В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Ана мен бала орталығына арналған жабдықтар

23.06.2017

Қарау саны: 38

; assetEntryID = 702504

Шығыс Қазақстан облысының Ана мен бала орталығына педиатриядағы қатаң бронхоскопия жасауға арналған жаңа жабдықтар келді. 30 құралдан тұратын жиынтықты Орталыққа арнап «Шығыстүстімет» ЖШС сатып алған. Жабдықтардың құны - 8 млн теңге.

"Балалар аман-есен болсын. Ал егер ауырып қалса, оларды емдеуге тек ең үздік жабдықтар пайдаланылсын. Біздің алып келген құралдарымыз бүлдіршіндерге көмектеседі деп сенеміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін рахмет!", - деді жабдықтарды салтанатты түрде табыс еткен "Шығыстүстімет" ЖШС-нің қызметкерлерді басқару жөніндегі директоры Динара Дәуренбекова

Бронхоскопия – тыныс алу жолдарын, яғни тамақты, дауыс желбезегін, көмейді, бронх тармақтары кеңірдегін тексерудің тәсілі. Бұл тексеру тыныс алу жолдарындағы түрлі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Ал қатаң бронхоскопия тыныс алу жолдарына сүйек, нан және т.б. ұсақ заттар тұрып қалғанда, сонымен қатар тыныс алу жолдарынан немесе басқа органдардан қан аққанда қолданылады. 

"Әрине, мемлекет медицина мекемелерін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Алайда бұл әрдайым жеткілікті бола бермейді. Сондықтан дәрігерлерге көмектесетін осындай компаниялардың болғаны қуантады. Бұл біздің хирургия бөліміне үлкен көмек болатын болды", - деді Ана мен бала орталығының басшысы Сергей Попов.

Компания өңірдің әлеуметтік саласына үнемі көмек көрсететінін айта кеткен жөн.  

Бұған дейін компания аудандық және қалалық ауруханаларға арналған медициналық жабдықтарды сатып алу үшін 311 млн теңге бөлген. Бұл қаражат өңірдің 13 медициналық мекемесіне берілген.

Соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені салынды. Семей қаласында спорт интернатының жатын ғимараты мен спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысын қаржыландыруда. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items