В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.

null Алексей Ящук: «Мен жұмысымды жақсы көремін»

10.01.2020

Қарау саны: 13

; assetEntryID = 692743

Алексей Ящуктың есімі - компанияның ең танымал есімдердің бірі. Бұрынырақта Бозымшақ фабрикасының директорының, ал қазіргі таңда Ақтоғай КБК өндірістік басқармасы бастығының Топтың үздік қызметкерлері тізімінде болғанына бірінші жыл емес. Ол компания тарихындағы алғашқы алтын белгішенің иегері. Алексейдің айтуынша, ол ешқашан атақ-даңққа ұмтылмаған. Өзінің жұмысын жақсы көреді және әр күнін "Мен нені жақсырақ істей аламын?" деген сауалдан бастайды. Саида Нурова онымен сұхбаттасты.

Имя Алексея Ящука – пожалуй, одно из самых известных в компании. В прошлом директор Бозымчакской фабрики, а ныне начальник производственного управления Актогайского ГОКа не первый год оказывается в списке лучших работников Группы. Он обладатель первого золотого значка признания заслуг в истории компании. Причем, по его собственному признанию, Алексей никогда не стремился к славе. Он просто любит свою работу и каждый свой день начинает с вопроса: «Что я могу сегодня сделать лучше?». Саида Нурова взяла у него интервью.

- Бозымшақтағы әріптестеріңіз әрбір ыңғайлы жағдайда сізге жалынды сәлем жолдап, әрдайым мақтанышпен: "Бұл біздің адам!" деп жатады. Неге Ақтоғайға ауыстыңыз?

- Білесіз бе, Бозымшақта мен алты жыл жұмыс істедім - компанияның қалыптасуы көз алдымда өтті. Бұл керемет командалық жұмыс болды, көптеген драйв болды, өте қызықты кезең. Ілияс Валерьевич, Жайылбек Дадиевич... Қазіргі "Бозымшақты" қалыптастыруға үлес қосқан ақылды және сауатты адамдар көп. Мен бұл іске қатыстым және оны осы уақытқа дейін ерекше жылулықпен және қуанышпен еске аламын. Бұл жерге көшкен себебім – басшылар: "Ақтоғайға бару керек" деді. Құп болады! Айға барып, фабриканы іске қосу керек десе, барамыз да, жасаймыз.

- Сіздің аты-жөніңіз топ-менеджерлерден кейін ең танымал есімдердің бірі шығар. Алғашқы алтын белгішенің иегері де өзіңіз. Мақсатыңыз осы ма еді?

- Жоқ, мен жай ғана жұмыс істеймін және оны өте жақсы көремін. Ал барлығы корпоративтік құндылықтар саласындағы жобалардың тамаша конкурсынан басталды.

- Айтпақшы, бұл идея Бозымшақта идеялармен алмасу клубы аясында пайда болды. Бұл клуб қалай және қашан пайда болды, идеялармен алмасу және оларды талқылау қалай өтті?

- Біз Бозымшаққа кайдзен енгіздік. Бұл үнемді өндіріс. Қазір Ақтоғайда осыны жасаймыз. Қайдзеннің өзі "жанғыру" деп аталды – қырғыз тілінен аударғанда "үнемі жетілу" дегенді білдіреді. Осы клуб аясында біз жиналып, қандай да бір идеяларды талқыладық және оларды жүзеге асырдық. Әрине, біз оны таңдаулы клуб деп атадық. Оған, біріншіден, ойлай білетін адамдар кіреді (бұл әркімнің қолынан келмейді). Екіншіден, олар өндіріс деп лаулап тұрған, бірдеңені жақсарту қызықты, жалпы өмір сүру қызықты жандар. Біз жұмыстан кейін жиналып, шай ішіп, түрлі идеяларды талқыладық. Бұл клубта фабриканың 250-ге жуық қызметкерінен 70 адам тұрды. Клуб жиналысы бөлімшелер бойынша аптасына бір рет сенбі күндері өткізілді. Ал "үлкен клуб " акт залында жиналып, онда қорытынды жасалатын. Мен не істей алғандығымызды, қолымыздан не келмегені туралы есеп беретінмін. Ерік-жігер беретін фильмдерді таңдап, оларды көретін едік. Сондай-ақ, сенбі сайын жиналып, біз Олег Николаевич Бірінші тікелей желіде оқуға кеңес берген «Семь навыков высокоэффективных людей» кітабын талқылауға да көңіл бөлдік. Әр тарауды жеке талдап, презентациялар жасап, талқылап отырдық. Осының бәрі өз бастамамыз еді.

