В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Бозымшақтың үздік дәнекерлеушісі

01.11.2017

Қарау саны: 58

; assetEntryID = 699416

«Бозымшақ» КБК-де дәстүрлі «Үздік дәнекерлеуші» байқауы өткізіліп, оған комбинаттың барлық бөлімшелерінің дәнекерлеу ісінің шеберлері түгелдей дерлік қатысты.

Іс-шараны КБК директоры Сергей Провалов ашты. Ол байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта мұндай байқаулардың өзге жұмыс мамандықтары арасында да ұйымдастырылатындығын атап өтті.

Арнайы қазылар алқасының құрамына «Борусан Макина» компаниясының төрағасы Максим Истомин (қазылар алқасының төрағасы), КБК директоры Сергей Провалов, байыту фабрикасының директоры Алексей Ящук, техникалық директор Есіл Әлпиев, ОАР-дан келген маман Луи Хофман кірді.

Компанияның техникалық директоры Есіл Әлпиев байқаудың өткізілу маңыздылығын тілге тиек етіп, оның жас жұмысшылардың кәсіби өсуіне жағдай жасайтындығы сөзсіз екендігін ескеріп өтті. Кәсіби дағдыларын көрсетумен қатар, қатысушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға және кәсіби шеберлікке қатысты сұрақтар да қойылды.

«Маған байқау өте ұнады, - деді ОАР-дан келген қонақ Луи Хофман – Осы байқаудан кейін жұмысшылардың еңбек етуге деген ынтасы артып, олар кәсіби өсуге одан әрі талпына түседі деген ойдамын».

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы Максим Истомин де байқаудың қорытындыларына қанағаттанғанын жеткізді: «Іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп, байқау барысында дәнекерлеу ісінің нағыз шеберлері анықталды. Олар өздерінің лайықты марапаттарына қол жеткізді. Жанкүйерлердің көптігі қуантады». 

«Бұрындары күн сайын көріп жүргеніммен, қалайда жіті көңіл бөле қоймаған жаңа шеберлердің шеберлігіне қызыға қарадым. Мұндай байқауларды өзге мамандықтар арасында да жиі өткізіп отыру керек», - деп ойымен бөлісті КДБ шебері Санжар Тұрдалиев.

Байыту фабрикасының дәнекерлеушісі Жомарт Назаров бірауыздан жеңімпаз деп танылды. 2-орынды Исамидин Кожомкулов, 3-орынды карьер дәнекерлеушісі Айдарбек Сатиев иеленді.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items