В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Алтын адамдар!

22.01.2020

Қарау саны: 62

; assetEntryID = 692679

2019 жылдың қорытындысы бойынша 14 адам KAZ Minerals Тобының "Үздік қызметкерлері" деп танылды. Олардың қатарында еңбегі мен жетістіктерін мойындайтын алтын белгішенің иегерлері бар. Биыл олардың саны төртеу (салыстыру үшін: 2018 жылы бір адам). Олардың барлығы – "Шығыстүстімет" ЖШС-нің қызметкерлері.

Үздік қызметкерлерді анықтау дәстүрі KAZ Minerals-та үш жыл бұрын пайда болды. Марапаттау әрдайым жаңажылдық мерекелер қарсаңында компанияның басшысы – Топтың Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың қатысуымен өтеді.

"Үздіктердің тізіміне қалай кіруге болады?" - бұл сұрақты біздің әріптестеріміз жиі қояды. Біз "KAZ Minerals Management" ЖШС қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің HR-жобалар жөніндегі аға маманы Елена Шапоревадан бұл туралы егжей-тегжейлі айтып беруін өтіндік.

- Үздіктердің қатарына 15 мыс белгіше жинаған қызметкерлер – алтын белгішеге үміткерлер және жыл соңында өз компаниясында қолданыстағы тану белгішелерінің ең көп санын жинаған қызметкерлер кіреді. Бұл ретте әртүрлі санаттардағы жетістіктері бар қызметкерлер басымдыққа ие және кем дегенде олардың бір белгішесі биыл алынуы тиіс.

- Неліктен биыл 14 қызметкер үздік атанды, ал алғашқы марапаттауға 20 адам қатысты?

- Жыл сайын рәсімге қатысушылар саны өзгеруі мүмкін, өйткені барлығы қызметкерлердің белсенділігіне байланысты. Біз рәсімге әр компанияның, яғни Шығыстүстіметтің, Бозымшақтың, Ақтоғайдың, Бозшакөлдің және KAZ Minerals Management-тің екі-үш үздік қызметкерін шақырамыз.

Ақыр соңында біз алтын белгішелердің иегерлері ғана шақырылатын рәсімге көшеміз.

- Биыл қанша алтын белгіше табысталады?

- Биыл алтын белгішеге төрт қызметкер қол жеткізді. Олардың барлығы "Шығыстүстімет" ЖШС-де жұмыс істейді.

- Үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімдеріне жылда бірдей адамдар қатысатынына көзқарасыңыз қандай?

- Жақсы. Егер қызметкер екі жыл қатарынан үздік атанса, ол өте құнды кадр екенін білдіруі мүмкін. Бізде осындай адамдар бар екеніне қуану керек. Тағы да айта кететін жәйт, марапаттауға біз үздіктерді шақырамыз. Сондықтан бір-екі жылдан кейін осы адамды енді алтын белгішенің иегері ретінде қайта көруіміз әбден мүмкін.

Біз рәсімге бірінші алдыңғы қатарлы қызметкерлерді шақырамыз. Олар жыл бойы белсенділік танытып, алтын белгішеге қол жеткізді.

Бағдарлама іске қосылып, жұмыс істей бастағанда, алғашқы рәсімге кем дегенде үш белгіше жинаған қызметкерлер шақырылды. Яғни, олардың алтын белгішенің иегері ретінде марапатау рәсіміне тағы да қатысуға мүмкіндігі бар.

- Тану белгішелерін алатын адамдардың арасында қандай тенденция байқалады – негізінен  қандай жетістіктер үшін белгішелерге ие болып жатыр әріптестеріміз?

- Егер Топ бойынша статистиканы алсаңыз, еңбек сіңірген жылдарын есептемегенде, сөзсіз бірінші орынды "Корпоративтік құндылықтар" санаты иеленеді (1168 белгіше), екінші орында "Ішкі конкурстар/жарыстар" (870 белгіше), ал үшінші орында "Компания басшысының марапаты" (816 белгіше) және "Мемлекеттік/салалық наградалар" (806 белгі) санаттары.

Ал компаниялардың ішінде өзінің трендтері бар. Мәселен, Ақтоғайда "Корпоративтік құндылықтар", Бозшакөл мен Бозымшақта – "Компания басшысының марапаты", Шығыстүстімет – тоғыз белгіше айырмасымен "Мемлекеттік/салалық марапаттар" және "Ішкі конкурстар/жарыстар", ал КММ – "Сыртқы конкурстар/жарыстар".

- Биылғы жылы жаңарған бағдарлама күшіне енді. Не түзетілді?

-  Регламентті жаңарту идеясы негізінен мемлекеттік/салалық марапаттар үшін тану санатын қосуға байланысты болды. Бұл өзгеріс компаниялар бойынша осы бағыттағы жұмысты құрылымдауға мүмкіндік берді. Өйткені бұрын олардың  әрқайсысында өз үрдісі болды, қазір ол барлығына бірдей. Биылғы жылы KAZ Minerals құрылған күнінен бастап мемлекеттік марапаттарға ие болған барлық қызметкерлер де мойындау белгішесімен марапатталды.

- 2019 жылы Топ қызметкерлері қанша мыс және күміс белгішелеріне қол жеткізді? Бағдарламаның бүкіл тарихында қанша белгіше табысталды?

– Өткен үш жылда барлығы 4923 мыс және 237 күміс белгіше табысталды. оның ішіндегі 2791 мыс және 202 күміс белгіше 2019 жылы берілді. Алғашқы алтын белгіше өткен жылы Алексей Ящукке берілсе, биыл тағы төрт "алтын" қызметкер пайда болады.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items