В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Аттестат алды!

05.06.2017

Қарау саны: 75

; assetEntryID = 703503

«KAZ Minerals Bozymchak» компаниясының химиялық-талдау зертханасы халықаралық аккредитациядан өтіп, КАZ Minerals Тобындағы алғашқы және Қырғызстандағы тау-кен кәсіпорындары арасындағы тау жыныстарының, кендердің және оларды өңдеу өнімдерінің құрамындағы алтынды, мысты және күмісті анықтауға техникалық құзыреті бар жалғыз зертхана атанды.  

Бұл аккредитацияны алуға 2 жыл уақыт кетті. Алғашқы кезеңде тиісті сараптамаға 120 құжаттан тұратын топтама тапсырылды. Барлық материалды, оның ішінде компанияның Жарғысын, қызметкерлерді іріктеу, жеткізушілермен жұмыс істеу саясатын, жұмысқа арналған процедураларды және басқа құжаттарды мұқият тексергеннен кейін Қырғыз аккредитация орталығы комиссиясының мүшелері кенішке келіп, зертхананы бағалады. Барлық мәліметтерді тексерген комиссия өзінің соңғы шешімін шығарды. 

«Халықаралық аккредитацияны алу үшін көп жұмыс атқарды. Бұл бізге деген сенімнің белгісі. Енді біз басқа тау-кен компаниялары үшін де зерттеулер жүргізе аламыз. Аккредитация аттестаты 4 жылға беріледі. Осы уақыт аралығында Қырғыз аккредитация орталығының мамандары кенішке екі рет келіп, зертхананың жұмысын ИСО/МЭК 17025 халықаралық стандартына сәйкестігін тексеретін болады. Аккредитация аттестаты - бұл біздің зертхана үшін Конституция, Ата заң іспеттес», - дейді химиялық-талдау зертханасының бастығы Алмаз Байышбеков.

Елена Трегубова, Бішкек

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items