В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 28 қарашадағы металдар нарығы

28.11.2016

Қарау саны: 34

; assetEntryID = 712029

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5834,5-дан $5822,5-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 235,8 мың тоннадан 237,2 мың тоннаға дейін артты.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, орта есеппен қараша айының өткен күндерінде $5384,1 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тонна үшін $5745,2-дан $5879,7-ға дейін қымбаттады. 

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $6892,7-дан $6950,1-ға дейін қымбаттады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 134,5  мың тоннадан 144,0 мың тоннаға дейін артты.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 25 қарашада мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йорк пен Шанхайда қымбаттаумен, ал Лондонда арзандаумен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2693,0-дан  $2527,9 -ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 443,2 мың тоннадан  446,8  мың тоннаға дейін артты. 

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, орта есеппен қараша айының өткен күндерінде $2527,9 құрады.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $3247,1-дан $3301,7-ға дейін қымбаттады. 

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін  қоймадағы мырыш қоры 157,9 мың тоннадан 151,9 мың тоннаға дейін азайды.

25 қарашада биржа саудалары Лондонда арзандап, Шанхайда қымбаттады.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынға кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1186,1-дан $1187,70-ға дейін, күміс $16,31-дан $16,48-ға дейін қымбаттады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1189,1-дан $1178,2-ға дейін арзандаса, күміс $16,38-дан $16,48-ға дейін қымбаттады

25 қарашада алтынның бағасы Лондонда  қымбаттап, Нью-Йоркте арзандады.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items