В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null АӨК үшсайысы

21.06.2017

Қарау саны: 66

; assetEntryID = 702671

Усть-Таловка кентінің "Жұлдыз" ДСК Артемьев өндірістік кешені қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстар өтті. Жарыс ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналды. 

Спорттық сайыстарға Артемьев шахтасының, Николаев кен байыту фабрикасының, Сервистік өндіріс кешенінің 50-ге жуық қызметкері қатысты.  Қатысушылар жеңіл атлетика, гір спорты және армрестлинг сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. 

Мұндай күрделі жарыстарға жауырыны жалпақ жігіттермен қатар, нәзік жанды арулар да қатысты.  Мәселен, Надежда Кожевникованың армрестлингтегі жеңісін жанкүйерлер ерекше қарсы алды. Жеңіл атлетика мен қол күресінен бірінші орындарды Николаев кен байыту фабрикасының спортшылары жеңіп алды. Екінші орында - СӨК. Ал гір спортынан Артемьев шахтасы алдына жан салмады. 

Алексей Бердниковтың қосқан үлесін ерекше атап өту керек. Ол салмағы 24 кг гір тасын екі қолмен 40 рет серпе көтерсе, жұлқа көтеру көрсеткіші 100 ретке тең. 

«Мен өмір бойы спортпен айналысып келемін. Үнемі шынығуға тырысамын. Ауданның намысын қорғап талай жарыстарға да бардым. Өскемен қаласында өтетін Халық спорты ойындарына да қатысып, сол жерде гір спортынан бірінші разрядты орындап шықтым», - дейді АӨК сараптамалық бағалау бөлімінің инженер маманы Алексей Бердников.

Жеңіл атлетикадан Елена Адонина мен Константин Шваб жүлделі болды. Сонымен қатар Александр Точилов, Ерлан Сембаев, Александр Рязанцев өздерінің жетістіктерімен көрермендерді таң қалдырды.

Бұл жарыстар нағыз көңілді эстафетадай болды. Себебі бүкіл сайыс бойы адамдар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Қатысушылар кәсіподақ ұйымдары мен Жастар одағы атынан сыйлықтармен марапатталды. 

Константин Докучаев, АӨК

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items