В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Болашақтың шағын қоймасы

27.05.2019

Қарау саны: 37

; assetEntryID = 693677

Бозшакөлде және Ақтоғайда жабдықтау қызметінің бастамасы бойынша ӨҚ және ЕҚ департаментінің қатысуымен жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) қажетті жиыны бар вендингті аппараттар пайда болды. Құрылғылар екі жобаның да сульфидті фабрикаларының техникалық қызмет көрсету учаскелерінде 15 сәуірде іске қосылды.

Вендингті аппарат – киюдің бекітілген нормаларына сәйкес қызметкерлерге тез ашылатын ЖҚҚ беретін автоматты құрылғы. Аппарат қызметкердің жеке чип-картасы бойынша беру жүзеге асырылатындай етіп бапталған, онда оның мамандығы көрсетілген – сондықтан машина басқа мамандықтың ЖҚҚ бермейді. «Vending Box»  ресейлік компанияның D540 автоматты тарату машинасы барлық қазақстандық және ресейлік баламаларының ішінде ең тиімдісі ретінде таңдалған.

Аппараттың жұмысымен танысу үшін жобаларды оңтайландыру және дамыту басқармасы Бозшакөлде ӨҚ және ЕҚ қызметінің өкілдері, қойма қызметкерлері, учаске шеберлері үшін брифинг-сессия ұйымдастырды. Бұл кездесуге Ақтоғайдың қызметкерлері де келді.

«ЖҚҚ-н автоматты беру қызметкерлерің ЖҚҚ пайдалануына бақылау, кию нормаларын сақтау және экономикалық критерийлерін бақылап, Топтың кәсіпорындарында ЖҚҚ басқару процесін жақсартуға көмектеседі. Қауіпсіздік – біздің корпоративті құндылықтардың бірі, ал өндірістегі қауіпсіздік біздің қызметкерлеріміздің ЖҚҚ қолдануының мәдениетінен және дұрыстығынан басталады. Бұл пилоттық жобамыз осы екі көрсеткішті жоғарылатуға және экономикалық тиімділігін көрсетуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – дейді жоба басшысы Сая Асқарова.

Жобаның кураторларының бірі, Ақтоғай КБК денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы сұрақтары жөніндегі маманы Аслан Исеналиевтің сөзіне қарағанда, ЖҚҚ алудың классикалық нұсқасы біршама уақытта шығындайды: «Қолғаптар, респираторлар, бір рет пайдаланатын костюм күнделікті ауысады. Бұған қоса әртүрлі уақытта: түске дейін жаңа қолғап жұбы, түстен кейін респираторды ауыстыру, ал ауысым соңына жақын кезде костюм қажет болады. Машинаны орнатпастан бұрын қызметкер шеберге келіп, шебер өтінішті рәсімдеуі қажет болған, ол басшылықпен бекітілуі тиіс еді. Содан кейін өтініш өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасына, содан соң ғана қоймаға жіберілетін, онда тиісті құралдар беріледі. Ал вендингті аппаратпен қызметкер оған келеді, арнайы жеке картаны тосады және қалыпты түрде өзіне қажетін алады».

Вендингті аппаратты пайдаланудың көп артықшылығын Ақтоғай КБК фабрикасында сульфидті кенді байыту учаске бастығының орынбасары Берік Шығырбаев атап өтті: «Шығын бойынша есеп және мониторинг жүргізілетін болады. ЖҚҚ-ның бұрынғы ережесі кию және саны бойынша шығынның салыстырмалы нормасы болмағандықтан бақылаусыз болды. Тағы бір маңызды сәт: аппарат қағаз жұмысты талап етпейді, бюрократия аз. Соған қоса ол 24/7 қол жетімді, ол күмәнсіз артықшылық».

Пилоттық жоба жарты жылға қарастырылған. Жарты жылдан соң жобаларды оңтайландыру және дамыту басқармасы жеке қорғаныс құралдарын басқарудағы осындай тәсілдің экономикалық мақсатқа қаншалықты сай екенін талдайды.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items