- Өндірісті жақсартуға септігін тигізген неше идея бұл клуб аясында пайда болды?

- Қателесуден қорқамын, бірақ мен кеткен кезде 72 идея жүзеге асырылды. Арысы-берісі бар бес-алты идея. Менің ойымша, мұның барлығы әлі де жалғасуда.  Үш жыл үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Бірінші жыл – әрдайым қиын ғой. Қарсылық бар, адамдар көп нәрсені түсіне бермейді, өзгерістерді қаламайды. Барлық жаңа дүние қарсылыққа тап болады ғой. Содан кейін бірте-бірте түсіністік келді. Еріктілік болды, ешкім ешкімді мәжбүрлемеді.

- Сіз мотивациялық фильмдерді көргеніңіз туралы айттыңыз, бірнеше мысал келтіре кетсеңіз...

- Әрине. Бәрі есімде, біз оларды арнайы таңдадық. "Легенда №17". Керемет фильм. Онда табысты адам өз іс-әрекеттерінде қанашлықты табысты болғаны жақсы көрсетілген. Осының бәрін талқылау өте қызықты болды. Содан кейін "Жаттықтырушы Картер". Болашақта түрмеге  түсуі әбден мүмкін жігіттерден ол табысты адамдарды қалыптастырды. Жалпы алғанда, тиімділігі жоғары адамдардың жеті дағдысы мұнда бар.

 - Ал Ақтоғайда бұл тәсілдерді қолданып жүрсіз бе?

- Иә, әрине, мұнда да осындай клуб құрылды, біз бұл істі бастадық. Айта кетерлігі, Бозымшақта біз фабрика жобалық көрсеткіштерге шыққаннан кейін, яғни, "іске қосу-реттеу қызбасы" аяқталған соң және біз жоспарлы біркелкі жұмысқа енген кезде бастадық. Мұнда да осы кезеңдерден өтіп, осы барлық нәрселерді енгізе бастаймыз. Бірінші жиналыстар, кеңестер, идеялар бар, олар іске асырылуда. Кайдзен жүйесі адамдардың бюджет өндірісіне қатысуы үшін керек. Көтермелеу жүйесі де бар. Ақтоғайда бұл қағидат қайдзен жүйесінсіз де жұмыс істеп тұр.  Адамдар ондаған ұсыныстар берді. Мұнда арнайы инженерлік бөлім бар, ол осы істі пысықтайды. Тек бөлім айтарлықтай тиімді жұмыс істеген жоқ. Қазір оны түзедік.

- Ақтоғайға бейімделу қалай өтті? Бозымшақта көп жылдық жұмыс істеген соң, сіздің әңгімелеріңіз бойынша, ол сіз үшін отбасы сияқты болып кетіпті. Жаныңыздың бір бөлігі сонда қалған тәрізді.

- Сіз Бозымшақ отбасы сияқты деп дұрыс байқадыңыз. Мұнда қиынырақ. Өйткені бұл бірнеше мәдениеттің тоғысқан жері. Адамдар әртүрлі дүниетанымға ие. Аудармашылар арқылы жиі сөйлесуге тура келеді. Кейде аударма мағынаны бұрмалайды. Бұл белгілі бір қиындықтарды туғызады. Бірақ жұмыс жалғасуда. Біз ақырын басып, алға жылжып келеміз. Менің ойымша, бірнеше жылдан кейін мұнда да Бозымшақтағыдай керемет болады.

- Ақтоғайға келген бойда сіз бірден түрлі кәсіби байқауларды белсенді өткізе бастадыңыз. Олардың пайдасы қандай? Жай ғана көңіл көтеру мен қызметкерлерді марапаттау емес шығар?

