В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null 16 сәуірдегі металдар нарығы

16.04.2018

Қарау саны: 143

; assetEntryID = 696916

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владимир Одинцов дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы (cash seller & settlement) $6756,0-дан $6830,0-ға дейін қымбаттады.

Соңғы сауда күні LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда мыстың қоры 362,0 мың тоннадан 357,0 мың тоннаға дейін азайды. 

Мыстың LME биржасындағы орташа бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $5666,2, 2017 жылдың қаңтар айында $5737,4, ақпанда - $5941,5, наурызда – $5821,5, сәуірде - $5697,6, мамырда - $5587,8, маусымда - $5699,4, шілдеде - $5978,6, тамызда - $6478,1, қыркүйекте - $6583,1, қазанда – $6797,1, қарашада – $6825,5, желтоқсанда – $6801,1, 2018 жылдың қаңтар айында – $7080,3, ақпанда – $7001,8, наурызда - $6795,7, сәуір айының өткен күндерінде $6780,2-ды құрады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $8143,1-дан $8044,8-ға дейін арзандады.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 138,5 мың тоннадан 146,6  мың тоннаға дейін артты.

 

    МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы (cash seller & settlement) тоннасына $3115,0-дан $3121,0-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 196,4 мың тоннадан 194,6 мың тоннаға дейін азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $2671,7, 2017 жылдың қаңтар айында $2713,0, ақпанда - $2848,4, наурызда – $2781,7, сәуірде - $2633,0, мамырда -  $2589,3, маусымда - $2571,0,  шілдеде - $2785,1, тамызда - $2981,8, қыркүйекте - $3119,7, қазанда - $3271,7, қарашада – $3236,1, желтоқсанда – $3174,5, 2018 жылдың қаңтар айында – $3447,2, ақпанда – $3539,7, наурызда  - $3280,4, ал сәуір айының өткен күндерінде  $3213,1-ды құрады.   

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға юаньнен аударғанда бір тоннасына $3924,3-дан $3780,4-ға дейін арзандады.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 44,4 мың тоннадан 41,6 мың тоннаға дейін азайды.

      АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1345,9-дан $1340,7-ға дейін, күмістің бағасы $16,65-дан $16,50-ға дейін арзандады

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін бағасы $1351,2-дан $1335,9-ға дейін арзандаса, күмістің бағасы $16,61-дан $16,63-ға дейін қымбаттады.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items