В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 5 қазандағы металдар нарығы

05.10.2017

Қарау саны: 24

; assetEntryID = 700175

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владимир Одинцов дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $6455,0-дан $6453,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 295,5 мың тоннадан 298,5  мың тоннаға дейін артты.

Мыстың LME биржасындағы бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $5666,2, қаңтарда - $5737,4, ақпанда - $5941,5, наурызда – $5821,5, сәуірде - $5697,6, мамырда - $5587,8, маусымда - $5699,4, шілдеде - $5978,6, тамызда - $6478,1, қыркүйек айының өткен күндерінде $6618,1-ды  құрады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $7569,1 деңгейінде қалды.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 141,3 мың тоннадан 103,1 мың тоннаға дейін азайды.

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $3235,5-дан 3370,0-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 253,2 мың тоннадан 251,7 мың тоннаға дейін азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $2671,7, қаңтарда - $2713,0, ақпанда - $2848,4, наурызда – $2781,7, сәуірде - $2633,0, мамырда -  $2589,3, маусымда - $2571,0,  шілдеде - $2785,1, тамызда - $2981,8, қыркүйек айының өткен күндерінде $3107,5-ды  құрады.   

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға юаньнен аударғанда бір тоннасы $3916,0 деңгейінде қалды.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 67,2 мың тоннадан 64,5 мың тоннаға дейін азайды.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1270,7-дан $1275,5-ға дейін, ал күміс $16,61-дан $16,82-ға  дейін қымбаттады.

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін бағасы $1271,5-дан $1273,7-ға дейін қымбаттаса, ал күмістің бағасы $16,58-дан $16,56-ға дейін арзандады.

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items