- Бұл өткен тәжірибеден қалған тәсілдер. Бозымшақта біз дәнекерлеушілерге қатысты проблемаға тап болдық. Олардың сапасыз жұмысына байланысты жабдықтарды жиі тоқтатуға тура келді. Бұл проблеманы былай шештік: үздік дәнекерлеушіні анықтайтын бірнеше конкурс өткіздік, бұл өте жақсы нәтиже берді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, грамоталар, сыйлықтар табыс етілді. Дәнекерлеу жіктерінің проблемасы бір уақытта жойылды. Қалай дейсіз бе? Жеңімпаз енді нашар жұмыс істей алмайды ғой. Ол енді жұлдыз! "Сен неге былай жасадың?" деп бетіне басады ғой. Сол себепті ол өз жұмысын жақсы атқарады. Ал жеңіске жетпегендер өздерінің нашар емес екендіктерін дәлелдегісі келеді.  Сөйтіп, өз жұмысын жақсы орындайды. Психологиялық тұрғыдан бұл өте жақсы әсер берді.

Мұнда біз де үздік флотатор мен үздік қаптаушыны анықтайтын бірнеше конкурс өткіздік. Әртүрлі вахтада төрт сайыс өтті. Қазір ең үздік диірменшіні анықтауға дайындалып жатырмыз. Қандай да бір табысты нәрселер болды, әлі де жұмысты жетілдіруді талап ететін дүниелер де бар. Бірақ ең үздік флотатор байқауы керемет өтті.

- Алдағы уақытта Ақтоғайда қандай жобаларды жүзеге асырмақсыз?

-Біріншіден, бұл тағы да сол бозымшақтық "пит-стоп" бағдарламасы. Біз өз жұмысымызды бейнеге түсіріп, содан кейін оны талдап, жақсарттық. Қазір оны оксидті зауытта және сульфидті фабрикада іске асырып жатырмыз. Ілгерілеу бар. Мысалы, электролиз ванналарын тазалау. Электролизде 108 ванна бар. Олар біртіндеп бұзылып барады. Соның кесірінен пайда болатын шлам мысты ластауы мүмкін. Ал біз 99,99 таза мыс өндіреміз. Ванналарды тазалау керек. Бұрын бұл түнгі ауысымда жасалды және екі ваннаны тазалауға бес сағат кететін. Қазір біз, біріншіден, бұл жұмысты күндізгі ауысымда ауыстырдық, екіншіден, пит-стоп түсіреміз. Бізде go-pro камералары бар, орнатамыз, түсіреміз, талдаймыз, хронометражды аламыз. Қазір біз төрт ваннаны бес жарым сағатта тазалаймыз. Жұмыс екі есе дерлік үдеді.

Жалпы, оксидті зауыттағы ұжым нағыз команда екенін атап өткім келеді. Онда өте жақсы, сауатты, бастамашыл адамдар – механиктер, электриктер, технологтар жұмыс істейді. Олар кез-келген міндеттерді орындайды. Пит-стоп жобасы мұны өте жақсы көрсетті.

- Корпоративтік құндылықтар саласындағы жобалар конкурсына қатысуды жалғастырасыз ба?

- Мен білмеймін. Біз көптеген жобалар жасаймыз, соның ішінде пит-стоп та бар. Мысалы, "Үздіктерден үйренеміз" жобасын алайық. Өткен жылы мен осында келгенімде жазатайым оқиға болды: флотатор баспалдақтан түсіп келе жатқанда, өкше сүйегін сындырды. Бұл қауіпсіздік техникасындағы жағдайдың өзгергенін  көрсетті. Оның үстіне бізде Goal Zero жобасы бар. Мен өте қарапайым нәрсе жасадым: ҚТ мамандарына барып, қауіпсіздік техникасы бойынша кім үздік екенін, қандай бөлімше үздік екенін сұрадым. Бұл MMA екен. Онда Клемент Тернер бар. Оған бардым. Ол бұл бастаманы қуана және ынталана қабылдады. Барлығын көрсетті, айтты, үйретті. Мен оған жиі бардым, ол маған жиі келетін. Міне, осындай тәжірибені біз енгізе бастадық. Бұл, әрине, нәтиже береді.

Сонымен қатар, дағдыларды жақсарту, көтермелеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргіземіз. Бір жыл ішінде әріптестерім үш жүзге жуық мыс белгіше алды. Мұнда сауатты, бастамашыл, өндіріс деп лаулап тұрған қызметкерлер көп.

Біздің командамыз керемет. Мол тәжірибені еңсерген кәсіпқойлар бар, біз бірге қозғаламыз және ойымыз бір жерден шығады. Джон Митчеллде (мен оны "ата" деп атаймын) тәжірибе өте көп. Жасы 64-те, оның 40 жылын өндірісте өткізген. Оның білмейтіні жоқ шығар. Мақсат Кенжебаевты, яғни, тамаша білімі бар, сауатты, адамдармен жұмыс істей білетін адамды ерекше атап өткім келеді. Берік Шығырбаев та өте сауатты адам. Жалпы, тамаша адамдар жұмыс істейді. Ұжым да керемет. Мұндай жұмыстан ләззат аласы.

