В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Ашықтық үшін диплом

16.02.2017

Қарау саны: 19

; assetEntryID = 708967

15 ақпанда Қазақстанның қор биржасы (KASE) 2016 жылдың нәтижелері бойынша "Ашықтыққа талпыныс үшін" дипломдарымен бірқатар листингтік компанияларды марапаттады. Қазақстанның қаржылық емес секторындағы екі жеңімпаз листингтік компанияның бірі - KAZ Minerals Тобы. Бұл номинациядағы тағы бір жеңімпаз компания - "Қазмұнайгаз" барлау өндіру" АҚ. «Экономиканың қаржылық секторындағы листингтік компаниялар" арасындағы жеңімпаздар - «АТФБанк» АҚ мен «Қазақстанның жинақтаушы халық банкі» АҚ.

"Ашықтыққа талпыныс үшін" дипломдарымен 2016 жылы өзі және өзінің іс-қызметі жайында ақпаратты ашу саласы бойынша  бағалы қағаздар нарығында іскерлік мінез-құлықтың үздік үлгісін көрсеткен листингтік компаниялар марапатталады. 

«KASE-ге мұндай жоғары баға бергені үшін алғыс айтамын. Бұл біз үшін үлкен абырой, – деді KAZ Minerals Management қаржылық директоры Александр Хегай. – Соңғы жылдарда біз Ақтоғай мен Бозшакөл сияқты ірі жобаларды іске қостық. Бұл компанияның мақтанышы. Жаңа кеніштерді іске қосу бұл тек Қазақстанның ауқымындағы ғана оқиға емес. Бүгін KAZ Minerals бүкіл әлемнің тау-кен индустриясында танымал болды. Біздің табысымызға көптеген елдер куә. Сондықтан ашықтық біздің компанияның басым бағыттарының бірі».

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items