В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 2017 жылдың үздік жобасы

08.11.2017

Қарау саны: 45

; assetEntryID = 699326

Корпоративтік құндылықтар саласындағы «2017 жылдың үздік жобасы» конкурсы қорытындыланды. Конкурсқа корпоративтік құндылықтарға сәйкес компания мен оның іс-қызметін дамытуға және жақсартуға бағытталған жеке және топтық 25 жоба қатысты.

Тау-кен ісі, минералды ресурстарды басқару, кен байыту өндірісі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қызметкерлерді басқару, бизнесті дамыту және корпоративтік коммуникациялар саласындағы сарапшылардан құралған қазылар алқасы конкурс жеңімпаздарын келесі талаптар бойынша анықтады: корпоративтік құндылықтарға сәйкестік, бастамашылдық, түпнұсқалық және компания үшін қолданбалы маңыздылығы. Топтың бас операциялық директоры Марк Андерсон қазылар алқасының төрағасы болды.

Жеңімпаз жобалар:

1-орын – «КАЗ Минералз Бозымшақ» ЖШҚ-да парамедиктер тобын құру». Топтың қатардағы қызметкерлерінің бірқатары өндірісте, өндірістен тыс жердегі түрлі жағдайларда немесе жазатайым оқиғаларда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, оларға жедел алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі арнайы оқытудан өтті.

2-орын – бұл жоба да Қырғызстаннан келді. «Оркундотуу» клубы». Бұл компанияның жұмысына белсенді араласып, өздерінің әлеуетін жүзеге асыруға тырысқан ниеттес адамдардың клубы. Айталық, клуб мүшелері жұмыс аймағын жақсарту жөніндегі 56 жобаны жасап, іске асырды.

3-орын – «Тау-кен шеберлері мен учаске бастықтарын оқыту бағдарламасы» (Шығыстүстімет). Қызметкерлерді басқару департаментінің мамандары тау-кен шеберлері мен учаске бастықтарының кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында оқытудың ауқымды бағдарламасын әзірледі. Нәтижесінде 200-ден астам әріптестеріміз оқытудан өтті. Аталған бағдарлама тек жеке ресурстардың көмегімен іске асырылды.

Қазылар алқасы мына жобаларды арнайы сыйлықтармен марапаттауды жөн көрді:

• «Карьердің көшпелі ауыстырғыштарына жылтылдатқыштары орнату» жобасы (Ақтоғай)

• «Резеңке-металл қаптамасын қолдануды енгізу» жобасы (Шығыстүстімет)

Үздік сегіз жобаның қатарына кірген жалғыз жеке жоба - «Жауапкершілік айнасының» авторы Нәзия Смелянец Бас операциялық директордың алғыс хатымен марапатталады.

Барлық жеңімпаздар Атқарушы комитет пен Топ басшылығының қатысуымен өтетін Алматы қаласындағы марапаттау салтанатына шақырылады. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес конкурстың жүлдегерлері оқыту және ойын-сауық бағдарламаларына қатысатын болады. Сондай-ақ, оларға жетістіктерін тану белгішелері тапсырылады:

1 орын – 5 белгіше

2 орын – 4 белгіше

3 орын – 3 белгіше

Ал конкурстың барлық қатысушылары бір-бір белгішені иеленеді.

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items