- Жыл сайын жұмыс істейтін және өз жұмысын жақсы орындайтын, бірақ бастамашыл емес адамдарға не айтар едіңіз? Олар енжар емес, оларға бұл бастамалар ешкімге қажет емес деп көрінеді

- Өте қызықты сәттердің бірі-адамдардың жұмысын бағалау. Егер адам жұмыс істесе, кем дегенде мақтап, "жақсы жұмыс істедің" деп айт. Әрине, бірдеңе дұрыс жасалмаған жағдайда, түсіндіру керек, бірақ, міндеттен тыс орындалған жағдайда әрқашан көтермелеу керек. Мен мысал келтіре аламын.

Өткен жылдың соңында маған инженерлік бөлім берілді. Оның жұмысы тиімсіз деп танылды, бұрынғы басшылары жұмыстан кетіп, бөлім басшысыз қалды. Талдау жасасақ, бойынша бюджеттің 60%-ы 20% жұмысқа кеткен екен.

Мұндай көрсеткіштері бар бөлім маған берілді. Айта кету керек, онда тамаша адамдар, тамаша дайындығы бар керемет инженерлер жұмыс істейді. Инженер-құрылысшылар Денис және Николай-нағыз кәсіби мамандар. Жобалаушылар, механиктер, электриктер-өз орнындағы адамдар, олар қалай жұмыс істеу керектігін біледі және істей алады. Тек шамалы көмектесу керек болды. Біз не істедік? Бөлім жұмыс істеуі үшін құрылымды өзгерттік. Негізгі құжаттарды - бөлім туралы ережені, процедураларды, өтінімдерді қабылдау және қарау процессін, яғни бүкіл бизнес-процесс жасалды. Қазір бөлімнің өнімділігі екі есеге өсті. Маңызды бағыттардың бірі-жұмысты жақсарту бойынша түрлі бөлімшелер қызметкерлерінің ұсыныстарын өңдеу. Біреулерде идея пайда болады, ал оны қалай іске асыру керектігін білмейді, мәнін баяндайды. Осы кезде инженерлер іске кіріседі.

Мәселен, өткен жылы олар айына он жобаны орындап, инженерлік сүйемелдеуді жүзеге асырды. Қазір бұл көрсеткіш - жиырма. Біз "жиырма" санын айтқан кезде, ол сәл түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ – бұл жобалық, инженерлік тұрғыдан орындалған және бастамашыға іске асыру үшін берілген жиырма идея. Олар жақсы үнемдеу әкеледі, тиімділікті арттырады.

Мұндай жобаның мысалы-инженер-релеші Бейбарыстың идеясы. Ол келіп: "бізде кернеуге қатысты проблема бар. Өткен жылы осының кесірінен тоқтау 90 сағатты құрады" деді. Бұл өте көп! Бір сағат тұрып қалу - 100 мың доллар ысырап. "Бізде барлық қажетті жабдықтар бар, яғни, оны сатып алудың қажеті жоқ. Тек реттеу керек. Менің қолымнан келеді. Электр энергиясын жеткізушілермен келіссөздер жүргізу қажет" дейді Бейбарыс. Жалпы, барлығы оңай және жеңіл болып шықты: отырдық, талқыладық, бас директорға барып, ұсындық. Жоба іске асты. Бұл инженерлік бөлімнің жұмысының нәтижесі. Мұндай мысалдар көп.

Ал басқаларға қандай кеңес беруге болады? Жұмысқа келгенде, өзіңізге "Мен бүгін нені жақсырақ істей аламын?" деген қарапайым сұрақ қойыңыз. Мен күн сайын шамамен 20% уақытымды осы ойға арнаймын.

- Сіздің ұраныңыз "Жетілудің шегі жоқ" сияқты?

- Менің ұраным: "Тыныш жүрсең, ұзақ жүресің" (күледі). Асығып, аптығудың қажеті жоқ. Егер асықсаңыз, артық қыламын деп тыртық қыласыз. Сонымен қатар, бір адам бәрін өзгерте алмайды. Ауыртпалықта көмек беретін сауатты адамдар қажет. Мұндай адамдар көп, оларды жігерлендіру керек.

