В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Бас маркшейдердің мерейтойы

03.04.2017

Қарау саны: 28

; assetEntryID = 705783

Адам әрдайым ізденісте болады. Бұл қалыпты жағдай. Бірлеулер жақсы өмірді, бірлеулер жақсы жағдайды іздесе, кейбіреулер үшін өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру маңызды. Сондай адамдардың бірі Ертіс өндірістік кешенінің бас маркшейдері Сәдібек Тангишев.

Сәдібек Сағынайұлы - беделді маман және құрметке ие азамат. Мұндай кісілерді шахтада қалжыңдап, "бугор" деп атайды. Ол өте байсалды, ақкөңіл және кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығының арқасында ұжымда бедел жинаған адам. Сәдібек Сағынайұлы кез-келген жұмысты атқаруға дайын. Ол бұл арқылы оңай жолды емес, өзінің жолын іздеді. 

Ол өзінің еңбек жолын 1974 жылы құрылыс-жол машиналарын және тракторларды жөндеу жөніндегі слесарь болып бастаған. 1979 жылдан бастап бекітуші, үңгуші, тау-кен жұмысшысы болып қызмет етті. Бұл қызметтер шахтада жұмыс істейтін әрбір маманға қажетті дүниелер. 1997 жылы Тангишевті жер асты тау-кен шебері етіп тағайындайды. Ал 2000 жылы ол Ертіс кенішінің бас маркшейдері болды. 

Сәдібек Сағынайұлы оның бөлімінде қызмет етіп жүрген жас маркшейдерлерге тәлім-тәрбие беріп келе жатқанына 17 жыл болды. Ол білікті мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі. 

«Біздің бөлімдегілердің барлығы тату-тәтті. Біз "ұзақ мерзімді тиімділік", "командалық жұмыс" және "кәсіби даму" сияқты құндылықтарды жақсы білеміз. Олар біз үшін тансық емес. Мұның барлығы басшымыздың арқасы. Қазір маркшейдерлер бөлімінде негізінен жастар жұмыс істейді. Ал Сәдібек Сағынайұлы біз үшін барлық бастамаларымызды қолдайтын тәлімгеріміз», - дейді бөлімдегі ең жас маркшейдер Ринат Валиулин.

Сәдібек Тангишев тәжірибеден өтетін студенттермен қызыға жұмыс істейді. Ол жастарға қысқа мерзім ішінде практикалық білімді барынша беріп қалуға тырысады. 

«Әрине, оқу орнында теориялық базаға баса назар аударылатыны белгілі. Алайда сол теориялық білімді қолданбалы білімге айналдыру үшін студенттер практикаға келеді», - дейді Сәдібек Тангишев.

Наурыз айында Сәдібек Сағынайұлы 60 жасқа толады. "Шығыстүстімет" ЖШС-нің және Ертіс өндірістік кешенінің қызметкерлері мен басшылығы оны мерейтойымен құттықтап, қажырлы еңбегі үшін алғыс айтады. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items