В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Артық болмас білгенім

17.02.2017

Қарау саны: 30

; assetEntryID = 708766

«Шығыстүстімет» ЖШС-де тау-кен шеберлерін, учаске бастықтары мен олардың орынбасарларын оқыту басталды. Бұл ауқымды оқыту бағдарламасы 5 айға созылып, 210 адамды қамтиды. Өндірісті қалдырмас үшін учаске басшылары мен олардың орынбасарлары әртүрлі күндерде білім алатын болды. 

Бағдарлама аясында басқару дағдыларына және кәсіби білімдерге назар аударылатын болады. Сабақтарды арнайы білім алған ішкі оқытушылар жүргізеді. Тек бұрғылау-жару жұмыстары бойынша ғана шақыртылған ұстаз білім береді. 

Кәсіби даму бөлімінің өкілдері атап өткендей шеберлер мен учаске басшылары кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. «Бұл топтағы қызметкерлер бұрын мұндай оқытумен мүлдем қамтылған жоқ. Қарапайым қызметкерлер, басшылар оқудан өтсе, аталмыш топ назардан тыс қалып жүрді. Осы бағдарлама аяқталғанда дәріс алушылар өзінің біліктілігін арттыра түседі деп ойлаймыз. Олар ішкі процедураларды, стандарттар мен регламенттерді тереңірек түсіне алады», - дейді Елена Шапорева, "Шығыстүстімет" ЖШС кәсіби даму және оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

«Кәсіби блокқа маркшейдерия, геотехника, геология, электрмен қамту, қуат үнемдеу сияқты, өндірістік процесске қажет дүниелер кіреді. Бағдарлама біздің өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған», - дейді Елена Шапорева, "Шығыстүстімет" ЖШС кәсіби даму және оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы.

Кәсіби деңгейін жоғарылату мүмкіндігіне «студенттердің» өздері де қуанышты. «Кез-келген қызметкер өзінің біліктілігін арттыруға талпынуы тиіс. Менің ойымша оқыту аяқталғанда біз табысты жұмыс істейміз. Өндірістік процессті жақсырақ жоспарлап, қызметкерлерімізді ынталандыра аламыз. Тренингтер де өте қызықты ұйымдастырылған. Ешкім бейжай қалмай, белсенді қатысып отыр», - деп пікір білдірді "Шығыстүстімет" ЖШС Ертіс шахтасы бекіту учаскесінің бастығы Ерхат Қалиев.

Оқыту аяқталғанда қатысушылар учаскенің жұмысын жақсартуға арналған шағын жобалар жасайды. Жобаның бағытын қатысушылар өздері таңдайды. Ең басты талап - тиімділік. Мақұлданған жобалар өндіріске енгізіледі. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items