшакөлдегі бастапқы үгіту қондырғысы сағатына 4 мың тонна кенді қайта өңдейді. Бұл – 60 вагоннан тұратын жүк теміржол құрамына тең!

 

Дайын өнім:

Құрамында мыс, сонымен қатар алтын, күміс және молибден сынды ілеспе өнімдері бар мыс концентраты

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items