В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 20 желтоқсандағы металдар нарығы

20.12.2016

Қарау саны: 17

; assetEntryID = 711715

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5649,0-дан $5561,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 307,0 мың тоннадан 345,4 мың тоннаға дейін артты.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, қарашада - $5384,1, орта есеппен желтоқсан айының өткен күндерінде $5764,0 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тонна үшін $5646,0-дан $5503,8-ға дейін арзандады. 

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 19 желтоқсанда мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йорк пен Лондонда арзандаумен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2725,0-дан $2632,0 -ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 430,9 мың тоннадан 421,6 мың тоннаға дейін азайды. 

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, қарашада - $2527,9, орта есеппен желтоқсан айының өткен күндерінде $2723,6 құрады.       

19 желтоқсанда биржа саудалары Лондонда арзандады.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынға кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде бір унциясы үшін $1131,60-дан $1136,25-ға дейін қымбаттап, күміс $16,05-дан $16,0-ға дейін арзандады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік алтын келісімдері New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде баға троялық унция үшін $1135,3-дан$1140,5-ға дейін қымбаттап, күміс $16,15-дан $16,02-ға дейін арзандады.

19 желтоқсанда алтынның бағасы Лондон мен Нью-Йоркте қымбаттап, күміс арзандады.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items