- Ақтоғай мен Бозымшақтан басқа қайда жұмыс істедіңіз?

- Мен Өзбекстандағы Науаи тау-кен-металлургиялық комбинатында жұмыс істедім. Ол жерде аппаратшы-гидрометаллургтан басшының өндіріс жөніндегі орынбасарына дейін көтерілдім. Ол кезде жасым жиырма бесте. Керемет адамдармен, кәсіби мамандарымен қатар еңбек еттім. Бұл қатал адамдар көп нәрсеге үйретті.

Содан кейін бір жыл Өзбекстанның Зарафшан қаласындағы №2 гидрометаллургия зауытында жұмыс істедім. Бұл алтын кендерін өңдеу бойынша әлемдегі ең ірі зауыт. Өңдеу жылына - 32 млн тонна кен, өндірісі жылына 54-56 тонна алтын. Үлкен өндіріс. Фосфориттер кен орнында, тәуелсіздік жылдары салынған республикадағы алғашқы фабрикада жұмыс істедім. Оған министрлер жиі келетін, президент те келді. Барлығы бұл өндіріске қарап, бой түзейтін.

Заполярьеде, Коль түбегінде жұмыс істедім. Африкада алтын өндірдім. Бірінші алтын 22,7 карат, 950 сынама – элювиальды, яғни шашылған алтын. Біз алған алғашқы құйманың салмағы 4,5 килограмм. Бұл өте қызықты жұмыс, мұндай алтын өндіру – нағыз шытырман оқиға.

- Ал сіздің Отаныңыз қайда? Қазір қайда тұрасыз?

- Менің Отаным-Өзбекстан. Қазір Ресей азаматымын. Ал, қазір отбасыммен Алматыда тұрамын. Өйткені жұмыс кестесіне орай үйге барып үлгермеймін. Себебі, мен он күн жұмыс істеймін, төрт күн демаламын.

- Сіз әлеуметтік желілерде өте белсендісіз. Бірақ өз отбасыңыздың, балалардың суреттерін жарияламайсыз. Табиғат, пейзаждар, қызықты суреттер бар. Бұл хоббиіңіз деуге бола ма?

- Мен барлық әдемі дүниені ұнатамын. Адам көркем нәрселерге ұмтылуы керек деп ойлаймын.  Егер сұлулықты көрсем, суретке түсіруге және бөлісуге тырысамын. Өндірістен фотосуреттерді жиі орналастырамын: біреуді мадақтау, марапаттау, ұжым өміріндегі маңызды оқиғалар. Ақтоғай өзі де қызықты, түрлі жақтардан ашылады. Өте әдемі жерлер.

- Сіздің жұмысыңызға үлкен ықыласпен – хобби ретінде қарайсыз. Басқа қызығатын дүниеңіз бар ма?

- Мен өз жұмысымды жақсы көремін, одан үлкен рахат аламын. Бірақ менің ең үлкен қызығушылығым, құндылығым – бұл отбасым. Үлкен ұлым 20 жаста, орта ұл - сегізде, қызым - екі жарымда. Менің отбасым - бақытым.

- Үлкен ұлыңыз кәсіби білім алып жатыр ма? Ізіңізді қуып келе ме?

- Ол электрик мамандығын меңгеруде. Мен оның өмірінің қалай қалыптасатынын білмеймін, ол көп қырлы ғой. Онда бәрі болуы мүмкін. Сондықтан білім алады, ол жолын таңдау үшін қандай да бір негіз, іргетасты мен де қаладым деп үміттенемін. Арғы жағын өзі көре жатар.

- Мұндай кестеде жұмыс істеу қиын емес пе? Отбасыңызбен көп уақыт өткізе алмайсыз ғой.

-Егер сен бірдеңе түсінбесең, мүмкін, бағаламайсың, онда сені бағалауға мәжбүр ететін оқиғалар орын алады. Мүмкін, мен ертеректе отбасыма аз уақыт бөлдім, достарыммен тауға, балық аулауға, тағы бір жерге кетіп қалдым. Ал қазір мұны істей алмайсың. Себебі, уақыт аз. Оны тек отбасыммен өткізу керек.

- Ал мұнда, Ақтоғайда бос уақытты қалай өткізесіз?

- Шынымды айтсам, мен ұйықтаймын.

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items