В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null БАҚ: Қазақстан қоры нарығының табыстылығы жағынан үздік 3 елдің қатарына кірді

12.01.2017

Қарау саны: 44

; assetEntryID = 710829

Еліміз құбылмалыққа қатысты түзетілген көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Bloomberg хабарлағандай, дамушы және шекаралық нарықтар ең табысты қор нарықтарының тізімін бастап тұр. Бұл үрдіс соңғы 20 жылда байқалып отыр. 2016 жылдың нәтижелері бойынша доллармен есептегендегі нарықтық табыстылық бойынша үздік үштікке Бразилия, Қазақстан және Перу кірді.

Қазақстан құбылмалыққа қатысты түзетілген көрсеткіш бойынша алда келеді. Бізден кейінгі орында Пәкістан мен Марокко елдері тұр. Бұған дейін "Қазақстан қор биржасының" (KASE) вице-президенті  Андрей Цалюк 2016 жылдың желтоқсан айында KASE индексі соңғы 5 жылдағы тарихи максимумға жеткенін хабарлаған. 

«Жыл бойында (2016 жыл - ред.) дерлік біздің индекс өсіп отырды. Бұл қазіргі уақытта инвесторларға 59,6% жылдық үстемеақы әкелді. Біздің индексте бір жыл ішінде 220% өскен KAZ Minerals компаниясының құнды қағаздары бар. Инвесторларға анағұрлым таныс КЕGOC және ҚазТрансОйл компанияларының қағаздары бір жылда 40% және одан жоғары өсті. Қазір бұл құнды қағаздармен 100 мыңға жетер-жетпе адам жұмыс істеп отыр. Олар ағымдағы жылы жақсы табысқа кеңелді. Неге? Девальвацияға қатысты үрей мен қорқыныш басылды. Сол себепті нарық та қалпына келе бастады. Мұнай бағасы өскенде теңгенің де нығая түскенін байқадық. Бұл көктемде орын алған жағдай. Теңгелік активтерге деген сұраныс пайда болды. Адамдар долларларын сатып, теңгені сатып ала бастады.  Ал банктердің депозиттер бойынша ұсынып отырған 14% көлеміндегі жылдық жарнасы жұрттың бәріне отырған жоқ. Ал акциялар нарығында 60% жылдық жарна жасауға болады. Әрине, бұл ең оптимистік каөқарас. Дегенмен 35% - бұл нақты қолдан келер меже. Сондықтан облигациялар нарығына деген адамдардың қызығушылығы түсінікті. Бизнесмендер қазіргі жағдайда теңгелік құралдарға деген инвесторлардың талпынысын көзден таса қылып алмаулары керек. Талпыныс шынымен бар, қазір оны сезген компаниялар өз мақсаттарында мұны тиімді пайдаланып отыр», — дейді Андрей Цалюк.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдағы іс-қызметінің нәтижелерін жариялады. Жарияланған ақпаратта көрсетілгендей, KASE нарықтың барлық секторларындағы сауда көлемі 94 552,3 млрд теңге (276 270,3 млн АҚШ долларының эквиваленті) құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 2,8% өскен (доллармен есептегенде 35,7% төмендеген). Инвестициялық қорлардың құнды қағаздарын сауда көлемі 537,9 млн теңгені (1 590,7 мың АҚШ долларының эквиваленті) құрады. Репо операциялар нарығындағы сауда көлемі 57 113,8 млрд теңгені (167 563,9 млн АҚШ долларының эквиваленті)  құрады және 2,5 есе өсті (доллармен есептегенде 1,6 есеп). Акциялар саудасының көлемі - 250,2 млрд теңге (744,1 млн АҚШ долларының эквиваленті). 2015 жылмен салыстырғанда 72,2% азайды (доллармен есептегенде 84,3%).

Ақпарат көзі: Капитал

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items